Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар Етті-майлы ордабасы тұқымын өсірудің және қозы етін өндірудің жаңа технологиясы

Етті-майлы ордабасы тұқымын өсірудің және қозы етін өндірудің жаңа технологиясы

Оңтүстік Қазақстан облыстық өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен етті-майлы ордабасы тұқымын өсірудің және қозы етін өндірудің озық технологияларына арналған баспасөз-конференциясында спикерлер Қазақстанда етті-майлы қой шаруашылығын тұрақты дамытудың басты бағыттары бойынша алдыңғы қатарлы тәжірибелерімен бөлісті.

Ғылым мен өндірістің тікелей бірігу негізінде 1992-2013 жылдарда жүргізілген ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижесінде экологиялық таза, аса сапалы қозы етін өндіруге мүмкіндік беретін, әлемдік тұқымдармен салыстырғанда, Қазақстанда дәстүрлі жайылымда бағу әдісімен қой өсірудің тиімділігін қамтамасыз ететін, бәсекеге қабілетті жаңа, бірегей Ордабасы қой тұқымы шығарылды.

Отандық – қазақтың қылшық жүнді құйрықты қойы мен еділбай тұқымы және шетелдік – гиссар тұқымы тектік қоры негізінде ордабасы қой тұқымын шығарудың үздік жаңа технологиясы жасалынды. Технология кешенді келесі ғылыми-зерттеу жұмыстарынан тұрады: зерттеу бағытын таңдау; бастапқы тұқымдардың жоғары тірілей салмақ, тезжетілгіштік және бейімделушілік қасиеттерін ұтымды ұштастырған бағалы генотиптерді алудың әдістемелерін теориялық негіздеу; генетикалық әлеуеті жоғары жаңа генотиптерді көбейтудің әдістемесін жасау және олардың қасиеттерін келесі ізбасылық ұрпақтарда бекіту.

Қазіргі таңда Ордабасы қой тұқымы ауылшаруашылық өндірісіне кеңінен ендірілген, оның жалпы саны 75 мың бастан, ал таза тұқымдыларының саны 36,0 мың бастан асады.
Жаңа қой тұқымының ерекшелігі тірілей салмағының жоғарлылығы (аналықтар 72,0-85,0 кг және қошқарлар 103,5-123,0 кг) жастөлдердің тез өсімділігі (4 айлық еркек қозылар етке өткізуде 42-45 кг салмақ тартып, сойыс шығымдылығы 52% құрайды) және дәстүрлі жайылымда бағу жағдайында, етті және етті-майлы бағыттағы әлемдік қой тұқымдарымен бәсекелестігі.

Қой және қозы етін өндірудің тиімділігі орта есеппен 88,5%-ды құрайды.
Жаңа тұқымның 12 385 асылтұқымды мал басы 125 шаруашылық жүргізу субъектілеріне сатылды және Қазақстанның әртүрлі аймақтарында ойдағыдай өсірілуде.

Анықтама:
Қазіргі таңда Қазақстан Республикасы бірегей тезжетілуші Ордабасы тұқымының жалғыз иесі және қой шаруашылығында бұл тұқымның асыл тұқымды мал өнімінің таратушысы болып келеді. Ордабасы тұқымын өсіру бойынша асыл тұқымды репродукторы «Сералы» шаруа қожалығы Қазақстанның әртүрлі аймақтарына жыл сайын 1000 бас асыл тұқымды малды таратады.

ҚР АШМ Баспасөз қызметі
+7 (7172) 555-765
minagripress@gmail.com

 

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus