Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар Атырау облысының эпизоотиялық ахуалы бақылауда

Атырау облысының эпизоотиялық ахуалы бақылауда

Қазіргі таңда, нодулярлы дерматитпен (тораптық дерматит) күресуге симптоматикалық емдеуге арналған ветеринариялық препараттарды алуға және дезинфекицялық жұмысқа жергілікті атқарушы органның есебінен 1 930,0 мың теңге бөлінді.

Симптоматикалық емдеу жүргізілгеннен кейін малдың сауығуы белгіленді.

Облыс бойынша 384 бас ірі қара малы сауығып кетті, ал 1 611 бас ірі қара емделуде.

Ошақта алдын алу шаралары жүргізілуде, ауру малдар оқшауланып, симптоматикалық емдеу, дезинфекциялық және дезинсекциялық жұмыстар жүргізілуде.

Сынамалар алынып, «Ветеринариядағы ұлттық референттік орталық» РМК және «Қазақ ғылыми-зерттеу ветеринариялық институт» ЖШС зерттелінуде, сонымен қатар, ФГБУ «ВНИИЗЖ» РФ. Халықаралық эпизоотиялық бюроның референттік зертханасына жіберілді.

Аталған ауру Қазақстан аумағында осыған дейін тіркелмеген экзотикалық ауру. Осыған орай ҚР АШМ аса қауіпті аурулар тізіміне қосуын қарастыруда. Тізімге қосылған кезде «тораптық дерматит» ауруына шалдыққан малдың иелеріне өтемақы беру мүмкіндігі туады.

Бұдан алдын, «нодулярлы дерматит» ауруы Ресей Федерациясында ү.ж. мамырда тіркелген.

Оған қоса, 2016 жылы 27 шілдеде Атырау облысы әкімінің шешімімен аудандарға мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бас инспектордың қатысуымен карантин жүргізілді.

«Тораптық дерматит» ауруы адамдарға жұқпайтынын ескертеміз.

«Республикалық эпизоотияға қарсы отряд» РММ күшімен дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде.

Эпизоотиялық ахуал Атырау облысының ветеринариялық қызметтің үнемі бақылауында.

ҚР АШМ Баспасөз қызметі
+7 (7172) 555-765
minagripress@gmail.com

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus