Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
You here:  Main News of ACC (KZ) Ресейге 224 тонна мәрмәр ет жеткізілді

(KZ) Ресейге 224 тонна мәрмәр ет жеткізілді

Щучье қаласындағы «Kazbeef LTD» жауапкер­шілігі шектеулі серіктесті­гі­нің заманауи ет комби­наты Ресейге мәрмәр ет жеткізу ісін табысты жал­ғастыруда. Бұл жерде тәулігіне 35 бас Герефорд және Ангус асылтұқымды сиырлары қасапханадан өтеді. Жоғары сапалы өнім вакумдық қаптамада, еуропалық стандарт бойынша тереңдетілген әдіспен өңделеді. Кәсіпорын өткен жылы көршілес елге 224 мың тон­на өнімді экспорттады. Сондай-ақ, мәрмәр етке Астана және Алматы қалаларында да сұраныс жоғары. Осыған байланыс­ты ет комбинаты биыл 1800 тонна мәрмәр ет өңдеуді жоспарлап отыр. Жалпы, «Kazbeef LTD» компаниясы 2010 жылдан бері еттік бағыттағы Ангус және Герефорд асылтұқымды малын өсі­румен айналысып келе­ді. Компания осыдан 4 жыл бұрын АҚШ-тан 2000 бас асылтұқымды мал әкелген болатын. Бү­гінде бордақылау алаңын­дағы ірі қараның саны 12 мыңға жетіп отыр. Сондай-ақ, «Kazbeef LTD» серіктестігінің Ақ­мола облысының Зе­рен­ді (Пухальск) жә­не Еңбекшілдер (Ма­май) аудандарында мамандандырылған екі шаруашылығы бар. Бұл болашаққа биік жоспарлар құруға мүмкіндік береді. Бақберген АМАЛБЕК, «Егемен Қазақстан». Ақмола облысы, Бурабай ауданы.

http://egemen.kz/

Leave a comment

Your email address will not be published Required fields are marked *

*

Система Orphus