Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
You here:  Main News of ACC (KZ) ҚР АШМ қоғамдағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруды қолға алмақ

(KZ) ҚР АШМ қоғамдағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруды қолға алмақ

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі және «Жаңару» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпы ұлттық қозғалысы» Республикалық қоғамдық бірлестігі ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Меморандум шеңберінде тараптар сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәселелерді нығайту, қоғамдағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жөнінде өзара келісті.

Оралбай Әбдікәрімов, «Жаңару» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпы ұлттық қозғалысының төрағасы:
– Біз жыл басынан бастап бірнеше министрліктер мен Ұлттық компанияларға хат жазғанбыз. Біздің хатқа біріншілердің бірі болып шын ниетімен жауап қатып, жемқорлыққа қарсы күресте бізге көмек береміз деген ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі болып отыр. Енді алдағы уақытта қазір жасалып жатқан жұмыстарға бақылау жасап, осал тұстарын қолға алуға қатысты ұсыныстар беретін боламыз. Біздің мақсат Елбасының жемқорлықпен күрес жөніндегі бастамаларын қолдау және нақты жүйе құру болып табылады, – деді.

Қазіргі таңда ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі 2015-2025 жылдарға арналған ҚР жемқорлыққа қарсы стратегиясын жүзеге асыруда.

ҚР АШМ баспасөз қызметінің хабарлауы бойынша бүгінгі күні министрлік сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша ішкі жоспарын бекітті. ҚР Бас прокуратурасымен бірлесіп өткізген аудиттің қорытындысы бойынша ең кең таралған бұзушылық қатарына жергілікті атқарушы органдарымен әкімшілік ететін бағдарламалар бойынша ауыл шаруашылығы субсидияларын негізсіз беру және бермеу фактілері орын алғандығы анықталған болатын. Қазіргі уақытта сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу мақсатында ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін субсидиялау механизмі әзірленіп енгізілуде, мемлекеттік қызмет реестріне субсидияларды қосу қарастырылып отыр. «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ қаржылық институттарына түсетін несиелік өтінімдерді рәсімдеу және мемлекеттік дотацияларды беру үрдісін автоматтау жоспарлануда. Жеке және коммуналды базарлар қызметінде әкімшілік тосқауылдарды шектеу бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Министрлікпен 2013-2014 жылдары ҚР АШМ-нің орталық және бағынысты ұйымдардың қызметкерлерімен жасалынған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылыққа талдау жүргізілді. Осы уақыт аралығында тәртіптік және қылмыстық жауапкершілікке тартылған адамдардың атаулы тізімі жасалынды, 2014 жылы ең көп сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылыққа жол берген облыстық аумақтық инспекция басшыларын тәртіптік жауапкершілікке тарту бойынша шаралар қабылдануда.

Сонымен бірге, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактілер бойынша барлық ақпарат тоқсан сайын Министрлікпен барлық аумақтық және бағынысты ұйымдарға мағлұмат ретінде жолданады.

Қабылданған шаралардың арқасында 2014 жылы (17 адам) қылмыстық жауапкершілікке тартылған қызметкерлердің саны 2013 (31 адам) жылмен салыстырғанда 45%-ға төмендеген.

http://baq.kz/

Leave a comment

Your email address will not be published Required fields are marked *

*

Система Orphus