Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
You here:  Main Video (KZ) Нан бағасын тұрақтандыруға бюджеттен қосымша қаражат қарастырылады

(KZ) Нан бағасын тұрақтандыруға бюджеттен қосымша қаражат қарастырылады

Батыс Қазақстан облысында азық-түлік тауарларының тұрақтандыру қорын молайту мақсатында 274 миллион теңге қаржы бөлінді. Қазір осы қаржы есебінен өсімдік майы, күріш, жуа және картоп секілді бірінші кезекте тұтынуға жатқызылатын өнімдер сатып алынған. Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және өңірде нан бағасын тұрақтандыруға республика бюджетінен қосымша тағы 251 миллион қарастырылмақ. Ауыл шаруашылығы өнімдерінің бағасын арзандату мақсатында ұйымдастырылған азық-түлік жәрмеңкелері көкөніс пен ет өнімдерінің бағасын 15 пайызға дейін арзандатуға мүмкіндік жасады. Осы саладағы тағы бір маңызды қадам ауыл шаруашылығы өнімдерін өткізу үшін қаладағы сауда орындарының тегін ұсынылуы болып отыр. Әділ Жоламанов, БҚО ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары -Бұдан ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер, шаруа қожалықтары ұтады. Олар өз өнімдерін еркін сата алады. Сосын жергілікті халық қолжетімді бағамен етті делдалсыз ала алады.

www.khabar.kz

Leave a comment

Your email address will not be published Required fields are marked *

*

Система Orphus