Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
You here:  Main News of ACC (KZ) Астанада жемқорлықпен күреске бағытталған меморандум бекітілді

(KZ) Астанада жемқорлықпен күреске бағытталған меморандум бекітілді

Астанада ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі мен «ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» РҚБ арасында жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөнінде өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Меморандум аясында тараптар сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелерінде күш біріктіріп, бірлесе әрекет етуге келісті. Бұл туралы меморандум бекіту барысында «ЖАҢАРУ» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс » республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Оралбай Әбдікәрімов мәлім етті, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.
«Біздің бірлестіктің мақсаты, ең алдымен, Президенттің сыбайлас жемқорлықты еңсеру бойынша бастамасын қолдау болып табылады. Бұл ең маңызды міндеттердің бірі. Елбасы жемқорлық дертіне қарсы күреске тек органдарды ғана емес, қоғамның өзін де қатысуға үндейді», – деп нақтылады ол.

Әбдікәрімовтің айтуынша, меморандум аясында тараптар жемқорлықтың тамырына балта шабу ісінде күш біріктіріп, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыруда бірлесе әрекет етуге уағдаласқан.

Қазіргі таңда министрлік 2015-2025 жылдарға арналған ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын жүзеге асыруда. Жемқорлықпен күрес жөнінде ішкі жоспар да бекітілді.

Ведомствоның мәліметінше, бас прокуратурамен бірлесіп жүргізілген аудит нәтижесі ең көп заң бұзушылықтар жергілікті атқарушы органдар әкімшілік ететін бағдарламалар бойынша ауыл шаруашылығы субсидияларын беруде тіркелетінін көрсетті.

Сол себепті ауыл шаруашылығы өндірушілерін субсидиялаудың жаңа тетігі енгізілуде, субсидияларды мемлекеттік қызмет реестріне енгізу қарастырылып жатыр.

http://bnews.kz/

Leave a comment

Your email address will not be published Required fields are marked *

*

Система Orphus