Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
You here:  Main News of ACC (KZ) Жергілікті билік жер салығын он есеге көтере алады – Мамытбеков

(KZ) Жергілікті билік жер салығын он есеге көтере алады – Мамытбеков

Жер салығы көбейеді. Алайда басқа салықтарды қысқартудың арқасында салықтың жалпы көлемі сол күйінде қалады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбековке сілтеме жасап.
Оның сөзіне қарағанда, бүгінде ауыл шаруашылығына арналған жерлерді тиімсіз игеру мәселесі бар. Ал оны түгендеу сияқты әкімшілік шаралар қажетті нәтиже бермей отыр. “Сондықтан жер салығын арттыру ұсынылды. Алайда кейбір салықтар қысқартылады, тағы бірқатарын біз мүлдем алып тастаймыз. Осының арқасында жалпы салықтың көлемі өзгермейді. Әділ жұмыс істейтін шаруаларға көп салмақ түспейді. Ал жерлерді тиімсіз игеріп отырған компанияларға қиындау болады. Оларға өз жерлерін мемлекетке қайтаруға немесе басқа біреумен бірлесіп жұмыс істеуге тура келеді. Оған қоса, жергілікті билік органдары игерілмей жатқан жерлердің салығын он есе көбейте алады. Оларға сондай құзірет беру ұсынылып отыр. Осылайша, ауыл шаруашылығына арналған жерлерді пайдаланудың тиімді механизмі қалыптасады деп ойлаймыз”, – деді Мамытбеков бүгін Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде.
Министрдің айтуынша, шаруа қожалықтарына салынатын бірыңғай жер салығы 1,5 есеге көбейеді. Есесіне, олар қоршаған ортаға шығарылатын қауіп-қатерлер салығынан босатылады. Сөйтіп, салықтың жалпы көлемі сол күйінде қалады.

http://kaz.tengrinews.kz

Leave a comment

Your email address will not be published Required fields are marked *

*

Система Orphus