Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
You here:  Main News of ACC (KZ) Қызылжар ауылында құс фабрикасы ашылды

(KZ) Қызылжар ауылында құс фабрикасы ашылды

Индустрияландыру күні аясында өткен телекөпірде Елбасы: «Етті сырттан таситынбыз, қазір өзіміз өндіріп жатырмыз. Бүгінде құс етін сатып аламыз, оны да жабуға болады. Ештеңеден қорқудың қажеті жоқ. Өзіміз-ақ өмір сүре аламыз. Міне, бұл – біздің тәуелсіздігіміздің басты қағидаты» деген еді. Иә, құс көбейсе, ет пен жұмыртқа мол. Фабрикада бройлер балапандарын шығару үшін инкубаторларға 114 мың жұмыртқа салынды. Индустрияландыру картасына енген жоба енді экспорттың әлеуетін арттырып, ең бастысы – ауылдың инфрақұрылымын дамытуға жол ашпақ.

Жалпы, ҮИИД бағдар­ла­масының бірінші бесжылдық шең­берінде облыста 87 жоба іске асырылды. Солардың бірі – елімізде қабылданған «Моноқалаларды дамыту, «Бизнестің жол картасы-2020» және «Агробизнес-2020» бағдарламалары арқылы құс фабрикасының қайтадан іске қосылуына мемлекеттік қолдау жасалды. Инвестициялық жобаны іске асыруға барлығы 3 млрд. теңгеден аса қаражат бөлінді. Бұдан бұрын Қызылжар ауылындағы құс фермасы біраз қиындықты бастан өткерді. Біраздан соң, кешен жаңа иелердің қолына көшті. Банкротқа ұшыраған бұрынғы «Қызылжар Агро» ЖШС енді «Қызылжар-Құс» серіктестігі болып қайта құрылды. Екіншіден, өндірісті Ақсу – моноқала. Айналасы толы ауылдары бар моноқаланың бұл бағдарламасының, әсіресе, ауылдықтарға пайдасы тиюі әбден қажет. Фермада еңбек еткен жұмысшылардың айтуынша, 2010 жылдары құс фабрикасында 320 мың тауық болыпты. Жыл сайын 14 миллион жұмыртқа алып отырған _VNB3457көрінеді. Көрші ауылдарды қосқанда 200 тұрғын фабрикада жұмыс жасапты. Енді міне, жұмыссыз қалған ауылдықтар қайтадан өз орындарына оралды. Бройлер әдісі арқылы балапандар өсіреді. Кәсіпорынның іші-сырты жаңарып, заманға сай технология бойынша құс өсіріп, ет пен жұмыртқаны көбейтпекші. Құрал-жабдықтардың барлығы шетелден әкелінді. Қатып тұрған әлемдік стандарт. Жабдықтар кешеніне құсты баптау, жемдеу, ғимараттың ішін жарықтандыру, желдету сынды қызметтері бар. Бәрінен бұрын ауылдықтарға жұмыс табылды. Жұмысшыларға арналған жатақхана бар, асхана жұмыс жасап тұр. Кәсіпкер, құс фабрикасының қожайыны Дәулет Сыздықовтың айтуынша, бұл жобаның «Бизнестің жол картасы-2020» және «Агробизнес-2020» бағдарламалары аясында облысы әкімдігі мен Еуразиялық банктің қаржылай қолдауымен жүзеге асырылыпты. Фабриканың қасынан балапандарды жем-азықпен қамтамасыз ететін зауыт іске қосылмақшы. Ал, құсты жем-азықпен қамтамасыз ету басты мәселе. Жалпы, «Қызылжар-Құс» серіктестігінің құс фабрикасын жаңғырту жұмыстары екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезегінде жылына 4 мың тонна құс еті өндіріледі. Бұл облыстағы құс етіне деген сұраныстың 70 пайызын өтейді. Екінші кезегі іске қосылғанда өндіріс қуаты 8 мың тоннаға жетеді. Облыста бұдан басқа «Шарбақты-Құс» фабрикасы бар. Кемер жақтан 120 мың браун балапандар сатып әкелген. Кәсіпорынға 200 миллион теңге инвестиция құйылды.

Фарида БЫҚАЙ,

«Егемен Қазақстан».

Павлодар облысы,

Қызылжар ауылы.

Суреттерді түсірген

Валерий БУГАЕВ.
http://egemen.kz/

Leave a comment

Your email address will not be published Required fields are marked *

*

Система Orphus