Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
You here:  Main News of ACC (KZ) ЕТ ИМПОРТТАУҒА ЖЕТЕ МЕ?

(KZ) ЕТ ИМПОРТТАУҒА ЖЕТЕ МЕ?

f9d85df4bc1daa6af5664f33d5df3eb6
Маусым айы бұқараның есінде картоптың 250-280 теңгеге дейін қымбаттауымен, арагідік қайсыбір аймақтарда нан бағасының көтерілуімен есте қалғаны анық. Картоп бағасының шамадан тыс шарықтауын біз геосаясат салдарынан іздедік.
Бұған қатысты экс-депутат Мұрат Әбенов «Украина мен Ресей шиеленісінің Кеден Одағы елдеріндегі ауылшаруашылығы өнімдерінің бағасына кері әсер етіп отырғандығынан» деп әлеуметтік желі арқылы үн қатты. Әбенов мырза: «Өткен жылы Ресей картоптан көп өнім ала алмаған, бірақ соған қарамастан, олар бұл өнімді Украинадан тасымалдауға тыйым салды. Нарық өз дегенін істеді. Олар, яғни Ресей бізден картопты көптеп сатып ала бастады. Қалғаны өздеріңізге белгілі» деп жазды.

Қазақстан – Ресейді ет және ет өнім­дерімен қамтитын бірден-бір ел. Қазақ елі 2015 жылы бір ғана Ресейге ет экспорттау көлемін 60 мың тоннаға жеткізуі керек. 2015 жыл дегеніңіз әне-міне дегенше ек­­пін­деп келіп қалады емес пе? Ал осы арада «біз осы өзіміздің ішкі нарықты ет және ет өнімдерімен қамти алмай отырып, Ресейге ет экспорттау көлемін қалай өсірмек­піз?» деп өзімізге сұрақ қойып алуы­мыз қажет сияқты. Жалпы, ет экспортын сөз еткенде, елге енетін ет импорты жайында таразыла­мауға тағы болмайды. Өткен 2013 жылдың бірінші жарты жылды­ғындағы мәліметтер бойынша, сырт­тан жеткізілетін ет көлемі 3,1 пайызға, яғни 71,9 мың тоннаға артқан. 2013 жылы Қазақстан сырт­тан 210 мың тоннаға жуық ет сатып алған. Оның 170 мың тон­на­сына тең құс етінің 70 пайызы АҚШ-тан жеткізілген. Осы жылы им­портталған 23 мың тонна сиыр еті Бело­русьтен (30 пайыз), Ресей мен Австралия­дан (15 пайыздан), Парагвай, Бразилия мен Польша­дан (10 пайыздан) сатып ал­ын­­ған. Былтыр шетелден алынған 1 мың тоннаға жуық қой етінің 90 пайызы дерлік Австралиядан тасылған екен. Ал 5 мың тоннаға жуық жыл­қы етінің 35 пайы­зы – Канададан, 22 пайызы – Аргентина­дан, 16 пайызы – Уругвайдан, 4,5 пайызы Ресейден жеткізілген. 2013 жылы Қазақ­стан­ның өзі сыртқа небәрі 1,6 мың тонна ет экспорттаған. Сон­да 2015 жылға дейін ет экспор­тын 60 мың тоннаға арттырамыз деген жоспарымыз қайда қалады?

Қазақ ұлттық аграрлық универ­ситеті азық-түлік өнімдерінің қауіп­­сіздігі және тағам қауіпсіздігі кафедрасының жетек­шісі Әсия Демеуханқызы – шетелден жап­пай импортталып жатқан ет өнімдері­нің сапасына сын көзбен қараушы мамандар­дың бірі. «Ет Қазақстанға жердің түбінен келеді. Бірақ бағасы арзан. Неге десеңіз, олар – көбіне­се стратегиялық қордағы 10-20 жылға мұздатып, консерванттар қосып сақтайтын еттер. Сол себеп­ті де олардың сапасы өте нашар» дейді маман. Әсия Демеу­ханқызы­ның пайымдауынша, мұн­дай им­портталған сапасыз етті сатушылар шұжық өнімдері түрінде өткізуге тыры­сады.Мамандардың бұл пікірін ауыл шаруашылығы минис­тр­лігінің БАҚ-та жарияланған мына мәліметі растай түседі: 1990 жылмен салыстырғанда 2014 жылы ірі қара мал – 59 пайызға, қой мен ешкі – 49 пайызға, ал құс саны 57 пайызға ке­міп кеткен. «2000 жыл­дан бастап Қазақ­стан­ның ішкі жалпы өнімі орта есеппен 8 пайыз­ға өсті. Сол кезде билік тек егін ша­­руа­шылығына ерекше көңіл бөлді. 1999-2000 жылдардан бастап ауыл шаруашы­лығын қолдау мақ­сатында қабылданған мемлекет­тік бағдарламаларда таза астыққа көңіл бөлінді де, мал шаруашылығы ескерусіз қалды. Соның дерті әлі жазылмай келе жатыр» дейді эко­номист Тоқтар Есір­кепов. Минис­тр­ліктің баспасөз мәлім­деме­сінде: «2014-2015 жылдары «Ірі қара мал етінің экспорттық әлеуетін арт­тыру» жобасының аясында 70 мың басқа борда­қылау алаңдарының құрылысы жоспарла­нып отыр. «ҚазАгро», ҰБХ АҚ несиелеу қор­ларының есебінен 3 мың борда­қылау алаң­­дарын қаржыландыруды мақұлданған. Бүгінде 4,3 мың бас­қа 10 бордақылау алаңы іске қо­сыл­ды» деп жазылған.

Алайда экономист Тоқтар Есір­кепов бордақылау науқанының мал басын кө­бейтіп, ет экспортын ұлғайтатынына күмән келтіреді. «Алдымен жоғарыдан бір тап­сыр­ма түседі де, Үкімет соны атқаруға кірі­седі. Мысалы, Президент ұлт­тық қор­дан асыл тұқымды мал сатып алуға қаржы бөлгізді. Содан кейін барып Үкімет пен ауыл шаруа­шылығы министрлігі олар­ды қоятын орындар мен жем-шөп­терін дайын­­дауға кірісті. Шын мәнінде, керісінше болу керек қой. Яғни алдымен жоба жасалып, ол жоба Үкіметтен мақұл­данғаннан кейін барып қолға алынса, нұр үстіне нұр болар еді» дейді ол. Ауыл шаруа­шылық министрлігі Қазақ­станның «Ірі қара мал етінің экс­порттық әлеуетін арт­тыру» жоба­сының аясында сыртқа 34 мың бастың етін сататын 8 ең ірі борда­қылау алаңының 41 пайызын мал­мен толтырға­нын айтады. Осы жоба аясындағы «Сыба­ға» бағдар­ла­масы бойынша «ҚазАгро» ұлт­тық компаниясы несиелеу қорла­ры­ның есебінен тағы 50 мың бас ірі қара мал са­тып алатыны белгілі болды. Бұл ірі қара мал етінің ба­сым бөлігі 2015 жылдан бас­тап Ресей­дің Қазақстанмен шекара­лас об­лыстарына экспортталмақ. Ә.Де­меуқан­қызы ет импорты экс­порт­тан жүз еседен астам көп бо­лып тұрған қазіргі жағдайда Қазақ­стан Үкіметінің «2015 жылдан бастап Ресейге жылына мыңдаған тонна ет экс­порттау» жоспарын орындау мүмкін емес деген ойда. Т.Есірке­пов Үкімет экспортқа ет шығарудан бұрын, алдымен ішкі нарық­ты етпен қамтамасыз етуге назар аударуы тиіс деп санайды. «Азық-түлік тауарлары­ның стан­дарттары бойынша, кеңес өкіме­ті кезінде адам басына шаққанда жылына 82 килограмм еттен келе­тін. Бұл ғалымдар анықтаған норма еді. Ал 2000 жылдардың басында біздің Үкімет 82 килограмды 41-ге түсірген» дейді Т.Есіркепов.

Статистика агенттігінің 2014 жыл­ғы есебі бойынша, Қазақстан­дағы ет өнімінің жылдық мөлшері адам басына шаққанда 23,6 кг сиыр еті, 7,9 кг қой еті, 5,8 кг жыл­қы еті, 17,7 кг құс еті және 6,4 кг шошқа еті (барлығы – 61,4 кг) болып шығады.

http://aikyn.kz/articles/view/52966

Leave a comment

Your email address will not be published Required fields are marked *

*

Система Orphus