Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
You here:  Main News of ACC (KZ) «ҚазАгроҚаржы» АӨК субъектілерін қаржылық сауықтыру бағдарламасын іске қосады

(KZ) «ҚазАгроҚаржы» АӨК субъектілерін қаржылық сауықтыру бағдарламасын іске қосады


АСТАНА. ҚазАқпарат – «ҚазАгроҚаржы» АҚ басқармасы агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін қаржылық сауықтыру бағдарламасына қатысу үшін қарыз алушылардан құжаттар қабылдауды бастағаны туралы хабарлады, деп мәлімдеді компанияның баспасөз қызметі.
«ҚазАгроҚаржы» АҚ басқармасы индекстелген шарттары бар өзінің қарыз алушыларына түсетін қаржы жүктемесін төмендету шараларын бастағаны жөнінде хабарландырады», – делінген хабарламада.
Ұйымның мәліметінше, сауықтыру бағдарламасына «ҚазАгроҚаржы» АҚ барлық қарыз алушылары қатыса алады. Осылайша, қаржылық сауықтыру талаптарына қаржыландыру мөлшерлемесін теңгемен жылдық 7%-ға дейін төмендету, қаржыландыру мерзімін 9 жылдан артық емес уақытқа ұзарту, тұрақсыздық айыптарын есептен шығару кіреді, деп хабарлады www.primeminister.kz.

Бұдан өзге, отандық ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін қолдау мақсатында, сонымен қатар АҚШ долларына қатысты ұлттық валюта бағамына түзету жасалу салдарларын клиенттер үшін жеңілдету бойынша «ҚазАгро» ұлттық холдингінің алдын ала қолданған деңгейлестіру іс-шаралары шеңберінде «ҚазАгроҚаржы» АҚ басқармасы индекстелген шарттары бар өзінің қарыз алушыларына түсетін қаржы жүктемесін төмендету шараларын бастағаны жөнінде хабарландырады.

«Атап айтқанда, бекітілген шарттар бойынша АҚШ долларының бағамы АҚШ доллары үшін 182 теңгенің орнына 167,95 теңге көлемінде тиянақталатын болады, бұл ұлттық валюта бағамының ақпан айындағы төмендеуінің тигізген әсерін қарыз алушылардың айтарлықтай сезінбеуіне мүмкіндік беретін болады. Еурода бекітілген шарттарға қатысты да осындай шаралар қолданылатын болады», – деп басып айтты «ҚазАгроҚаржы» компаниясында.

http://inform.kz/

Leave a comment

Your email address will not be published Required fields are marked *

*

Система Orphus
Яндекс.Метрика