Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
You here:  Main News of ACC (KZ) Қазақстан мамыр айында аусыл ауруынан еркiн аймақ мәртебесiн иеленуi мүмкiн

(KZ) Қазақстан мамыр айында аусыл ауруынан еркiн аймақ мәртебесiн иеленуi мүмкiн

Қазақстан 2015 жылдың мамыр айында аусыл ауруынан еркiн аймақ мәртебесiн иеленудi жоспарлап отыр. Бұл туралы бүгiн ҚР Парламентi Сенаты комитетiнiң отырысынан кейiн журналистерге сұхбат берген ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрi Гүлмира Исаева мәлiмдедi, деп хабарлайды BNews.kz тiлшiсi.
«Бүгiн Англиядан Халықаралық эпизоотикалық бюроның аусыл ауруы жөніндегі зертханасының сарапшысы келiп отыр. Ол Қазақстан аймақтарының халықаралық бюроға жiберілген құжаттар мен есептерге сәйкестiгiн тексеріп жатыр. Бiз ХЭБ-тің тәуелсiз жұмыс тобына екi өтiнiм жолдаған болатынбыз. Онда әлемнiң үздiк сарапшылары қызмет етедi. Олар өтiнiм жiберген елдерге барып, ондағы жағдайды және мемлекеттiң белгiлi бiр ауруға қатысты жағдайды реттеу мүмкiндiктерiн өздерi тексередi. Ұйымның өкiлi Ақмола және Жамбыл облыстарын араламақ. Ол сапар негiзiнде Қазақстанға қатысты қорытынды шығаратын болады», – деген Г.Исаева Қазақстанның екi өтiнiмі бюро қарауынан өтiп, оң шешiмге ие болады деп үмiттенуде.

Вице-министрдiң айтуынша, елiмiзде екi жыл қатарынан аусыл ауруы тiркелмеген. Оның айтуынша, бұған еліміздің аталмыш аурумен күрес стратегиясын өзгертуі, вакцинаны ауыстыруы себеп болып отыр.

«Бiз осы жылдың мамыр айында Парижде өтетiн ХЭБ ассамблеясына үлкен үмiт артып отырмыз. Онда әлемнiң 108 елi кей мемлекеттерге аталған мәртебені беруді дауысқа салатын болады. Бiз екi мәртебеге ие боламыз деген үмiттеміз. 9 облысымыз, яғни Қазақстанның солтүстiк, батыс, орталық аймақтар үшiн вакцинациясыз аусыл ауруынан еркiн аймақ, ал 4 оңтүстiк және Шығыс Қазақстан облыстарына вакцинация жүргiзілетін аусыл аурынан еркiн аймақ мәртебесi берiледi деп жоспарлап отырмыз», – деп толықтырды өз ойын ол.
Дилара РЫСДӘУЛЕТ

http://bnews.kz/

Leave a comment

Your email address will not be published Required fields are marked *

*

Система Orphus