Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
You here:  Main News of ACC (KZ) АШМ: жас мамандарға арналған 300-ден астам бос орын бар

(KZ) АШМ: жас мамандарға арналған 300-ден астам бос орын бар

Ауыл шаруашылығы министрлiгi бүгiн «Жас маманға – ақ жол!» атты аграрлық мамандықтар түлектерiн жұмысқа тарту акциясын өткiздi. Конференция барысында АШМ АӨК мемлекеттiк инспекция комитетiнiң төрағасы Сақташ Хасенов жас мамандарға ведомствода 305 бос орын бар екендiгiн мәлім етті, деп хабарлайды Bnews.kz тілшісі.
«Бiзде 13 департамент, 2 өзiн-өзi қамтыған басқарма, 2 комитет, 32 облыстық және 396 аудандық инспекция бар. Ауыл шаруашылығы министрлiгi штатының жалпы құрамы – 4139 адам. Оны iшiнде орталық аппаратта – 231, мемлекеттiк инспекция комитетiнде – 1472, ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетiнде 2436 штаттық орын бар», – деп С.Хасенов министрлiктiң құрылымына тоқталып өттi.
Ол өз сөзiнде 2014 жылдың 1-шi маусымындағы жағдайға сәйкес бос орындар статистикасына тоқталды.
«Бүгiнгi күнi бiзде 305 бос орын бар, оның iшiнде 74%-ы: ветеренария бойынша – 136, агрономия – 84, зоотехника бойынша 19 бос орын бар. Қалған 21%-ы – басқа мамандықтар бойынша», – дейді Комитет төрағасы.
Сонымен қатар, ол мемлекеттiк қызметке орналасуға тест тапсырған көптеген үміткерлердiң одан өте алмай жатқанын атап өттi.
«Бұл олардың тестiлеу барысында мұқият болмауына немесе тестке дұрыс дайындалмауынан болып отыр», – дейді С.Хасенов.
Бүгiн Ауыл шаруашылығы министрлiгi агарарлық мамандықтарды дайындайтын 7 қазақстандық ЖОО түлектерiн жұмысқа тарту акциясын ұйымдастырды. Шара барысында 462 студентке министрлiк бойынша қысқаша экскурс өткiзiлдi. Ведомство қызметкерлерi орталық аппараттың құрылымы, лауазым өсiмiнiң мүмкiндiктерi мен әлеуеттерi жайлы ақпаратпен бөлiсiп, түлектердің сауалдарына жауап бердi.
Диана ҚҰЛМАҒАНБЕТОВА

http://bnews.kz

Leave a comment

Your email address will not be published Required fields are marked *

*

Система Orphus