Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
You here:  Main News of ACC (KZ) «Агробизнес-2020» бағдарламасына сай аудандарды мамандандыру схемасын әзірленді

(KZ) «Агробизнес-2020» бағдарламасына сай аудандарды мамандандыру схемасын әзірленді

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі «Агробизнес-2020» бағдарламасына сай ауылшаруашылық өнімдерінің нақты түрлерін өндіру үшін ауылшаруашылық жерлерді ұтымды пайдалану аясында аудандардың мамандандыру схемасын әзірледі. Бұл туралы «ҚазАгроИнновация» АҚ басқармасы төрағасының орынбасары Әзімхан Сатыбалдин мәлім етті. Бұның нәтижесінде ауыл шаруашылығына арналған жерлерді оңтайлы пайдалану мақсатында ҚР-ның мамандандыру картасы ұсынылып отыр. Схеманы енгізу үдерісі облыстардың даму бағдарламаларымен қарастырылып, 2020 жылға дейін аяқталуы тиіс.

Тауар өндірушілерді субсидиялау тең дәрежеде болады
Еуразиялық экономикалық одақта 2017 жылдың бірінші қаңтарынан бастап тауар өндірушілерді субсидиялау тең дәрежеде болады. Бұл туралы Парламенті Сенатының депутаты Икрам Адырбеков мәлім етті, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі. «Бүгінде кәсіпкерлерді субсидиялау деңгейі, бірінші кезекте, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері үшін маңызды, ол әр түрлі. Айталық, Беларусьте ауыл шаруашылығы секторындағы тауар өндірушілерді қолдау деңгейі тауар құнының 18-20 пайызы шамасында, Ресейде ол 11-12 пайыз, ал бізде – 4-5 пайыз», – деді И.Адырбеков. Осыған байланысты ЕАЭО аясында тараптар келіскендей, 2017 жылдың бірінші қаңтарынан бастап, тауар өндірушілерді субсидиялау деңгейі шамамен алғанда бірдей болады және ол 10 пайыздан аспауы тиіс.

«Астана Таңдауы-2014» байқауында ашық халықтық дауыс беру басталды.
Алғашқы екі тәуліктің ішінде сайтта 2223 адам дауыс берген. Байқауға қатысуға өтініштер қабылдау сәуір айынан 31 мамырға дейін жүргізілді. Ең көп өтініш мұғалімдерден келіп түскен – 65, екінші орында энергетиктер – 39, үшінші – дәрігерлер – 31, содан кейін құрылысшылар – 25, жүргізушілер – 14, учаскелік полиция инспекторлары – 13 және жол жөндеушілер – 8. Байқау жеңімпаздары халықтың танымына ие болады және Астана қаласының әкімі оларға кубок пен грамота табыс етеді. Сонымен қатар, жеңімпаздар туралы шағын деректі фильм түсіріліп, фотосессия ұйымдастырылады, елорда көшелерінде үздік маман иелерінің бейнесі мен есімдері жазылған билбордтар пайда болады.

http://astanafm.kz/

Leave a comment

Your email address will not be published Required fields are marked *

*

Система Orphus