Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
You here:  Main News of ACC (KZ) Агроөнеркәсіп кешеніне жыл соңына дейін 50 млрд. теңге инвестиция тарту жоспарланады – Үкімет

(KZ) Агроөнеркәсіп кешеніне жыл соңына дейін 50 млрд. теңге инвестиция тарту жоспарланады – Үкімет

image015
Агроөнеркәсіп кешеніне жыл соңына дейін 50 млрд. теңге инвестиция тарту жоспарланады.
Бұл туралы бүгін Үкімет отырысының қорытындыларына арналған брифингте Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Ерболат Досаев мәлім етті.
Экономика министрінің мәліметіне қарағанда, агроөнеркәсіптік кешенді қаржылық сауықтыру бағытында соңғы үш айда 170 млрд. теңгеден астам сомаға 172 қарыз алушының өтінімдері мақұлданған.
«Бұдан бөлек, «Агробизнес-2020» бағдарламасы шеңберінде инвестициялардың ағынын агроөнеркәсіп кешенінің басым салаларында ұлғайту жұмыстары атқарылуда. Бұл ретте инвестициялық жобаларды іске асыру бойынша кәсіпкерлердің шығыстарын 20-дан 80 пайызға дейін өтеуді көздейтін инвестициялық салымдарды субсидиялаудың жаңа тетігі әзірленгені белгілі. Осыған орай, жылдың соңына дейін инвестициялық субсидиялар есебінен қосымша шамамен 50 млрд. теңге тарту жоспарланады», – деді Ерболат Досаев.
Оның сөзіне қарағанда, бүгінгі таңда 13 млрд. теңгені құрайтын агроһнеркәсіп кешенінің 20 инвестициялық жобасы пайдалануға берілген.

http://inform.kz

Leave a comment

Your email address will not be published Required fields are marked *

*

Система Orphus