Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
You here:  Main News of ACC (KZ) 2014 жылдың басынан бері «ҚазАгро» СҚО-дағы шаруаларды қолдауға 8,2 млрд теңге бағыттады

(KZ) 2014 жылдың басынан бері «ҚазАгро» СҚО-дағы шаруаларды қолдауға 8,2 млрд теңге бағыттады

20120626170433
«ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі биылғы жылдың басынан бастап Солтүстік Қазақстанда агроөнеркәсіптік кешенді (АӨК) дамытуды қолдауға 8,2 млрд теңге жұмсады, деп хабарлады Ұлттық холдингке сілтеме жасап, www.primeminister.kz сайты.
«ҚазАгро» Ұлттық холдингі 2013 жылы СҚО аграрлық саласына 30 млрд. теңге инвестициялады. Ағымдағы жылдың басынан облыстың АӨК-ті қолдауға Ұлттық холдингпен 8,2 млрд теңге бағытталды», – делінген хабарламада.

«ҚазАгро» мәліметінше, бүгінгі күні холдингінің инвестициялық қоржынында 263,8 млрд. теңгені құрайтын 417 жоба бар, оның 308 жобасы пайдалануға берілді, соның ішінде 15,1 млрд теңгеге 47 жоба СҚО-ға тиесілі, оның ішінен 37 жоба іске қосылды.

«Ұлттық холдингтің құрамындағы компаниялардың бірі «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ 2013 жылы республика бойынша 158 Несиелік серіктестерді (НС) 2,646,6 млн.теңгеге қаржыландырды, оның ішінде СҚО бойынша 13 НС (269 қатысушы) 3,7 млрд теңге сомасына қаржыландырылды. Ағымдағы жылы 2123,8 млн теңге сомасына 12 НС қаржыландырылды, ал республика бойынша 128 НС қолдауға ие болды», – деп хабарлады холдингте.

Бұдан басқа, көктемгі-егіс және жинау жұмыстарын қаржыландыру шеңберінде ағымдағы жылы облыс бойынша 4,5 млрд теңгеге 372 өтінім, ал республика бойынша 27,2 млрд теңгеге 3179 өтінім қаржыландырылды.

Оған қоса, 01.06.2014 жылғы жағдай бойынша облыс бойынша «ҚазАгроҚаржы» АҚ еншілес компаниясы арқылы 2659 млн теңге сомасына 109 бірлік техника иеленуге келісім-шарттар жасалды.

«ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ өзінің құрамына енетін компаниялардың инвестициялық активтерінің тиімді басқарылуын қамтамасыз ету арқылы Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешенін дамыту бойынша мемлекеттік саясатты іске асырады.

Холдингтің құрамына «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ұлттық компаниясы» АҚ, «ҚазАгроӨнім» АҚ, «ҚазАгроҚаржы» АҚ, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ, «ҚазАгроГарант» АҚ және «ҚазАгроМаркетинг» АҚ енеді.

http://inform.kz/kaz/article/2675826

Leave a comment

Your email address will not be published Required fields are marked *

*

Система Orphus