Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
You here:  Main NEWS Ауылшаруашылығы министрлігі жайылымдарды суландыру үшін 22 млрд. теңге бөлмек

Ауылшаруашылығы министрлігі жайылымдарды суландыру үшін 22 млрд. теңге бөлмек

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ               

Ауылшаруашылығы министрлігі жайылымдарды суландыру үшін

22 млрд. теңге бөлмек

  29.01.13 ж.                                                                                                                              Астана қ.   Брифингте Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты Қазақстан халқына Жолдауында белгіленген АӨК дамуының басты басымдылықтары қарастырылған. Осы бағыттардың бірі жайылымдық мал шаруашылығын дамыту. Мемлекет Басшысы шалғайдағы жайылым алқаптарын қолданысқа енгізу мақсатында жайылымдарды суландыруды ұйымдастыру және жайылым инфрақұрылымын дамытуды тапсырды. Бұл ретте, құдықтарды салуды ұйымдастыру көп қаражатты қажет етеді, бүгінгі күнге дейін жайылымды суландыру және жайылымды мал шаруашылығын дамыту шараларын жүзеге асыруды тежеуде. Осыған байланысты, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі инвестициялық жобалардың капитал ауқымын және өтеу мерзімін қысқарту мақсатында «Агробизнес 2020» бағдарламасы аясында жайылымдардың инфрақұрылымын дамытуға бағытталған инвестициялық салымдар кезіндегі шығындарды ішінара өтеуді көздейтін мемлекеттік қолдау түрін енгізуді ұсынды. Бағдарлама аясында: балама энергия көздерін қолдануды есепке ала отырып инфрақұрылым құрылысының технологиясы анықталды; инфрақұрылым құрылысының өзіндік құны анықталды; жайылымдарды суландыру үшін салынатын қажетті құдықтар саны және инвестициялық субсидияның көлемі анықталды; жайылымды мал шаруашылығымен айналысатын тауарөндірушілер үшін инвестициялық субсидияны төлеу механизмі әзірленуде. Осыған орай, 2013-2020 жылдар аралығында 4,0 мың құдықты салу арқылы 8,0 млн. га жерді суландыру жоспарланған. Шығындар шамамен 28 млрд. теңгені құрамақ, бұл ретте 2020 жылға дейінгі инвестициялық субсидиялауға қажетті бюджеттік қаржы көлемі 22 млрд. теңгені құрайды. Бұған қоса, бағдарламамен жайылымдық мал шаруашылығымен айналысатын ауыл шаруашылығы тауар өндірушілердің жайылымдардың инфраструктурасының құрылысына кеткен шығындардың  80% субсидиялануы қарастырылды. Аталған шаралар жайылымдық алқаптары бар ұйымдасқан, шаруа және фермер қожалықтарын қамтиды. Мал шаруашылығы кескінінде өңірлік орналастыру есебімен 360 мың бас ІҚМ, 3600 мың бас қой және ешкі, 120 мың бас жылқы үшін жайылымдар ұйымдастыру қарастырылуда. Жайылымды мал шаруашылығын дамытуға жеке-қосалқы шаруашылықтарды ынталандыру мақсатында құдықтарды салу, қызмет көрсету және қолданғаны үшін төлем алу  мемлекет тарапынан жүргізіледі. Аталмыш бағдарламаның жүзеге асуын бақылау үшін ҚР АШМ АӨК МИК жеке басқарманың ашылуы жоспарлануда. Ол өз кезегінде а/ш сумен жабдықтау нысандарына инспекция және мониторинг өткізеді.   ҚР АШМ баспасөз қызметі                 Тел.: +7(7172) 555-765

Leave a comment

Your email address will not be published Required fields are marked *

*

Система Orphus