Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар Елімізде 204 лицензияланған астық қабылдау кәсіпорны жұмыс істейді

Елімізде 204 лицензияланған астық қабылдау кәсіпорны жұмыс істейді

Бүгін Үкімет отырысында ҚР Ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі Қ.Қ.Айтуғанов еліміздегі астық сақтау орындарының қаншалықты дайын екендігін баяндады.

«Қазіргі таңда республикада жалпы сақтау сыйымдылығы шамамен 13,8 млн. тоннаны құрайтын 204 лицензияланған астық қабылдау кәсіпорны жұмыс істейді. Бұдан басқа, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерде 12,8 млн. тонна астыққа арналған сақтау сыйымдылығы бар. Осылайша, қолда бар астық сақтау сыйымдылықтарының жалпы көлемі 26,6 млн. тоннаны құрайды. Бұл күтіліп отырған жаңа астық түсімін есепке алғанда, астық сақтау үшін жеткілікті», – деді ол.

«Ағымдағы жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша республиканың астық қабылдау кәсіпорындарында 1,6 млн. тоннадан астам астық сақталуда. Оның ішінде, негізгі егін егетін үш облыстың астық қабылдау кәсіпорындарында 1,4 млн. тонна астық сақтауда. Яғни, Ақмола облысы – 536,5 мың тонна, Қостанай облысы – 391,5 мың тонна, Солтүстік Қазақстан облысы – 488,6 мың тонна», – деп түйіндеді Қ.Айтуғанов.

Айта кетейік, аталған жиын «Егін жинау жұмыстарына дайындық барысы туралы» тақырыбымен өтті.


ҚР АШМ Баспасөз қызметі
+7 (7172) 555-765
minagripress@gmail.com

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus