Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет АӨК туралы басылымдар ЕАЭО елдеріне ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорты 379 млн долларды құрады – А.Мамытбеков

ЕАЭО елдеріне ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорты 379 млн долларды құрады – А.Мамытбеков


ЕАЭО елдеріне ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорты 379 млн долларды құрады, деп мәлімдеді ҚР ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков ҚР Парламенті Сенатындағы «ЕАЭО және ДСҰ жағдайында отандық аграрлық сектордың бәсекеге қабілеттілігін арттыру – заңнамалық реттеу және оны тәжірибелік тұрғыдан іске асыру» тақырыбындағы парламенттік тыңдалымда.

«Қазіргі агроөнеркәсіптік кешен экономиканың тұрақты дамып келе жатқан саласы ғана емес, экономикалық тартымды сала болып табылады. Бұл ретте, осынау отандық агросектордың қалыптасуы кезеңінде Еуразиялық экономикалық одақ елдері сенімді серіктес бола білді. Соңғы 10 жылда ауыл шаруашылығы өндірісінің көлемі 41 пайызға ұлғайды», – деді министр.

Өз сөзінде А.Мамытбеков «ауыл шаруашылығы өнімінің экспорты 59 пайызға ұлғайып, 2 млрд доллардан асты. Бұл ретте Еуразиялық экономикалық одақ елдеріне экспорт көлемі 379 млн долларды құрады» деді.

«Ауыл шаруашылығының негізгі капиталына салынған инвестициялар көлемі 2015 жылы 167 млрд теңгеге дейін немесе шамамен 3,4 есеге ұлғайды», – деді ведомство басшысы.

Источник: https://primeminister.kz/news/show/29/eksport-selhozproduktsii-v-strany-eaes-sostavil-379-mln-dollarov-amamytbekov/29-04-2016?lang=kz

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus