Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Бейне Қазақстан етті әлемдік экспортқа шығару сертификатына ие болады

Қазақстан етті әлемдік экспортқа шығару сертификатына ие болады

Қазақстан мамыр айында аусыл ауруынан еркiн аймақ мәртебесiн иеленеді. Бұл туралы бүгін Астанада осы мәселеге арналған аймақтық семинар барысында журналистерге берген сұхбатында халықаралық эпизоотикалық бюроның өкілі Казимирас Лукаускас мәлім етті.

Парижде жуық арада Қазақстанның 9 өңіріне осы дәрежені растайтын арнайы сертификаттар табысталады. Сарапшының айтуынша, бұл мәртебе қазақстандық тауарөндірушілер үшін ірі қара малдың етін бүкіл дүниежүзі бойынша экспорттауға үлкен мүмкіндік ашады.

Казимирас Лукаускас, халықаралық эпизоотикалық бюроның Шығыс Еуропадағы өкілдігінің басшысы

– Қазақстан – Орталық Азияда мұндай сертификаттарға ие болатын бірінші ел. Тіпті көршілес Ресей бұл деңгейге әлі жетпей отыр. Біздің сертификат еттің адам денсаулығы үшін қаупсіз екенін және оның жоғары сапалы екенін дәлелдейді. Біз өзіміздің анықтамаларымызды дүниежүзілік сауда ұймына да береміз.

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus