Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар Экономикалық ынтымақтастық ұйымның ХІІІ саммиті

Экономикалық ынтымақтастық ұйымның ХІІІ саммиті


1 наурыз күні Исламабадта ел басшыларының – Экономикалық ынтымақтастық ұйым мүшелерінің (ЭЫҰ) ХІІІ саммиті басталды. Саммитте ЭЫҰ-ның 2025 жылға дейінгі даму жоспары және ұйымды реформалау жөніндегі мәселелер қарастырылды.
Саммитке Иран, Түркия, Әзербайжан, Түркменстан мен Тәжікстанның мемлекет басшылары, Пәкістан және Қырғызстан елдерінің Премьер-Министрлері, Ауғанстанның сыртқы істер министрі, Өзбекстанның Вице-Премьері қатысты.

Елбасы тапсырмасымен еліміздің атынан Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметов қатысты.
ЭЫҰ шеңберіндегі ынтымақтастық мүше елдердің сенімді әріптестік және өзара түсіністік, сондай-ақ, тепе-теңдік қағидатына негізделген. Ұйымның не¬гіз¬гі міндеті –аймақтың экономикалық да¬муы үшін қолайлы жағдайлар жасау, ішкі қатынастарды өзара ынтымақтастыққа негіздей отырып, әлеуметтік, мәдени, ғы¬лыми-техникалық салаларды дамыту, мү¬ше елдерді уақыт талабына сай интегра¬циялау болып табылады.

Саммит барысында Қазақстан тарабы өзара қарым-қатынастың 4 бағытын талқылауға ұсынды.

Бірінші бағыт – инфраструктуралық жобаларды жүзеге асыру. Қазіргі кезде, Қазақстан трансмагистральді автомобильдік және темір жол құрылысын кең ауқымда жүргізіп жатыр.

Бұл ЕЭО-тың ауқымды жобаларын интеграциялауға және Жібек жолы Экономикалық белдеуі жобаларын жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Осыған байланысты, Қазақстанның транзиттік мүмкіндіктерін ЭЫҰ-на мүше барлық елдердің ынтымақтастығын кеңейту үшін пайдалануды ұсынылды.

Екінші – аймақтық сауда-саттықты ынталандыру және ұлттық өнімдердің әлемдік нарыққа шығуын кеңейту. Бұл бағытта мультимодальдық тасымалдауды бірігіп ұйымдастыру және транспорттық инфраструктураның тармақталған желісін құру қажет.

Бұл орайда, Қазақстан ЭЫҰ елдерін байланыстыратын және Еуразияның басқа да нарығымен жалғастырушы көпір рөлін атқарады.

Үшінші – энергетикалық қауіпсіздік. Энергетикалық нарықтағы транспаренттілік мәселелерін қарастыруда және осы салада жаңа технологияларды енгізуде ынтымақтасу.

Төртінші – 2018 жылдан бастап, ағылшындық құқық негізінде толықтай іске қосылатын Астана Халықаралық қаржылық орталығы аясындағы қарым-қатынас.
Саммит барысында, Вице-Премьер қатысушыларды 2017 жылдың қыркүйек айында Астанада алғаш рет өтетін Ислам ынтымақтастығы ұйымы¬ның Ғылым және технология саммитіне шақырды.

Анықтамалық: Экономикалық ынтымақтастық ұйымы – 1985 жылы құрылған, ол аймақтық үкіметаралық бірлестік және 1977 жылы нау¬рызда үш құрылтайшы – Иран, Пәкістан және Түркия мемлекеттері құрған Аймақтық ын¬тымақтастықты дамыту ұйымының мұрагері.

Ұйым жұмысы 1992 жыл¬дан бастап жаңа жеті мемлекеттің – Қазақстан, Әзербайжан, Тәжікстан, Түркменстан, Ауғанстан, Қырғызстан және Өзбекстанның қосылуына байланысты белсенді түрде дамыды.

Қазақстан ЭЫҰ-ға ресми түрде 1992 жылы 28 қарашада қабылданды.

ҚР АШМ Баспасөз қызметі
+7 (7172) 555-765
minagripress@gmail.com

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus