Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар «Ехро Group» ҚР АШМ тарапынан көрсетілген қолдау үшін алғыс білдірді

«Ехро Group» ҚР АШМ тарапынан көрсетілген қолдау үшін алғыс білдірді

«Ехро Group» халықаралық көрме компаниясы жыл сайын Қазақстанда өткізілетін «KazAgro/KazFarm-2016» ауыл шаруашылығы көрмесін өткізуге атсалысқаны үшін ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігіне алғыс білдірді.

Айта кетсек, өткен аптада Астана қаласында Ауыл шаруашылығы министрлігінің қолдауымен «KazAgro/KazFarm-2016» халықаралық ауыл шаруашылығы көрмесі өткен болатын. Ауыл шаруашылығы көрмесіне әлемнің 30 елінен 250-ге жуық компания қатысты.
Көрмеге қатысқан ҚР АШМ вице-министрі Серік Егізбаев АӨК 2021 жылға дейінгі дамыту туралы мемлекеттік бағдарламасын дайындау кезінде көрме нәтижелерінің ескерілетінін атап өтті.

«Әр саланың дамуына мемлекет ерекше көңіл бөледі. Ауыл шаруашылығы саласы Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың ерекше назарында. Елбасы тапсырмасымен Агроөнеркәсіптік кешенді 2021 жылға дейінгі дамыту туралы жаңа мемлекеттік бағдарламасы әзірлену үстінде. Бағдарламаны дайындау кезінде көрме нәтижесі ескеріледі» ,- деді өз сөзінде Серік Егізбаев.

Көрме соңында ұйымдастырушы компания – «Expo Group» компаниясы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігіне аталған іс-шараны өткізуге қолдау көрсеткені үшін ризашылығын жеткізді.

ҚР АШМ осындай АӨК дамытуға үлес қосушы компанияларды қашанда қолдайды.

Анықтамалық: «KazAgro/KazFarm» – кәсіпкерлік базаны дамыту мен жаңа бизнес байланыс орналастыру, АӨК өндірушілер мен пайдаланшылар арасында өзара байланыс орнату, жаңа технологиялар арқылы өндірісті дамытушылар арасында бәсекелестікті қалыптастыру, отандық өнімдерді ішкі және сыртқы нарыққа шығаруды жетілдіру, әлемнің инновациялық дамыған салаларын таныстыру алаңдары. Көрмеге қатысушылар отандық және шетелдік ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілердің өсімдік шаруашылығы, мал, құс шаруашылығы салаларына арналған құрал-жабдықтарын, мал және құс ұстау жүйесін, ветеринария және малды азықтандыру саласындағы дамыған инновациялық жұмыстармен танысты.

ҚР АШМ Баспасөз қызметі
+7 (7172) 555-765
minagripress@gmail.com

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus