Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Баяндамалар «Егін жинау жұмысының барысы туралы» Ө. Е. Шөкеевтің баяндамасы

«Егін жинау жұмысының барысы туралы» Ө. Е. Шөкеевтің баяндамасы

Құрметті Бақытжан Әбдірұлы!

Құрметті Үкімет мүшелері!

Егін жинау науқанының барысы туралы
Республикада дәнді дақылдарды жинау жұмыстары жалғасуда.
Бүгінгі күнге егін жинау жұмыстары Жамбыл (95,2%) және Түркістан (95,6%) облыстарында аяқталды. Осы өңірлер бойынша орташа түсімділік гектарына 21 центнерді құрады.
Жинау жұмыстары Ақтөбе, Алматы, Батыс Қазақстан, Павлодар, Қызылорда және Шығыс Қазақстан облыстарында жүргізілуде.
Көрсетілген облыстарда дәнді дақылдар жиналатын алқап 3,0 млн. гектарды құрайды, оның 1,1 млн. гектары немесе 36,3%-ы жиналды.
Гектарына 18,1 центнер орташа түсімділікпен
2 млн. тонна астық бастырылды.
Астықтың жалпы жиналымы 20,0 млн. тонна болады деп болжануда, бұл биылғы қуаңшылық жағдайында жаман көрсеткіш емес.
Негізгі астық өсіретін өңірлер егін жинауға тамыз айының соңында – қыркүйек айының басында кіріседі.
Әкімдіктердің деректері бойынша техникалар егін жинауға 100% дайын.
Егін жинау жұмыстарын дер кезінде жүргізу үшін ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге 394 мың тонна арзандатылған жанар-жағар май бөлінді. Шілде айына бөлінген көлемді өңірлер негізінен толықтай алды. Тамыз айына арналған жанар-жағар май көлемі (110 мың тонна) үшін ақы төленді, алайда ресурс ұстаушылар тарапынан аталған көлемді тиеп жөнелту проблемасы орын алып отыр.
Осыған байланысты, Энергетика министрлігінен тамыз айының, сол сияқты қыркүйек және қазан айларының көлемдерін уақтылы тиеп жөнелтуді қамтамасыз етуді сұраймыз.
Дизель отынына бағаны қалыптастыруда да проблемалар бар. Арзандатылған жанар-жағар май бағасы нарық бағасынан төмен болғанымен операторлардың қызметіне байланысты соңғы баға жоғары күйінде қалып отыр.
Өңірлердің әкімдіктері өздерінің операторлармен бағаны төмендету жөнінде жұмыс жүргізуі қажет.
Павлодар облысы әкімдігінің жұмысын ерекше атап өткім келеді, онда егін жинау жұмыстарына арналған арзандатылған жанар-жағар майды электронды бөлу және өткізу бойынша Министрліктің жобасы пилоттық режимде іске асырылды. Көлемдер айқын, кезек тәртібімен, танаптардың электрондық картасына және егістіктердің ғарыштық мониторингіне байланысты бөлінуде.
Аталған тәжірибені біз 2019 жылғы егін себу жұмысының басында барлық өңірлерге таратуды жоспарлап отырмыз.
Астық сақтау сыйымдылықтарының бары
Республикада жалпы астық сақтау сыйымдылығы 26,7 млн. тоннаны құрайды, оның ішінде астық сақтау кәсіпорындарында – 13,7 млн. тонна, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерде – 13,0 млн. тонна. Көрсетілген сақтау қуаттылығының көлемі өткен жылдардың қалдықтарын ескере отырып, болжанған өнімді сақтауға жеткілікті.
Сонымен бірге облыс әкімдіктері астықты танаптардан элеваторларға үздіксіз тасымалдауды қамтамасыз ету мәселесін тұрақты бақылауда ұстауы қажет.
Жаңа өнімнің бағасы
Егер, былтыр бидай 35 мың теңге деңгейінде сатылса, қазіргі таңда 3-сыныпты бидайдың бір тоннасы 48-49 мың теңге тұрады. Біз бағаның одан әрі көтерілуін күтудеміз.
Өткізу нарығы
Жаңа жиналған өнімді экспортқа жіберу үшін дайындық жұмыстары жүргізілуде. Өткен жылы біз астық тасымалдағыш вагондардың жетіспеушілігін байқаған болатынбыз, биыл басқа да мемлекеттік органдармен бірлесіп алдын ала жұмыс істеудеміз және логистика мәселелерін шешу үшін жүйелі жұмыс жүргізіп жатырмыз.
Мысалы, қазақстандық тауарлардың транзиттік елдер арқылы транзиттік тасымалына арналған жоғары тариф мәселесін шешу үшін осындай тарифтерді төмендету жұмыстары жүргізілуде және жаңа альтернативті бағдарлар пысықталуда.
Жалпы алғанда жұмыс штаттық режимде жүргізілуде.

Назарларыңызға рахмет!

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus
Powered by WordPress | Designed by Tielabs
© Copyright 2012, All Rights Reserved