Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар Егін жинау жұмыстарының барысы туралы

Егін жинау жұмыстарының барысы туралы

Бүгін Үкімет отырысында ҚР Ауыл шаруашылығы Бірінші вице-министрі Қ.Айтуғанов осы жылғы егін жинау жұмыстарының барысы туралы баяндады.

«Бүгінгі таңда республика бойынша 11,6 млн. га астық жиналып, 14,7 млн. тонна бастырылды. Егін жинау қарқыны былтырғы жылдың осы уақытымен салыстырғанда 2,4 млн. га немесе 16% артық, республика бойынша барлық егістік алқаптың 76,7% жиналды. Оңтүстік және Батыс Қазақстан, Жамбыл облыстарында масақты дәнді-дақылдарды жинау аяқталды», – деді Қ.Айтуғанов.

Айта кетейік, еліміздің солтүстіктегі басты астықты өңірлерінен 10,6 млн. тонна астық жиналды.

Сонымен қатар Үкімет отырысының барысында бидай, арпа, бау-бақша және майлы дақылдарды жинау жұмыстарының барысы да сөз болды.

«Арпаны жинау жұмыстары аяқталуда. Қазіргі уақытта 1,8 млн. га немесе аумақтың 86% жиналып, 2,7 млн. тонна өнім алынды. Майлы дақылдар бойынша жалпы аумақтың 24% жиналып, 1,2 млн. тонна өнім алынды. Бұл көрсеткіш былтырғы жылдың көлемінен 10% артық. Бақша дақылдарын жинау жұмыстары да жалғасуда. Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстары бойынша аумақтың 76% жиналып, 3,1 млн. тонна өнім алынды (былтырғы жылдан 13% артық). Қант қызылшасы былтырғы жылға қарағанда 1,5 есеге артық жиналады деп күтілуде.», – деді Бірінші вице-министр.

Көктемгі егін жинау жұмыстары үшін аймақтар арзандатылған жанар-жағар маймен қамтамасыз етілді. Астық қабылдау кәсіпорындарының материалдық-техникалық базасы жаңа егін астығын қабылдауға дайын.

Астық сақтау қоймаларының рейтингісін анықтау (сенімді, жарамды, сенімсіз) әдістемесі әзірленді. Осы жылдан бастап «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» рейтингі төмен астық қабылдау кәсіпорындарымен жұмыс істемейтін болады.

Астықтың сапасын арттыру мақсатында ағымдағы жылы тұқым шаруашылығы мен минералды тыңайтқыштарға көрсетілетін қолдау түрлері артты. Соның негізінде, 3 сұрыпты бидайдың үлесі 76% құрады, былтыр бұл көрсеткіш 44% болған, ал клейковинасы 25 пайыздан жоғары бидайдың үлесі – 47%, 2016 жылы бұл көрсеткіш небәрі 9% құрады.

Биылғы жылы астықтың жалпы көлемі 19,5 млн. тоннаны құрайды деп күтілуде. Еліміздің солтүстік астықты өңірлерінен 15 млн. тонна асытқ жиналады деп жоспарлануда.

Шаруалар үшін тағы бір жаңалық – «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» АҚ арқылы бидай бағасының дәлізі оның сапасы мен жеткізу орнына байланысты кеңейтілуі. Мысалға, құрамында 32% клейковина және 15% протеині бар 5 сұрыптағы бидайдың тоннасы – 60000 теңге. 2 сұрыптағы арпа бағасы жеткізу көлемі 1000 тоннаға дейін болса, 40000 теңгеге, ал жеткізу көлемі 1000 тоннадан артық болса, тоннасы 41000 теңгеге дейін артты.
Осы жылы егін жинау науқаны уақытылы аяқталады деп күтілуде.

ҚР АШМ Баспасөз қызметі
+7 (7172) 555-765
mcx.gov@gmail.com

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus