Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Баяндамалар «Егін жинау жұмыстарының барысы туралы» мәселесі бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің селекторлық режимде өтетін мәжіліске арналған Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі Қ.Қ. Айтуғановтың баяндамасы

«Егін жинау жұмыстарының барысы туралы» мәселесі бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің селекторлық режимде өтетін мәжіліске арналған Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі Қ.Қ. Айтуғановтың баяндамасы

«Егін жинау жұмыстарының барысы туралы» мәселесі бойынша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің селекторлық режимде өтетін мәжіліске арналған
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі Қ.Қ. Айтуғановтың баяндамасының тезистері
 (2016 жылғы 20 қыркүйек, сағат 10.00)

Баяндаманың мәтіні

Слайдтар, кестелер

Құрметті Бақытжан Әбдірұлы!
Құрметті мәжіліске қатысушылар!

Егін жинаудың барысы
Тамыз айының үшінші онкүндігінен бастап Қазақстанның барлық өңірлерінде жаппай егін жинау басталды. Облыстардың жедел ақпараттары бойынша 20 қыркүйекке 11,1 млн. гектарға жуық немесе дәнді дақылдардың жиналатын алқабының 72,1% жиналды, бастапқы салмақты 16,5 млн. тоннаға таяу астық бастырылды, түсімділік гектарына 14,9 ц/га құрайды, бұл өткен жылдың тиісті мерзімінен 3,4 ц/га артық. 
Оңтүстік өңірдің облыстары масақты дәнді дақылдарды жинауды аяқтап, күріш пен жүгеріні жинауға кірісті. Егін жинауды Батыс Қазақстан облысының шаруашылықтары аяқтады. Шығыс Қазақстан, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында жиналатын алқаптың 76%-дан 88%-ға дейіні жиналды.
Қазіргі уақытта жүгерінің 38 мың га алқабы жиналды, өнімділік 44,7 ц/га, бұл өткен жылмен салыстырғанда 0,7 ц/га артық, сәйкесінше күріш 48,4 мың. га, өнімділік 35,6, 5,3 ц/га артық. Сонымен қатар, картоп, көкөніс және майлы дақылдарды жинау жүргізілуде, өнімділік тиісінше 188,3 ц/га, 239,9 ц/га, 8,2 ц/га құрады.
Жалпы алғанда астықтың жалпы жиыны бункерлік салмақта 22,0 млн. тоннадан астам көлемде болжануда.
Анықтама: Алдын ала мәліметтерге сәйкес тазаланғаннан кейінгі жалпы түсім 21,0 млн. тонна деңгейіне болжануда, бұл еліміздің ішкі қажеттігін қамтамасыз етуге және экспорт әлеуетін 9,0 млн. тоннаға жеткізуге жеткілікті.
Шамамен 1,7 млн. тонна дәнді дақылдардың тұқымы дайындалды, бұл қажеттіліктің 81%-ын құрайды.
Қазіргі уақытта «Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы» ҰК» АҚ астық сатып алу бойынша өздерінің бағаны жариялады.
Компанияның астық коммерциялық ресурстарына сатып алынатын астыққа келесі бағалар белгіленді: 3-сыныпты бидайдың тоннасына – 41 000-ден 50 000 тенгеге дейін, 4-сынып – 34 000-нан 36 000 тенгеге, 5-сыныпты бидайға – 30 000 тенге және 2-сыныпты арпаның тоннасына – 25 000 тенге.
Осы ретте, биылғы егін жинау кезеңінде Корпорация астықты сатып алуда баға дәлізін сапасына қарай көтергенін атап өту керек.

Бастапқы бет

 

2-слайд
Егін жинау барысы туралы

Мал азығын дайындаудың барысы
20 қыркүйектегі жағдай бойынша 20,1 млн. тонна шөп дайындалды (өткен жылдың деңгейінен  2,2 млн. тоннаға көп). Бұдан басқа 731,6 мың тонна пішендеме (137,4%), 731,1 мың тонна сүрлем (145,3%) және 944,3 мың тонна немесе 78,4% сабан дайындалды.

3-слайд
Жемшөп дайындау барысы

Астықтың сапасы және сақталу жағдайы
20 қыркүйектігі жағдай бойынша АҚК сақтауға 2,3 млн. тоннадан астам астық қабылданды, оның 1,8 млн. тоннасы бидай.
Ылғалдылығы 14,5% дейін болатың астықтың үлесі жалпы көлемнің 74% құрап, өткен жылымен салыстырғанда 19% артық.
Анықтама: Жалпы республика бойынша дәнді дақылдардың аурулары (септориоз, сары тат) бойынша өңдеу 2,4 млн. га астам алқапта жүргізілген (оның ішінде  Ақмола облысында – 874,4 мың га, Шығыс Қазақстан – 48,4 мың га, Қарағанды – 10,2 мың га, Қостанай – 625,8 мың га, Павлодар – 5,1 мың га, Солтүстік Қазақстан облысында – 846,5 мың га), бұл өткен жылдағыдан 1,1 млн. га көп.
Қазіргі кезде республикада 204 лицензияланған астық қабылдау кәсіпорындары жұмыс жасайды, олардың жалпы сақтау сиымдылығы 13,6 млн. тонна. Бұдан басқа АШТӨ 13,0 млн. тоннаға сақтау сиымдылықтары бар.
Демек, жалпы көлемі 26,6 млн. тонна болатын қолдағы бар астық сақтау сиымдылықтары астықтың өтпелі қалдығын қоса есептегенде жаңа егіннің астығын сақтауға жеткілікті.
Электронды астық қолхаттары
20 қыркүйектегі жағдай бойынша астық қолхаттары ақпараттық жүйесінде – 2,8 млн. тонна жалпы көлемінде 11 442 электронды астық қолхаттары, оның ішінде:
Ақмола облысы бойынша – 1,3 млн тонна көлеміне 5 499 электронды астық қолхаттары,  
Қостанай облысы бойынша – 774 мың тонна көлеміне 3 845 электронды астық қолхаттары,        
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша – 478 мың тонна көлеміне 2 268 электронды астық қолхаттары шығарылғанын атап өту қажет.
Белсенді астық қолхаттарының саны 1,6 млн. тонна жалпы көлеміне 9 108 құрады.
Сонымен бірге, бұрын берілген қағаз түріндегі астық қолхаттарын электрондық форматқа өткізу жүргізілуде.
Анықтама: 71,0 мың тонна мөлшердегі шығарылған 137 астық қолхаттарын электронды форматқа өткізілді, оның ішінде 2014 жылғы астыққа – 8 мың тонна мөлшердегі 7 астық қолхаты, 2015 жылғы астыққа – 63 мың тонна мөлшердегі 128 астық қолхаты.
            Ақпараттық астық қолхаттары жүйесін пайдаланушылардың саны 2509 құрады, оның ішінде:
            заңды тұлға – (АО, ТОО) – 1189;
            фермерлік шаруа қожалықтар – 1320.  

4-слайд
Астық сапасы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

5-слайд
Астық сақтау кәсіпорындарының дайындығы
6-слайд
Астық сақтау сыйымды-лықтарының бар-жоғы

Техникамен және жанар-жағармай материалдарымен қамтамасыз ету
Егін жинау науқанына дәнді дақылдар алаңының 70%-ынан астамын
(11 млн. гектар) жинайтын 14 мың бірлік өнімділігі жоғары астық жинайтын комбайндар қатысады.
Республиканың ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерінің ағымдағы жылғы күзгі дала жұмыстарын жүргізуге дизель отынына қажеттілігі 391,6 мың тоннаны құрайды. Бұл қажеттілік толық көлемде бар.
20 қыркүйектегі жағдай бойынша Энергетика және ауыл шаруашылығы министрліктері бірлесіп бекіткен МӨЗ-ге облыстарды бекіту кестесі бойынша жеткізушілер ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге күзгі дала жұмыстарын жүргізуге 307,1 мың тонна (жоспарлаған көлемнің 78%-ы) дизель отынын тиеп жөнелтті.
Өңірлердегі арзандатылған дизель отынының 1 литрі ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін орта есеппен 92 теңгені құрайды (жанармай станцияларында 1 литрі 124 теңге), бұл нарықтық бағадан 26 %-ға арзан.
«Қазгидромет» РМК деректеріне сәйкес осы айдың үшінші онкүндігінде негізгі астық себетін облыстарда (Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан) түндегі ауа температурасы 0-ден 5, кейбір жерлерде 10 жылы,7-ден 12, кейбір жерлерде 2 жылы, күндіз 14-тен 19, кейбір жерлерде 24 жылы 21-ден 26, кейбір жерлерде 16 жылы.
Осы айдағы жауын шашын мөлшері Қостанай және Солтүстік Қазақстан облысының солтүстік-шығысында қалыптан жоғары болады деп, ал басқа аймақтарда (11-ден 33 мм) шамамен қалыпты болады деп күтілуде. 
Ағымдағы мерзімнің қалыптан тыс ауа райы жағдайларын (жауын-шашынның көп болуы), күтіліп отырған жоғары өнімділікті және болжанатын ылғал астық көлемінің көп болуын ескере отырып, астықтың сақталуын қамтамасыз ету үшін қосымша іс-шаралар жүргізу қажет етілуі мүмкін. Осыған байланысты Министрлік Энергетика министрлігімен бірлесіп үстіміздегі жылғы жиналған ылғал астықты тазалау мен кептіру үшін қазан-қараша айларында 74 мың тонна дизель отынын жеткізу жөнінде кесте бекітілді, оның ішінде облыс әкімдіктерімен анықталған операторлар арқылы қазан айында 52 мың тонна және қараша айында 22 мың тонна дизель отынын босату жоспарланған. Назарларыңызға рахмет!

7-слайд
Егін жинау техникасы дайындығы

 

 

8-слайд
Күзгі дала жұмыстарын жүргізуге дизель отынын тиеп жөнелту

 

 

 

 

9 слайд Астықты кептіруді жүргізуге дизель отынына қажеттілік

 

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus