Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар ЕЭО Кеден одағы аумағында мал шаруашылығы өнімдерінің еркін айналымына жағдай жасайды

ЕЭО Кеден одағы аумағында мал шаруашылығы өнімдерінің еркін айналымына жағдай жасайды

21.04.14 ж. Астана қ.

ЕЭО Кеден одағы аумағында мал шаруашылығы өнімдерінің
еркін айналымына жағдай жасайды

2009 жылғы 11-ші желтоқсанда ветеринариялық-санитариялық шаралары бойынша кеден одағының Келісіміне қол қойылды. Бұл Кеден одағы мемлекеттерінің ветеринариялық қызметтерінің негізге алынатын құжат. Келісім мал шаруашылығы өнімдерін, тірі жануарлар мен мал шаруашылығы шикі затын сату кезінде ХЭБ-ның тізіміне қосылған жануарлардың аса қауіпті ауруларының таралуына жол бермеуіне бағыттылған бірлескен іс-әрекеттерді реттейді.

Бұл Келісім үш ел арасында мал шаруашылығының дайын өнімдерін тасымалдау кезінде ветеринариялық бақылауды жеңілдетіп, санитариялық және техникалық реттеу органдарымен орындалатын бақылауын жояды. Тиісінше келесі құжаттардың рәсімдеу қажеттілігі жойылды: өндірушімен рәсімдейтін немесе сертификаттау органдарымен берілетін сәйкессіздік сертификаты және сертификаттау органдарында тіркелетін декларация, өндірушімен берілетін сапа және қауіпсіздік куәлігі.

Сонымен қатар, тауарлардың тасымалдануына қажетті бірнеше процедуралар жойылды:
1) Кеден одағы ішінде ветеринария саласындағы уәкілетті органдарымен бақылауға жататын тауарлардың тасымалдануына берілетін рұқсаттар жойылды;
2) Жақтармен өзара мойындай отырып, Жақтардың уәкілетті органдарымен берілетін ветеринариялық сертификаттарының бірыңғай түрлерін бекіту арқылы ветеринариялық ілеспе құжаттарын қайта рәсімдеуі жойылды;
3) Кеден одағы шеңберінде ветеринариялық сертификаты берілетін позициялар саны қысқартылды (109), ал дайын сүт, балық, май өнімдеріне (23 позиция) ветеринариялық сертификатының берілуі өнім өндірілген орнымен шикізат қауіпсізідігі туралы ақпараты көрсетілген сапа куәлігіне таңба қоюына ауыстырылған.
Сонымен қоса, ветеринария саласындағы интеграция ветеринариялық препараттардың, азық қоспаларының тіркеу нәтижелерін өзара мойындайды. Интеграцияға дейін ветеринариялық препараттардың, азық қоспаларының айналымы кезінде әр елде оларды тіркеу міндетті түрде қажет болды. Бұл шара ветеринариялық препараттардың айналымына қатысушыларға ветпрепаратты КО-на мүше мемлекеттердің бірінде бір рет тіркеп, КО барлық аумағында еркін сатуға мүмкіндік береді.
Бұл ретте, КО шеңберінде дәрі-дәрмектерді, химиялық және микробиологиялық синтезінен өткен азық қоспаларын кіргізу және тасымалдау ветеринариялық сертификатсыз, әзірлеуші-кәсіпорынмен берілетін сапа мен қауіпсіздігін растайтын құжатымен іске асырылады.

Бұған қоса, аталған Келісімді жүзеге асыру үшін КО Комиссиясы шешімімен бес нормативтік құжат қабылданды:
1. Ветеринариялық бақылауға жататын тауарлардың Бірыңғай тізімі;
2. Ветеринариялық бақылауға жататын тауарларына қойылатын Бірыңғай ветеринариялық-санитариялық талаптар;
3. КО кедендік шекарасында және КО кедендік аумағында іске асыратын ветеринариялық бақылауының бірыңғай тәртібі туралы Ереже;
4. Ветеринариялық бақылауға жататын тауарлардан (өнімдерінен) алынатын сынақтарды іріктеу және объектілерді бірлескен тексерістен өткізуінің бірыңғай тәртібі туралы Ереже;
5. Ветеринариялық сертификаттарының бірыңғай түрлері.
Мұнымен, қабылданған нормативтік-құқықтық құжаттардың қабылдануы:
1) Кеден одағы аумағында өнімдердің еркін орын ауыстырылуы келесінің негізінде жүзеге асырылады:
– оларға қойылатын бірыңғай ветеринариялық талаптар;
– Жақтармен өзара мойындай отырып, отандық өнімдерінің қайта лабораториялық зерттеуін қоспағанда бірыңғай ветеринариялық құжаттары:
– өндіріс пен жүктелудің барлық тізбегі бойынша ветеринариялық бақылаудың бірыңғай тәртібі.
2) Кеден одағының ветеринариялық қауіпсіздігінің бірыңғай жүйесін құру және ветеринариялық-санитариялық талаптары мен шараларын қолдану саласында келісілген саясат жүргізуге.
3) Ветеринария саласындағы Кеден одағына мүше мемлекеттердің ынтымақтастығына оң ықпал етеді.
4) Үшінші елдерден кеден одағы аумағына кіргізілетін тауарларға бірыңғай ветеринариялық талаптарын және шараларын қолдануға мүмкіндік береді.
Бұдан басқа, техникалық, сауда-саттық және кедендік кедергілерді жою шығындарды төмендетуге мүмкіндік беріп, Белоруссия, Қазақстан, Ресей кәсіпорындары арасында тауар айналымының өсуіне қолайлы әсер етеді.

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі
Email: minagripress@gmail.com
Тел. 7172 55565
www.minagri.gov.kz

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus