Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар ЕАЭО мемлекеттерінен және үшінші мемлекеттерден әкелінген карантинге жатқызылатын өнімдердің заң бұзушылықтары

ЕАЭО мемлекеттерінен және үшінші мемлекеттерден әкелінген карантинге жатқызылатын өнімдердің заң бұзушылықтары

2017 жылдын 1-нен 14-ші сәуір мерзімінде жоғарғы фитосанитариялық қаупі бар карантинге жатқызылатын өнімдерді тексеріп қарау барысында Қазақстан Республикасы және Еуразиялық экономикалық одағының өсімдік карантині саласындағы заңнамалық бұзушылықтың 12 фактісі анықталды.

Ресей Федерациясынан (40 тонна картоп, 1,05 тонна тұқымды пияз, 600 дана көшет), Қырғыз Республикасынан (19,5 тонна қырыққабат, 49 тонна пияз), Қытай Халық Республикасынан (38 тонна картоп) және Өзбекстан Республикасынан (628 дана көшеттер, 0,26 тонна кептірілген жемістер, 22 дана құмыралық гүлдер) өнімдер республика аумағына міндетті ілеспе фитосанитариялық сертификатсыз әкелінді.

Бұзушылық жасағандар әкімшілік жауапкершілікке тартылды, карантинге жатқызылатын өнімдердің жалпы салмағымен 147,8 тонна және 1250 дана өнім экспорттаушы мемлекеттердің аумағына қайтарылды.

ҚР АШМ Баспасөз қызметі
+7 (7172) 555-765
minagripress@gmail.com

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus