Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар ЕАЭО мемлекет мүшелерінен және үшінші мемлекеттерден әкелінген карантинге жатқызылатын өнімдердің заң бұзушылықтары

ЕАЭО мемлекет мүшелерінен және үшінші мемлекеттерден әкелінген карантинге жатқызылатын өнімдердің заң бұзушылықтары

ЕАЭО мемлекет мүшелерінен және үшінші мемлекеттерден әкелінген карантинге жатқызылатын өнімдердің заң бұзушылықтары

2017 жылдың 28 сәуірінен 5 мамыр аралығындағы мерзімінде жоғарғы фитосанитариялық қаупі бар карантинге жатқызылатын өнімдерді тексеріп қарау барысында Қазақстан Республикасы және Еуразиялық экономикалық одағының өсімдік карантині саласындағы заң бұзушылықтың 9 фактісі анықталды.

Ресей Федерациясынан (8 текше метр кесілген ағаш дайындамалары, 20 кг көкөніс пен гүл дақылдарның тұқымдары), Қырғыз Республикасынан (10 тонна қырыққабат, 20 тонна пияз) өнімдер республика аумағына міндетті ілеспе фитосанитариялық сертификатсыз әкелінді.

Сондай-ақ, Өзбекстан Республикасынан (50 дана көшет, 11 дана құмыралық гүлдер) өнімдер қол жүкпен әкелінуіне тиым салынуының бұзылуы анықталды.

Карантинге жатқызылатын өнімдердің жалпы салмағымен 30,02 тонна, 8 текше метр және 61 дана экспорттаушы мемлекеттердің аумағына қайтарылды.
ҚР АШМ Баспасөз қызметі
+7 (7172) 555-765
minagripress@gmail.com

 

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus
Яндекс.Метрика