Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар ЕАЭО мемлекет мүшелерінен және үшінші мемлекеттерден әкелінген карантинге жатқызылатын өнімдердің заң бұзушылықтары

ЕАЭО мемлекет мүшелерінен және үшінші мемлекеттерден әкелінген карантинге жатқызылатын өнімдердің заң бұзушылықтары

2017 жылдың маусым айының 3-9 аралығында жоғарғы фитосанитариялық қаупі бар карантинге жатқызылатын өнімдерді тексеріп қарау барысында Қазақстан Республикасы және Еуразиялық экономикалық одағының өсімдік карантині саласындағы заңнамалық бұзушылықтың 3 фактісі анықталды.

Ресей Федерациясынан 1,2 тонна картоп, Қытай Халық Республикасынан 8 тонна асқабақ шемішкесі республика аумағына міндетті ілеспе фитосанитариялық сертификатсыз әкелінді.

Сондай-ақ, Өзбекстан Республикасынан 10 кг жоңышқа тұқымдары, қол жүкпен әкелуге тиым салынған 17 кг көкөністерді алып келген.

Заң бұзушылық жасағандар әкімшілік жауапкершілікке тартылды, карантинге жатқызылатын өнімдер жалпы салмағымен 9,23 тонна экспорттаушы мемлекеттердің аумағына қайтарылды.

ҚР АШМ Баспасөз қызметі
+7 (7172) 555-765
minagripress@gmail.com

 

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus