Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар ЕАЭО мемлекет мүшелерінен әкелінген карантинге жатқызылатын өнімдердің заң бұзушылықтары

ЕАЭО мемлекет мүшелерінен әкелінген карантинге жатқызылатын өнімдердің заң бұзушылықтары

2017 жылдың 13 мамырдан 19 мамыр аралығындағы мерзімінде жоғарғы фитосанитариялық қаупі бар карантинге жатқызылатын өнімдерді тексеріп қарау барысында Қазақстан Республикасы және Еуразиялық экономикалық одағының өсімдік карантині саласындағы заң бұзушылықтың 9 фактісі анықталды.

Ресей Федерациясынан (50 текше метр кесілген ағаш дайындамалары, 0,5 тн күріш жармасы, 1 кг көкөніс пен гүл дақылдарының тұқымдары, 39,87 тн жемістердің түр-түрлері, 26 дана көшет), Қырғыз Республикасынан (1,5 тонна қырыққабат, 18 тонна сәбіз) өнімдер республика аумағына міндетті ілеспе фитосанитариялық сертификатсыз әкелінді.

Жоғарыда көрсетілген карантинге жатқызылатын өнімдердің жалпы салмағы 59,87 тонна, 50 текше метр және 26 дана көшет экспорттаушы мемлекеттердің аумағына қайтарылды.

ҚР АШМ Баспасөз қызметі
+7 (7172) 555-765
minagripress@gmail.com

 

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus