Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар ЕАЭО мемлекет мүшелерінен және үшінші елдерден әкелінген карантинге жатқызылған өнімдердің заң бұзушылығы

ЕАЭО мемлекет мүшелерінен және үшінші елдерден әкелінген карантинге жатқызылған өнімдердің заң бұзушылығы

2017 жылдың шілде айының 15-21 аралығында құжат тексеру барысында Қазақстан Республикасының аумағына жоғарғы фитосанитариялық қаупі бар карантинге жатқызылатын өнімдерді әкелу кезінде Қазақстан Республикасы және Еуразиялық экономикалық одағының өсімдіктер карантині саласындағы заңнамалық бұзушылықтың 4 фактісі анықталды.

Ресей Федерациясынан кесілген ағаш дайындамалары (60 текше метр) республика аумағына міндетті ілеспе фитосанитариялық сертификатсыз әкелінген;

Қытай Халық Республикасынан салмағы 22,5 тонна бидай қауызы жарамсыз ілеспе фитосанитарлық сертификатсыз әкелінген.

Өзбекстан Республикасынан салмағы 20 тонна кептірілген мейізді әкелу кезінде ЕАЭО Біріңғай фитосанитариялық талаптардың бұзылғаны анықталды.

Заңбұзушылыққа жол берген өнім иелері әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Жоғарыда көрсетілген карантинге жатқызылатын өнімдердің жалпы салмағы 60 текше метр және 42,5 тонна экспорттаушы мемлекеттердің аумағына қайтарылды.

ҚР АШМ Баспасөз қызметі
+7 (7172) 555-765
minagripress@gmail.com

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus