Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар ЕАЭО мемлекет мүшелерінен және үшінші елдерден әкелінген карантинге жатқызылатын өнімдердің бұзушылығын анықталуы

ЕАЭО мемлекет мүшелерінен және үшінші елдерден әкелінген карантинге жатқызылатын өнімдердің бұзушылығын анықталуы


2017 жылдың қараша айының 11- 24 аралығында құжат тексеру барысында Қазақстан Республикасының аумағына жоғарғы фитосанитариялық қаупі бар карантинге жатқызылатын өнімдерді әкелу кезінде Қазақстан Республикасы және Еуразиялық экономикалық одағының өсімдіктер карантині саласындағы заңнамалық бұзушылықтың 99 фактісі анықталды.
Ресей Федерациясынан 10 жағдайда (картоп – 49 тонна, 18,3 тонна бидай, – 21,509 тонна жеміс,0,2 тонна арпа уыты пиломатериал – 45 куб.м) міндетті ілеспе фитосанитариялық сертификатсыз әкелінген. Сонымен қатар 2 тонна алма өнімін әкелу кезінде карантинді обьект шығыстың жеміс жемірі анықталды.
Өзбекстан Республикасынан 4 жағдайда (лимон 0,2 тонна, хурма-24,5 тонна,) Комсток сымыры карантиндік обьект анықталды ал 0,008 тонна алма өнімі міндетті ілеспе фитосанитариялық сертификатсыз әкелінген
Қырғызстан Республикасынан өнімді әкелу кезінде 7 жағдайда өнім (картоп – 1,1 тонна, құрма – 0,5 тонна, күріш – 1,2 тонна, сәбіз – 1,2 тонна, алма – 4,9 тонна, жаңғақ – 0,5 тонна, жүзім – 17 тонна) өнімі міндетті ілеспе фитосанитариялық сертификатсыз әкелінген; 25 жағдайда (картоп – 4 тонна, жаңғақ – 15,8 тонна, күріш – 1,5 тонна, алма – 66,8 тонна, сарымсақ – 0,5 тонна, қауын – 50 дана, алмұрт – 16,6 тонна, кептірілген жеміс – 15,7 тонна, сәбіз – 0,8 тонна, лимон – 1,5 тонна, қызанақ – 16,5 тонна, жүзім – 3,5 тонны, құрма – 1,2 тонна) буып-түюсіз әкелінген; 51 жағдайда өнімде (алма – 47,7 тонна, кептірілген жеміс – 207,6 тонна, құрма – 366,4 тонна, жүзім – 81,7 тонна, алмұрт – 1 тонна, қызанақ – 0,1 тонна, анар – 1,6 тонна, бұрыш – 1,6 тонна, жаңғақ – 33, 03 тонна, күріш – 1,2 тонна, фасоль – 0,6 тонна, лимон – 0,4 тонна) карантинді обьектілер – шығыстың жеміс жемірі, комсток сымыры, арамсояу және азиялық жеміс шыбыны анықталып отыр.
Заңбұзушылыққа жол берген өнім иелері әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Жоғарыда көрсетілген карантинге жатқызылатын өнімдердің жалпы салмағы 1 004,8 тонна және 45 куб, және 50 штук экспорттаушы мемлекеттердің аумағына қайтарылды 24,7 тонна өнім жойылды.

ҚР АШМ Баспасөз қызметі
+7 (7172) 555-765
minagripress@gmail.com

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus
Яндекс.Метрика