Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар ЕАЭО мемлекет мүшелерінен және үшінші елдерден әкелінген карантинге жатқызылатын өнімдердің бұзушылығын анықталуы

ЕАЭО мемлекет мүшелерінен және үшінші елдерден әкелінген карантинге жатқызылатын өнімдердің бұзушылығын анықталуы


2017 жылдың тамыз айының 4-11 аралығында құжат тексеру барысында Қазақстан Республикасының аумағына жоғарғы фитосанитариялық қаупі бар карантинге жатқызылатын өнімдерді әкелу кезінде Қазақстан Республикасы және Еуразиялық экономикалық одағының өсімдіктер карантині саласындағы заңнамалық бұзушылықтың 6 фактісі анықталды.

Ресей Федерациясынан әкелінген кесілген ағаш дайындамалары (70,5 текше метр), банан (18 тонна), айсберг салаты (11 тонна) республика аумағына міндетті ілеспе фитосанитариялық сертификатсыз әкелінген;
Сондай-ақ, Өзбекстан Республикасынан салмағы 1,6 тонна шабдалыны әкелу кезінде карантиндік объект – шығыс жеміс жемірі анықталды.

Заңбұзушылыққа жол берген өнім иелері әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Жоғарыда көрсетілген карантинге жатқызылатын өнімдердің жалпы салмағы 70,5 текше метр және 30,6 тонна экспорттаушы мемлекеттердің аумағына қайтарылды.

ҚР АШМ Баспасөз қызметі
+7 (7172) 555-765
minagripress@gmail.com

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus