Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар ЕАЭО мемлекет мүшелерінен және үшінші елдерден әкелінген карантинге жатқызылатын өнімдердің бұзушылығын анықталуы

ЕАЭО мемлекет мүшелерінен және үшінші елдерден әкелінген карантинге жатқызылатын өнімдердің бұзушылығын анықталуы

2017 жылдың шілде айының 21-нен тамыз айының 4-і аралығында құжат тексеру барысында Қазақстан Республикасының аумағына жоғарғы фитосанитариялық қаупі бар карантинге жатқызылатын өнімдерді әкелу кезінде Қазақстан Республикасы және Еуразиялық экономикалық одағының өсімдіктер карантині саласындағы заңнамалық бұзушылықтың 13 фактісі анықталды.

Ресей Федерациясынан кесілген ағаш дайындамалары (108 текше метр), қияр (8 тонна), қызанақ (12 тонна) республика аумағына міндетті ілеспе фитосанитариялық сертификатсыз әкелінген;

Өзбекстан Республикасынан салмағы 58,75 тонна жемістерді әкелу кезінде ЕАЭО Біріңғай фитосанитариялық талаптардың бұзылғаны анықталды.

Сондай-ақ, Қырғызстан Республикасынан салмағы 160 кг шабдалыны әкелу кезінде карантиндік объект – шабдалының жеміс жемірі анықталды. Аталған факт бойынша материалдар сотқа берілді.

Эквадордан әкелінген 312 дана гүл кесінділерінде карантиндік объект – гүлдің батыс трипсі анықталды. Карантиндік заңға сәйкес залалданған гүлдер жойылды. Карантиндік заң талаптарына сәйкес залалданған гүлдер жойылды.

Израильден әкелінген 120 дана гүл кесінділерінде карантиндік объект – гүлдің батыс трипсі анықталды. Карантиндік заң талаптарына сәйкес залалданған гүлдер жойылды.

Заңбұзушылыққа жол берген өнім иелері әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Жоғарыда көрсетілген карантинге жатқызылатын өнімдердің жалпы салмағы 108 текше метр және 78,75 тонна экспорттаушы мемлекеттердің аумағына қайтарылды.

ҚР АШМ Баспасөз қызметі
+7 (7172) 555-765
minagripress@gmail.com

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus