Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет АӨК туралы басылымдар Е.Нысанбаев: Қазақстанда шетелдік азаматтарға шекаралас аудандарда жер жалдауға тыйым салынған

Е.Нысанбаев: Қазақстанда шетелдік азаматтарға шекаралас аудандарда жер жалдауға тыйым салынған

Қазақстанда шетелдік азаматтарға жер сату, сондай – ақ шекаралас аудандарда жерді жалға беру тыйым салынған, деп «Байсерке-Агро» ЖШС базасында Алматы облысының жұртышылығымен өтіп жатқан кездесуде ҚР ауыл шаруашылық вице-министрі Ерлан Нысанбаев мәлім етті.

Өз сөзінде вице-министр Қазақстанда жердің жалпы саны 273,5 млн гектарды құрайтындығын айтып өтті. Оның ішінде ауыл шаруашылығының пайдалы жері 100,7 млн га-ны құрайды, 24 млн га – егістік жер. Оның ішінде 98 пайызы ұзақ мерзімді жалдауға арналған. Оның ішінде үштен бір бөлігі 1,3 млн га жер жеке меншікке арналған.

«Бүгінгі күні ауыл шаруашыылығының жалпы саны жалға беру құқығында пайдаланылады, ауыл шаруашылығында – 57 млн гектар, агроөнеркәсіптікте-47 млн гектар. Талаптар: ауал шаруашылық жерлерді шетелдіктерге беру тыйым салынған, сондай-ақ шекаралас аудандарға да тыйым салынған»,-деді вице-министр.

Сондай-ақ, вице-министрдің айтуы бойынша жалға алушылар мен жеке кәсіпкерлерде мемлекет алдында міндеттері бар.

«Егер жер тиімсіз пайдаланылса, мемлекетке жерді қайтару туралы санкция қойылады»,-деді ол.

Источник: https://strategy2050.kz/news/36339/

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus