Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар «Нұр Отан» ХДП сарапшылары мал шаруашылығын аралады

«Нұр Отан» ХДП сарапшылары мал шаруашылығын аралады

«Нұр Отан» ХДП жанындағы сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі республикалық қоғамдық кеңестің мал шаруашылығын дамыту бағдарламасының іске асырылуына мониторинг жүргізу жөніндегі Сараптау тобындағы ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары көшпелі отырыс барысында «ҚазАгро» ұлттық холдингі желісі бойынша жүзеге асырылатын мал шаруашылығы жобаларының біріне барды. Саланың келешегі мен келелі мәселелерін талқылау Ақмола облысы Еңбекшілдер ауданында орналасқан «KazBeef ltd» ЖШС (КазБиф) репродуктор-шаруашылықтарында өткізілді. Объектіге бару «Қазақстан Республикасында мал шаруашылығын дамытудың өзекті мәселелері мен келешегі» мәселесі бойынша алда болатын парламенттік тыңдау шеңберінде жүзеге асырылды.

Сараптау тобы, оның төрағасы ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Төлеген Ибраевтың басшылығымен шаруашылықтағы ағымдағы жағдаймен танысты және репродуктордың инфрақұрылым объектілері – жайылым жерлерді, сумен жабдықтау, техникалық және технологиялық базаларды аралап қарап шықты.

“KazBeef Ltd” ЖШС асыл тұқымдық шаруашылық құруы Қазақстандағы қазіргі іске асырылып жатқан ірі қара мал етінің экспорттық әлеуетін дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламаның шеңберіндегі алғашқы тәжірибелердің бірі болып табылады. 2010 жылы ұлттық холдинг республикада тұқымдық шаруашылықтардың (репродукторлардың) желісін құруды болжайтын инвестициялық бағытты бекіткеннен кейін «ҚазАгроӨнім» АҚ арқылы Солтүстік Дакота (АҚШ) штатынан Ангус және Герефорд тұқымды 1327 сиыр мен 20 бұқа сатып алынды.

Бүгінде “KazBeef Ltd” ЖШС жалпы мал табынының саны бордақылау алаңындағы малды қосқанда шамамен 9 мың ІҚМ басын құрайды, оның ішіндегі 3 500 басы – аналық малдар. Қазіргі уақытта асыл тұқымды малдар жайылымда, әлі де бұзаулап жатыр. Бекітілген және жалға алынған аумақтарды қоса алғандағы жайылымның жалпы алаңы шамамен 140 мың га құрайды. 4 желсорғыш жүйесі орналастырылған және 32 суару орындары бар 36 км.су құбыры жүргізілген. Шаруашылықта асыл тұқымды мал басын 10 мың басқа дейін, соның ішінде аналық малды – 5 мың басқа дейін жеткізу жоспарлануда. Өткен жылы 660 бастан астам аталық бұқалар сатылған. Элиталы ангус және герефорд тұқымдары Қарағанды, Павлодар, Шығыс-Қазақстан және Ақтөбе облыстарының шаруашылықтарына жіберілді.

“KazBeef Ltd” ЖШС атқарушы директоры Бейбіт Ерубаевтың айтуы бойынша алдағы уақытта шаруашылық жемшөп шаруашылығы, репродукторы, бордақылау алаңынан бастап етті қайта өңдеуге және оны әрі қарай экспорттауға дейінгі жөнге келтірілген жүйесі бар тікелей ықпалдастырылған компания болы қажет. Ерубаев былай деді: «Бүгін біз жаңа өнім туралы сөз етеміз – бұл мәрмәр және осындай етті Қазақстанның нарығына шығаруды ойластырып отырмыз, оның өз сатып алушысы болуы және одан әрі Ресей, Қытай, Таяу Шығыс және Оңтүстік-Шығыс Азия сияқты елдерге экспортталуы қажет. Бұл біздің жоспарларымыз, жақын арадағы 5-7 жыл ішінде қалай жұмыс істеу, қайда қозғалу бойынша жұмыс бастан асады, бағыттар бар және де осы бағыттармен жұмыс істейміз деп ойлаймын».

Сараптау тобының өкілдері шаруашылық жүргізген жұмысқа баға берді, өндірістегі – малды күтіп бағудан және техникалық жарақтандырудан бастап тиімді менеджмент пен малды өсірудегі іскер әдістерге дейінгі инновациялық технологияларды қолдануды ерекше атап өтті. Алайда, Парламент депутаттарының айтулары бойынша жемшөп өндірісі мен ветеринариялық қызмет көрсету мәселелеріне көңіл бөлу қажет. Сарапшылар айтқандай, бұл екі аспект қазіргі таңдағы аса өзекті мәселе болып отыр және жалпы Қазақстанда мал шаруашылығын дамыту бағдарламасын іске асыру барысындағы кешенді шешімді қажет етеді.

«Нұр Отан» ХДП жанындағы сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі республикалық қоғамдық кеңестің мал шаруашылығын дамыту бағдарламасының іске асырылуына мониторинг жүргізу жөніндегі Сараптау тобының төрағасы, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутатыТөлеген Ибраев: «2010 жылы болған кезеңмен салыстырғанда, қазіргі айырмашылық үлкен. Халық қазіргі жүзеге асырылып отырған жобаның шын мәнінде бүкіл халықтық екендігін түсінді. Дегенмен, бәрі де жүзеге асырылды деуге әрине, ертерек. Біз әлі де біраз жұмыс істейтін нәрселер бар. Біріншіден, бұл малды азықтандыру, берік жемшөп қоры болуы қажет. Екіншіден, бұл ветеринариялық қауіпсіздік. Басқасының бәрі бұл жерде бар. Суат бар, азықтандыру, мамандар бар. Бізге осы екі мәселені шешу қажет. Жігіттер шаруашылықта жаңа технологияларды батыл енгізуден қорықпайды. Жалпы, бағыт дұрыс, сөзсіз жобаның болашағы бар.

Өз кезегінде, жобаны қаржыландырушы компания – «ҚазАгроӨнім» АҚ Басқарма төрағасы Александр Солюлёв, қазақстанның мал шаруашылығының жоғары әлеуеті туралы пікірін айтты, осы ретте ол республиканың экспортқа бағдарланған мал шаруашылығы өнімдерін өткізуден астық секторымен салыстырғандағы көлемде, тіпті одан да көп валюталық түсім ала алатынын атап өтті. «ҚазАгро» холдингінің еншілес компаниясы басшысының айтуы бойынша, жаңа технологиялар енгізу қажет. «Сөзсіз, қандай да болмасын қателер болады, мүмкін кейбір бағыттарды алып тастармыз, ал кейбіреуін жетілдіре түсерміз, бұл әрине, жұмыс процессі».

Анықтама:

2011-2012 жылдары республикада жалпы қуаты 35,2 мың бордақылау орны бар бордақылау алаңдары құрылды, соның ішінде «ҚазАгро» ұлттық холдингі қаражаты есебінен – 17,7 мың бордақылау орындары. Осы кезеңдер ішінде репродукторлар құру шеңберінде республикаға 30 мың бас асыл тұқымды ірі-қара мал алып келінді, соның ішінде 22,7 мың басы «ҚазАгро» холдингінің қаражаты есебінен сатып алынды.

Жалпы «ҚазАгро» ұлттық холдингі компаниясы тобының қаржыландыруымен фермерлік шаруашылықтарды дамыту бағдарламасы шеңберінде 2011-2012 жылдар аралығында ауыл тұрғындары 115 мың аналық ІҚМ басын және 4,5 мың бас асыл тұқымды аталық бұқаларды сатып алды. 2013 жылы Холдингтің қолдауымен шаруашылықтар 20,3 мың ІҚМ басын және 1167 бас асыл тұқымды аталық бұқаларды сатып алды.

«ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ АӨК саласында қызметін жүзеге асыратын акционерлік қоғамдарды тиімді басқару арқылы Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытуды ынталандыру мақсатында 2006 жылы құрылды. Холдингтің құрамына «азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ҰК» АҚ, «ҚазАгроӨнім» АҚ, «ҚазАгроҚаржы» АҚ, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ, «ҚазАгроКепіл» АҚ, «ҚазАгроМаркетинг» АҚ кіреді.

_________________________________________________________________________

«ҚазАгро» ҰБХ» АҚ Баспасөз қызметі

Ринат Тасболатов, +7 701 460 91 82, R.Tasbulatov@kazagro.kz

тел: (7172) 70-56-39, www.kazagro.
http://kazagro.kz/kz/news/1385–l-r-

Пікір қалдыруға болмайды

Система Orphus