Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Баспасөз хабарламалары Экологиялық сараптама

Экологиялық сараптама

Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті халықаралық және республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде балық өнімділігін анықтау, рұқсат етілетін жалпы балық аулау мөлшерінің 2015 жылға арналған биологиялық негіздемелерінің (бұдан әрі – Биологиялық негіздемесі) келесі бөлімдерін мемлекеттік экологиялық сараптамадан өткізуге жолдайды:
Ертіс бассейні бойынша Биологиялық негіздемесі (Зайсан көлі, Бұқтырма және Шүлбі су қоймалары, Ертіс өзені);
Жайық-Каспий бассейні Биологиялық негіздемесі (Атырау және Батыс Қазақстан облысы бойынша Жайық өзені, Қиғаш өзені және сағалық кеңістіктмен);
Балқаш-Алакөл бассейні Биологиялық негіздемесі (Балқаш көлі, Қапшағай су қоймасы және Іле өзені, Алакөл көлдер жүйесі);
Арал-Сырдария бассейні Биологиялық негіздемесі (Арал теңізі, Сырдария өзені, Шардара су қоймасы);
Есіл бассейні бойынша Биологиялық негіздемесі (Есіл өзені, Қ. Сәтпаев атындағы су арнасы);
Каспий теңізінің Қазақстандық бөлігінде биологиялық ресурстар жағдайын бағалау бойынша кешенді теңіздік зерттеулер жүргізу бойынша Биологиялық негіздемесі .

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus