Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар Құдық қазғандарға субсидия беріледі

Құдық қазғандарға субсидия беріледі

Құдық қазғандарға субсидия беріледі

 

31.01.13

Алдағы жеті жылда елімізде 4 мың құдық салу арқылы 8 млн гек­тар жерді суландыру мәселесі шешілмекші. Ең бастысы, құдық қазуды мал шаруа­шылығы саласындағы тауар өндірушілердің өздері жүргізеді, шығынын да өздері көтереді. Құдық пай­да­ла­нуға берілген соң, оған жұмсалған шығынның 80 ­па­йызын Үкімет субсидия ретінде шаруа қожалы­ғына қайтарып береді. Бұл туралы кеше Ауыл ша­руа­шылығы министрлігінде өткен брифингте мәлім болды.

Құдықтарды салуды ұйымдастыру қомақты қаржыны қажет етеді, осы проблеманың өзі жайылымды суландыру жә­не жайылымды мал шаруашылығын дамытуға қолбайлау болып тұр. Осыған байланысты Ауыл шаруашылығы ми­нистр­лігі инвести­циялық жобалардың капитал ауқымын және өтеу мерзімін қыс­қарту мақсатында «Агробизнес– 2020» бағдарламасы аясында жайылымдардың инфрақұрылымын дамытуға бағытталған ин­вести­циялық салымдар кезіндегі шығындарды ішінара өтеуді көздейтін мемлекеттік қолдау түрін енгізуді ұсынып отыр.

Министрліктің Мал шаруашылығы департаменті ди­ректоры Қанат Ыдырысовтың айтуынша, қазылатын 4 мың құдық 360 мың бас ірі қара малы, 3 600 мың бас қой және ешкі, 120 мың бас жыл­қы­ны жайылыммен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Алдын ала есеп бойынша, 2020 жылға дейін 4 мың құдыққа 28 млрд теңге шығын жұмсалады. Оның 80 пайызы, яғни 22 млрд теңгесі инвестициялық суб­сидия ретінде төленеді.

«Бұл мал шаруашылығымен айналысатындар үшін өте тиімді. Себебі олар құдық құнының 80 пайызын кері қай­тарып алады. Ол үшін бізге құдықты салып болған соң, тиісті құжаттарын әкеліп, тапсыруы керек. Бұл жұмыстың негізгі операторлары – облыстар­дағы ауыл шаруашылығы бас­қармалары. Субсидияны беру 2014 жылдың 1 қаңтарынан басталады. Егер биыл құдықты салып, құжаттарын тапсы­рып қойса, келесі жылы құдық салуға жұмсаған ақшасының 80 пайызын қайтарып алады», – дейді Қ.Ыдырысов.

Оның сөзіне қарағанда, аталған жұмыстарды қадағалау үшін Ауыл шаруашылығы министрлігінің Мемлекеттік инспекция ко­ми­тетінде басқарма құрылады екен.

Бұл бастама құдық қазушы, бұрғылаушы мекемелердің бизнесін қыздырмақшы. Бірден айта кетерлігі, құдық қазатын мекемені шаруалардың өздері таңдайды. Бұл жерде тек бір ғана мәселе бар, алдын ала есеп бойынша бір құдық­тың бағасы 4-5 млн теңгеге түсуі мүмкін екен. Ал шаруа қожалықтарының бәрінде бірдей басы артық 4-5 млн теңге бар деп айта аламыз ба?..

Халима БҰҚАРҚЫЗЫ

Астана

http://www.aikyn.kz/index.php?option=com_content&task=view&id=18510&Itemid=2

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus