Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар Атырау облысының екі тұрғыны заңсыз 36 кг астам балық аулады

Атырау облысының екі тұрғыны заңсыз 36 кг астам балық аулады

a0bca24417d9c2cb983df480ecc
Атырау облысының екі тұрғыны
заңсыз 36 кг астам балық аулады
«Бекіре – 2015» балық қорғау акциясы аясында ҚР АШМ Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің Атырау облыстық инспекциясының қызметкерлері рейдтік іс-шара барысында Жайық өзенінде қайықты басқарған Құрманғазы ауданының екі тұрғыны тоқтатылды.
Қайықты тексерген кезде 27 кг сазан, 9 кг астам уылдырығы бар шоқыр балығы мен ау анықталды.
Алынған балық мемлекеттік монополия субъектісі ретінде Жайық-Атырау бекіре балық өсіру зауытына өткізілді.
Осы факті бойынша материалдар құқық қорғау органына жолданды.

ҚР АШМ баспасөз қызметі
+7 (7172) 55-57-65
E: minagripress@gmail.com
W: www.minagri.gov.kz

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus