Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет АӨК туралы басылымдар Қазақстандағы сүт импортының үлесі «100 қадам» аясында 28%-дан 18%-ға дейін төмендетіледі – Е.Көшербаев

Қазақстандағы сүт импортының үлесі «100 қадам» аясында 28%-дан 18%-ға дейін төмендетіледі – Е.Көшербаев

Қазақстанда «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын орындау шеңберінде 2020 жылға қарай тұтынудағы сүт импортының үлесін 28%-дан 18%-ға төмендету жоспарланған, деп мәлімдеді бүгін ОКҚ брифингінде ҚР ауыл шаруашылығы вице-министрі Ермек Көшербаев.

«Ұйымдастырылған шаруашылықтарда тауарлы сүт өндірісі көлемі 2020 жылға дейін 500 мың тоннаға артып, сондай-ақ отандық өндірістік қуаттылықтарды жүктеу деңгейін 70%-ға дейін арттыру және тұтынудағы сүт импортының үлесін 28% дан 18%-дейін төмендету күтілуде», – деді Е.Көшербаев.

Ол «100 нақты қадам» ұлттық жоспарындағы 60-шы қадамды жүзеге асыруға бағытталған іс-шаралар ҚР-да сүт өндіру және қайта өңдеуді дамытуға стратегиялық инвесторларды тартуға мүмкіндік беретінін айтып өтті.

«Қазіргі таңда шетелдік серіктестердің қатысуымен өткізу мәселесі қаралып жатыр. Бұл барлығы тәулігіне 210 тонна сүт шығара алатын үш сүт-тауарлы ферманы салуға қатысты мәселе», – деп толықтырды вице-министр.

Сонымен, оның айтуынша, Ақтөбе облысындағы қазір жұмыс жасайтын кәсіпорын базасында тәулігіне 60 тонна сүт өнімдерін өндіре алатын, Алматы облысында қуаты 100 тонналық және Ақмола облысында тәулігіне 50 тонна өнім бере алатын ферма салынады.

Вице-министр айтып өткендей, «100 нақты қадамды» жүзеге асыру аясындағы іс-шаралар жоспарында келесі мәселелерді шешу қарастырылған: «Бәйтерек» және «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингтері арқылы АӨК-дегі жобаларды қаржыландыру, несиелер мен лизинг бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялауды арттыру, жалған өнім жасауды және өнім қауіпсіздігін бақылауды күшейту, сауда алаңдарын кеңейту, логистикалық орталықтар құру және техникалық реттеуді дамыту арқылы отандық тауар өндірушілерге жағдай жасау.

«Жалған азық-түлік өнімін анықтау және отандық өндірілген азық-түлік тауарларын тұтынуды дәріптеу бойынша жұмысты жандандыру үшін зертханаларды заманауи жабдықтармен техникалық жабдықтау қарастырылған», – деп нақтылады Е.Көшербаев.

Бұдан өзге, жоспарда жақсы генетикасы бар асыл тұқымды материалды мал шаруашылығында пайдалануды, сүт өндірісі инфрақұрылымын дамытуды және жем-шөп өндірісін дамытуды ынталандыру қарастырылған.

Сондай-ақ, өндіріске жаңа технологияларды енгізу бойынша ғылыми-іс-тәжірибелік іс-шаралар жүргізуге, сүтті мал шаруашылығы саласындағы шетелдік сарапшыларды тартумен оқыту семинарлары білімдерін тарату орталықтары арқылы мемлекеттік тапсырыс көлемін арттыру күтілуде.

Қайта өңдеу бойынша жобаларды мемлекеттік қолдау Агробизнес-2020 бағдарламасының, сондай-ақ индустриалды-инновациялық дамытудың екінші бесжылдығы бағдарламасының басымдығы болып табылады.

АШМ мәліметінше, 2014 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанда 5 млн тоннадан астам сүт өндірілді. Оның ішінде жеке қосалқы шаруашылықтарда – 82%, ауыл шаруашылығы құрылымдарында – 18%. Сүтті қайта өңдеу үлесі жалпы өндіріс көлемінің 40%-ын құрайды.

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus