Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Баяндамалар «2013 жылғы көктемгі егіс жұмыстарын өткізуге дайындықтың барысы туралы» мәселе бойынша селекторлық режимде өтетін Қазақстан Республикасы Үкіметінің отырысында Ауыл шаруашылығы министрі А.С. Мамытбековтың баяндамасы

«2013 жылғы көктемгі егіс жұмыстарын өткізуге дайындықтың барысы туралы» мәселе бойынша селекторлық режимде өтетін Қазақстан Республикасы Үкіметінің отырысында Ауыл шаруашылығы министрі А.С. Мамытбековтың баяндамасы

   «2013 жылғы көктемгі егіс жұмыстарын өткізуге дайындықтың барысы туралы» мәселе бойынша

 селекторлық режимде өтетін Қазақстан Республикасы Үкіметінің отырысында Ауыл шаруашылығы министрі А.С. Мамытбековтың баяндамасы 

 

Құрметті Серік Нығметұлы!

Құрметті Үкіметтің отырысына қатысушылар!

 

Себу алқаптары және егіс алқаптарын әртараптандыру

Облыстың алдын ала деректері бойынша республика бойынша 2013 жылы ауыл шаруашылығы дақылдарын 21,4 млн. га алқапта орналастыру жоспарланды, бұл 2012 жыл деңгейінде (0,5% кем). Бұл ақпараттардың ақиқатқа барынша жақын екенін айтуға болады, оған кейінгі екі жылдағы бақылауды қатайту ықпалын тигізді, оның ішінде космостық мониторингті пайдалумен.

Көктемгі егіс алқабы 18,6 млн. га құрайды.

Дәнді дақылдар 15,9 млн. га, оның ішінде бидай – 13,0 млн. га алқапта себіледі.

Мемлекет басшысының 2012 жылғы кеңейтілген Үкімет отырысында  берілген тапсырмасын жүзеге асыру және Ауылшармині, облыс әкімдіктері, «ҚазАгро» Ұлттық холдингі және «Қазагроиновация» АҚ арасында жасалған 2012-2016 жылдарға арналған ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алқаптарын әртараптандыру бойынша меморандумдар аясында басым дақылдардың алқабын кеңейту есебінен 2012 жылғы деңгеймен салыстырғанда бидай алқабының 468,0 мың га (3,5%), күріш – 5,7 мың га (6,1%), азайуы күтілуде.

Мысалы, дәндік жүгері алқабы 5,6 мың га, басқа дәнді дақылдар алқабы 76,8 мың га ұлғаяды.

Майлы дақылдар алқабы 2013 жылы 1,9 млн. га жетеді, бұл өткен жылғы деңгейден 43, мың га артық, мал азық дақылдар – 3,1 млн. га (265,0 мың га артық).

Жалпы барлық ауыл шаруашылығы дақылдарының болжанған егіс алқабы Меморнадуммен көзделген индикативті көрстекіштерге сәйкес келеді, ал майлы, мал азықтық және көкөнісбақша дақылдары бойынша одан тиісінше 38,1 мың га, 60,8 мың га және 5,0 мың га артық.

Осымен бірге кейбір облыстарда меморандумдардың индикативті көрсеткіштеріне қол жеткізілмеуде, ауыл шаруашылығы дақыладрының егіс алқаптарын өткен жылғы деңгейден қысқартылуы күтілуде.

Мысалы Алматы облысында қант қызылшасы бойынша Меморандум көрсеткіштерінен 10,0 мың гектарға немесе 3,6 есеге кем. Солтүстік Қазақстан облысында 2012 жылмен салыстырғанда ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алқабының ұлғайғанның орнына жалпылай алғанда156,3 мың гектарға, Қостанай облысында – 120,0 мың гектарға азайуы күтілуде.

Осыған орай 2013 жылғы «Стратегия «Қазақстан–2050» Қазақстан халқына Жолдауында айтылған Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау үшін облыс әкімдіктеріне басымды ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алқаптарын кеңейту бойынша шаралар қабылдау қажет.

Оның үстіне кәзіргі уақытта субсидиялау бойынша барлық тетіктер әкімдіктерге берілген. Кейбіреулер оларды белсенді пайдалануда, мысалы Қарағанды облысында жұмсақ бидайды базалық субсидиялауды  қысқарту арқылы малазықтық, көкөніс дақылдарын және картопты мемлекеттік қолдауды едәуір арттыруға қол жеткізілді.

Ақмола және Қостанай облыстарында бидайдың базалық субсидиясы едәуір төмендетілген, және тиісінше ғылыми негізделген және ылғалресурссақтау технологиясы бойынша себілетіндерге және майлы малазықтық дақылдарға жоғарылатылған.  Осымен бірге басқа аймақтарда әлі де болса солқылдақтық білдіру байқалады. Жігерілікті көрсету және өсімдік шаруашылығын әртараптандыру үшін  мемлекеттік қолдаудың тетіктерін пайдалану қажет.

Мал шаруашылығын дамыту бағдарламасын жүзеге асыруға байланысты мал азықтық дақылдарының алқаптарын ұлғайтуға, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді тұқыммен және мал азықтық дақылдарды өсіру үшін арнайы техникамен  және азық дайындаумен қамтамасыз етуге ерекше назар аудару қажет.

Алайда,  мал азығын дайындаудың көлемдері бойынша облыстардың жедел есептілік деректері мен   Статистика агенттігінің деректері айырмашылыққа жол берілуде, ол жалпы республика бойынша 2012 жылы 3,0 млн. тоннаны құрады (ОАШБ жедел ақпарты бойынша 15,4 млн. тонна шөн дайындалған, ал Статистика деректері бойынша бұл көрсеткіш 12,0 млн. тоннаны құрады). Бұл ретте көп айырмашылыққа Ақмола, Қызылорда, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Оңтүстік Қазақстан облыстарында жол берілген. Осымен бірге  малдың өлім-жітімінің жекелеген фактілері болсада, нақтысында қыстың қиын болғандығына қарамастан мал азығының жетіспеушілігі және мал басының азайуына жол берілген емес. Бірақта осындай жылдардың қайталанатындығын ескере отырып, барлық жағдайды бақылауда ұстау керек, осындай фактілерді алдағы уақытта болдырмау бойынша әкімдіктермен шаралар қабылдануы қажет.

Кіріспе

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2 слайд

Ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алқаптарының 2013 жылға арналған болжамы

 

 

 

1 ақпарат

ҚР бойынша облыстар және дақылдар кесіндісінде егіс алқаптарының құрылымы

 

 

3 слайд

2013 жылға арналған егіс  алқаптарын әртараптандыру бойынша Меморандумдардың  орындалу болжамы

 

 

 

 

 

Топырақтың ылғалмен қамтамасыз етілу жағдайы

Гидрометқызмет мәліметтері бойынша  топырақтың жоғары қабатындағы нақты күзгі ылғал қоры мен қыста түскен жауын-шашынды ескере отырып, көктемнің басына топырақтағы ылғал қоры еліміздің барлық аумағында оңтайлы және қанағаттанарлық болады. Бұл ағымдағы жылы жақсы өнім алуға алдын-ала жағдай жасайды.

Көктемгі егісті жүргізу ерекшеліктері туралы А.И. Бараев атындағы астық шаруашылығы ҒӨО бас директоры Ж.А. Қасқарбаев баяндайды.

 

АШТӨ қаржыландыру және несиелендіру

Көктемгі егіс жұмыстарын қаржыландыру және материалдық техникалық жабдықтау мәселелері шешілген.

Атап айтқанда бюжеттік кредиттің қаржысы және Ұлттық қордың қаржысы есебінен  КазАгромен   көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын  жүргізуге АӨК субектілерін несиелендіру, кейіннен АШТӨ-ні қаржыландыру үшін шағын несие ұйымдарын несиелендіру, АӨК субектілерінен ауыл шаруашылығы өнімдерін сатып алу жүргізілетін болады.

Бұл туралы «КазАгро» ҰБХ» АҚ Басқармасының төрағасы Д.Н. Айтжановтың баяндамасында айтылады.

Ағымдағы жылы өсімдік шаруашылығы саласын субсидиялауға барлық бағыттар бойынша 31,5 млрд. теңге бөлінді.

Анықтама ретінде:

1) басымды дақылдар өндірісін субсидиялауына – 18,6 млрд. теңге;

2) жеміс-жидек пен жүзімді отырғызуға  және өсіруге – 1,4 млрд. теңге;

3) минералдық тынайтқыш және гербицид бағасын арзандатуға – 7,0 млрд. теңге;

4) суарылатын суды жеткізуге – 1,6 млрд. теңге;

5) мақта сапасын сараптауға – 0,4 млрд. теңге;

6) тұқым шаруашылығын дамытуға – 2,5 млрд. теңге.

Және бұл ауыл шаруашылығы техникасын лизингілеу бойынша сыйақы төлембәсін арзандатуға арналған субсидияны және отандық және шетелдерде өндірілетін гербицидтердің құнын арзандатуға арналған субсидияның көлемін көбейтуді есепке алмағанда.

 

Құрметті Серік Нығмет ұлы!

 

АӨК 2020 жылға дейін дамыту бағдарламасының аясында 2013 жылғы бюжетті нақтылағанда жалпы алғанда АӨК қаржыландыру көлемін 41,1 млрд. теңгеге көбейту көзделгеніне, оның 17,6  млрд. теңгесі – гербицидтерду субсидиялауға, жергілікті атқарушы органдардың  көңілін аударғымыз келеді. Ақиқатында бұл ақшалар облыстарға ағымдағы жылдың маусымынан ерте түспейді. Бірақта бұл көлемдерді жер-жерлерде гербицидтерді алушылардың тізімін қалыптасыру кезінде кәзір ескеру қажет.

Сондықтан, құрметті Серік Нығметұлы, бізді қолдауыңызды, осы қаражаттың бөлінетінін растауыңызды, сол сияқты Ауылшарминіне тиісті соманы бөлуге және облыстарға жеткізуге тапсырманы  осы мәжілістің хаттамасына енгізуді сұраймыз. 

2 ақпарат

Республикалық бюджет қаржысы есебінен көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын несиелендірудің барысы туралы

 

 

4 слайд

2013  жылғы өсімдік шаруашылығын субсидиялау

 

 

ЖЖМ қамтамасыз ету

Республиканың АШТӨ 2013 жылғы көктемгі жұмыстарынжүргізу үшін дизель отынына қажеттілігі технологиялық карталарға және жоспарланған ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алқабына сәйкес шамамен 360 мың тоннаны құрады (былтырғы жылғы деңгейде).

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігімен бекітілген «2013 жылғы көктемгі дала жұмыстарына дизель отынын жеткізу бойынша облыстарды МӨЗ-на бекіту кестесін» орындау үшін жолдайды.

2013 жылғы көктемгі дала жұмыстарын жүргізу үшін АШТӨ дизель отынының арзандатылған бағасы қосымша құн салығын қоса есептегенде 1 тоннасына 93975 теңге деңгейінде бекітілгенін атап өтеміз немесе 1 литрі 78 теңгеден. АШТӨ операторлар мен көлік шығындарын ескере отырып аймақтарда дизельотынынң орташа бағасын шамамен 1 литріне 90 теңге болады, ол нарық бағасынан 11-12 % төмен (102 тенге/литр).

А. ж. 27 наурызына көктемгі дала жұмыстарын жүргізу үшін   ресурсұстаушылармен 49,5 мың тонна дизель отынының арзандатылған облыстардың АШТӨ тиелді. (ақпан-наурыз айына жоспарланғанның 50%).

5 слайд

 

2013 жылғы 27 наурызға

Көктемгі дала жұиыстарын жүргізу үшін АШТӨ арзандатылған дизель отынын тиеу

3 ақпарат

ЖЖМ АШТӨ қажеттілігі

4 ақпарат

АШТӨ арзандатылған дизельотынын тиеу

Тұқыммен қамтылу

Облыстардың мәліметтері бойынша тұқыммен қамтамасыз етілу қажеттіліктің 98,9% құрайды (2097 мың тонна қажеттілігінде, 2074,3 мың тонна бар).

Тұқым жетіспеушілігі 32,4 мың тонна көлемінде күтіледі (Ақтөбе облысында – 8,3 мың тонна, Батыс Қазақстан облысында – 4,8 мың тонна және Қостанай облысында – 19,3 мың тонна), соның ішіндегі 9,3 мың тонна облыстардың ресурстары есебінен, ал 23,1 мың тонна – мемлекеттік тұқым ресурстарынан толтырылады («Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ҰК» АҚ-да 21,3 мың тонна тұқым бар, соның ішінде Ақмола облысының  АҚК –      10,7 мың тонна, Батыс Қазақстан АҚК – 0,4 мың тонна, Қостанай облысының АҚК – 10,2 мың тонна).

Қазіргі кезде Корпорацияға республиканың АШТӨ-нен мемлекеттік ресурстан 21,0 мың тонна тұқым беру туралы 20 өтінім түсті (соның ішінде Ақмола облысынан – 10702,4 тоннаға 3 өтінім, Батыс Қазақстан облысынан – 100 тоннаға 1 өтінім, Қостанай облысынан – 9328,6 тоннаға 15 өтінім, Солтүстік Қазақстан облысынан – 856,7 тоннаға 1 өтінім).

Корпорацияның тұқымды АШТӨ-не беруі тұқымдық несие ретінде екінші дәрежелі банктердің кепілдігі болған жағдайда немесе алдын-ала төлеу тәртібі бойынша жүзеге асырылады. Бұл ретте АШТӨ тұқым сатып алу үшін жоғарыда көрсетілген несиелеу түрінің біреуін пайдалану мүмкіндігі бар.

Тұқымдардың егіс сапасын жаппай тексеру жалғасып жатыр. 83,9% тексерілген, себілген тұқымның 83,3% кондициялы болып табылды.

 

6 слайд

2013 жылдың өніміне ауыл шаруашылығы дақылдарының тұқымына қажеттілік және қамтамасыз етілуі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ауыл шаруашылығы техникасының дайындығы

Республика бойынша ауыл шаруашылығы техникасы дайындығының қарқыны былтырғы жылға денгейден жоғары. 2013 жылғы 1 cәуірде тракторлардың дайындығы 91% (2012 – 87%), сепкіштер 91% (85%), қопсытқыштар – 93% (85%), сепкіштерге тұқым құюшылар – 100% (88%) құрайды.

2012 жылы АШТӨ 5785 бірлік техника сатып алынды, соның ішінде: тракторлар – 1856, астық комбайндары – 1059, егіс кешендері – 203, сепкіштер – 464, дестелегіштер – 310, қопсытқыштар – 49 және басқа да техника 1844 бірлік.

Ағымдағы жылы егіс жұмыстарына 3,0 мың бірлік жоғарыөнімді егіс кешендері қатысады, ол қысқа агротехникалық мерзімде дәнді дақылдардың егіс алқабының 60% себуге мүмкіншілік жасайды.

АШТӨ-ге қаржылай көмек көрсету және ауыл шаруашылығы техникасын сатып алуды ынталандыру мақсатында 2013 жылдан бастап Министрлікпен  ауыл шаруашылығы техникасының лизингі бойынша сыйақының пайыздық ставкасын арзандатудың жаңа бюджеттік бағдарлама жүзеге асырылады.

Осы бағдарламаны жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 23 қарашадағы «2013-2015 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заңымен 9 млрд. теңге (жыл сайын 3 млрд теңге) бөлінді. Бұл ретте, жылына 14%-ға дейін сыйақы мөлшерлемесімен ауыл шаруашылығы техникасының лизингін субсидиялау көзделген, оның 7%-ға дейін лизингке алушы ал қалған 7% республикалық бюджет есебінен өтеледі.

2013 жылы ауыл шаруашылығы техникасын лизингке беру сыйақысы ставкасын арзандату үшін бөлінетін 3 млрд теңге 50 миллиард теңгеден артық сомаға ауыл шаруашылығы техникасын сатып алуға мүмкіндік береді.

Субсидиялаудың басымды бағыттарына ауыл шаруашылығы техникасын лизингке беру, соның ішінде, мал азығын әзірлеу және жем-шөп өндірісі, мелиоративтік жұмыстар, тамшылатып суару жүйесі бойынша жұмыстар жүргізу және басқа ауыл шаруашылығы техникасын лизингке алушылар үшін қажетті жұмыстарды жүргізу жатады.

Осымен қатар,  ауыл шаруашылығы техникасын лизингке беру пайыздық ставкасын арзандату бойынша жүргізілетін шараларды тиімді жүзеге асыру, Бюджеттік бағдарламаның администраторы мен қаржы институттарының қарым-қатынастарын реттеу үшін 2020 бизнесінің жол картасысын жүзеге асыру аясындағы «ДАМУ» АҚ қатысу тәжірибесі бойынша Оператор қызметін тарту қажет.

Ауыл шаруашылығы министрлігі әзірлеген Ауыл шаруашылығы техникасын кредитке (лизингке) беру сыйақысы ставкасын арзандату ережелері бойынша әзірлеген Қаулы жобасы аясында Оператор қызметін тарту көзделген.

Осы орайда аталған Ережелер жобасын Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігімен келісу барысында Оператор қызметін қаржыландыруға қатысты сұрақтар туындады.

Осыған байланысты Ауыл шаруашылығы министрлігі аталған бюджеттік бағдарламаның пилоттық екенін ескере отырып, қосымша қаржы тартпай, Оператор қызметін аталған бюджеттік бағдарламаның қаржы есебінен қаржыландыруды ұсынады.

Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігімен  Оператор қызметін қаржыландыру мәселесі бойынша келісімге келу үшін қолдау көрсетуіңізді сұраймыз.

Бұл кезекте осы кезге дейін Қазақстанға алыс шетелдерден астық жинау комбайындарын әкелу үшін квота бөлу мәселесі шешілмей отырғанын атай өту керек.

Еуразия экономикалық комиссиясының ағымдағы жылдың 25 ақпанындағы шешімімен Кедендік Одақ аумағына әкелінетін астық жинау комбайындары мен модулдері имортының баж салығын 5 пайыздан 32,5% арттыру отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің қаржылық жағдайына кері әсерін тигізетін болады.

Ауыл шаруашылығы министрлігі  отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер қосымша қаржылық жүктемесіз сапалы шетелдік ауыл шаруашылығы техникасын сатып алу үшін балама шешім ретінде республикаға сырттан әкелінетін комбайындарды бұрынғы кедендік ставкалар бойынша әкелу үшін арнайы квота бөлу жолын ұсынған.  Алайда, күні бүгінге дейін бұл мәселе шешімін тапқан жоқ.

Осы орайда Үкіметтен арнайы квота енгізу мәселесін жедел қарастыруды сұраймыз.

Слайд 7

Ауыл шаруашылығы техникасының дайындығы

5 ақпарат

Ауыл шаруашылығы техникасының дайындығы

Анықтамалық:

Осы бағдарламаны жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 23 қарашадағы «2013-2015 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заңымен 9 млрд. теңге (жыл сайын 3 млрд теңге) бөлінді

 

Анықтама ретінде:

Еуразия экономикалық комиссиясының алқа мәжілісінің ағымдағы жылдың 25 желтоқсанындағы отырысы барысында 25 ақпаннан бастап 2013 жылдың 5 шілдесін қоса алғанға дейін Кедендік Одақ аумағына әкелінетін астық жинау комбайындары мен модулдері импортының баж салығын арттыру туралы шешім (289) қабылданған.

Аталған шараны қабылдау астық жинау комбайындары бойынша бекітілген импорттық баж салығының (5%) (алыс шетелдерден әкелінетін) үстеме  27,5%. арнайы қорғау салығының салынатын білдіреді.

 

Көктемгі-егіс жұмыстарын жүргізу

Кәзіргі кезеңде оңтүстік аумақтағы облыстар көктемгі-егіс жұмыстарын жүргізуге кірісті, олардың қарқыны өткен жылдан біршама жоғары. Ылғалды жабу көзделгеннен 57%-ға жүргізілді, егу алдындағы өңдеу – 41%-ға.

Жаздық дәнді дақылдар 83 мың га (23%) алқапта себілді, майлы дақылдар – 31,5 мың га (9%), көкөніс бақша дақылдары және қартоп – 13,9 мың га (6%), көп жылдық шөптер – 34,9 мың га (36%).

Сотүстік өңірде бұл жұмыстағамамыр айының ортасында кіріседі, сондықтан кейбір мәселер пайда болған жағдайда оларды дер уақытында шешуге мүмкіндік бар.

8 слайд

Көктемгі егіс жұмыстарын жүргізудің барысы

 

6 ақпарат

Көктемгі егіс жұмыстарын  жүргізудің барысы туралы

Күздік дақылдардың жағдайы

Қыстап шығудың қорытындысы бойынша 542 мың га күздік дәнді дақылдардың 17 мың гектары жойылды. Сақталған 525,0 мың га егіннен 216,0 мың га (41%) жақсы жағдайда сақталды, қанағаттарлық – 253 мың га (48%), нашар жағдайда – 56 мың га (11%).

7 ақпарат

Күздік дәнді дақылдарының жағдайы туралы

 

Ылғал ресурссақтау технологияларын қолдану

Енді агроөнеркәсіп еңбекшілері алдында топырақтың ылғалын барынша сақтау, барлық агротехникалық жұмыстарды дер уақытында жүргізу міндеттері тұр. Бұл жұмыста ылғал ресурссақтау технологиясын қолдану үлкен рөл атқарады.

2012 жылы жалпы республика бойынша ылғал ресурссақтау технологияларын пайдалануымен  дәнді дақылдар 12,4 млн. га алқапта өсірілді, бұл олардың жалпы алқабының 77%. Бұл ретте нөлдік технологиялар 2,5 млн. га алқапта қолданылды, ол жалпы ылғал ресурссақтау технологияларын қолдану алқабының 20% құрайды.

Ағымдағы жылы ылғал ресурссақтау технологияларын қолдану алқабын 12,6 млн. га дейін жеткізу көзделуде, оның ішінде нөлдік технологияларды – 2,8 млн. га дейін.

Қорытындысында көктемгі егіс жұмыстарын тиісті мерзімде және жоғарғы сапамен дер уақытында жүргізу бойынша қажетті шараларды барлық деңгейлерде қабылдаудың қажеттігіне тағыда көңіл аударғым келеді.

 

Көңіл бөліп тыңдағандарыңызға рахмет!

 

 

 

 

9 слайд

Ылғал ресурссақтау технологияларын енгізу туралы

8 ақпарат

Ылғал ресурссақтау технологияларының 2012 жылғы қолданылуы және 2013 жылға болжамы туралы

 

 

Жанар-жағар май материалдары мен басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын субсидиялау

2013 жылы көктемгi егiс және егiн жинау жұмыстарын жүргiзуге қажеттi жанар-жағар май материалдары мен басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын субсидиялауға облыстардың жергілікті бюджеттерінен 18,6 млрд. теңге қарастырылған.

2012 жылы осы бюджеттік бағдарлама бойынша 18,9 млрд. теңге бөлініп ол толығымен игерілді.

Осы іске асырылған шара басым ауыл шаруашылығы дақылдары өндірісінің агротехнологиялық циклын 16,4 млн. гектар алқапта қамтамасыз етті.

Нәтижесінде осы бағдарлама бойынша 56 мың АШТӨ субсидия алды.

 
Тыңайтқыштар мен гербицидтерді субсидиялау

Ағымдағы жылы  тыңайтқыштар мен гербицидтерді субсидиялау механизміне өзгерістер енгізіліп отыр. Атап айтқанда, алғаш рет отандық қана емес, шетелдік өндіріс гербицидтері де субсидияланатын болады. 2013-2020 жылдарға арналған агрөнеркәсіп кешенін дамыту жөніндегі бағдарламаны іске асыру аясында 2013 жылғы бюджетті нақтылау кезінде бұрынғы 1,0 млрд. теңгеден 19,1 млрд. теңгеге дейін «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне гербицидтерді субсидиялауға арналған қаражатты ұлғайтуға бағытталған ағымдағы нысаналы трансферттер» атты бюджеттiк өтінім енгізу жоспарланып отыр.

Аграрийлерге минералдық тыңайтқыштар мен гербицидтерді арзандатылған бағамен отандық зауыттан да, бұл ретте субсидияны зауыт алады, жаңа механизм бойынша да сатып алу мүмкіндігі беріледі, мұнда тыңайтқыштар мен гербицидтерді, оның ішінде шетелдік өндіріс аналогтарын еркін нарықта сатып алған жағдайда субсидия соңғы тұтынушы – ауыл шаруашылығы тауарын өндірушіге төленеді. Бұл ретте отандық өнімді сатып алған кезде субсидия нормасы құнының 50 %-на дейін, шетелдік – 30 %-на дейін құрайтын болады.

Механизмді өзгерту жергілікті жерлерде өтінімдер жинау, тізімдер құру, субсидия нормаларын есептеу және т.б. бойынша көп жұмыс атқаруды талап етеді. Осыған орай облыс әкімдеріне субсидияланатын басым дақылдар тізбелерін, тыңайтқыш пен гербицид  түрлерін және олардың субсидия нормаларын бекітуді тездетуді, сондай-ақ минералдық тыңайтқыш өндіруші зауыттарға тыңайтқыш алушылардың тізімдерін беруді ұсынамыз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus