Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Баяндамалар ҚР Үкімет отырысындағы ҚР Премьер-Министрінің Орынбасары – Ауыл шаруашылығы министрінің ​ баяндамасы​

ҚР Үкімет отырысындағы ҚР Премьер-Министрінің Орынбасары – Ауыл шаруашылығы министрінің ​ баяндамасы​

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Орынбасары – Ауыл шаруашылығы министрі А. Мырзахметовтың
ауыл халқын жұмыспен қамту шаралары бойынша баяндама тезистері

Құрметі Кәрім Қажымқанұлы,
жиналысқа қатысушылар!

Сіздің назарыңызға ауыл тұрғындарын жұмыспен қамтамасыз ету және АӨК өнімдері өндірісінің көлемдерін жеке қосалқы шаруашылықтарды пайдалану арқылы арттыру бойынша шаралармен таныстыруға рұқсат етіңіз.
 (1 Слайд). Аталған мәселенің өзектілігі келесіде:
1)  2015 жылдың қорытындысы бойынша республикада 675 мыңнан астам адам жеке қосалқы шаруашылық жүргізумен айналысады. Бұл адам ресурсын ауыл шаруашылығы өнімдерінің тауарлы өндірісіне тартудың зор әлеуеті болып табылады.  
2) сүт және еттің 70-80% жеке қосалқы шаруашылықтарда өндіріледі. Алайда мал шаруашылығы өнімдерінің аталған көлемі өнімдерді дайындау және өткізу мәселелерінің шешілмеуіне байланысты қайт өндеуге жеткізілмейді, осының салдарынан қайта өндеуші кәсіпорындар тек  60 % ғана жүктелген.
(2-3 Слайдтар). Осыған орай, негізгі шара ретінде біз ауыл шаруашылығы кооперативтері құрылымындағы шаруашылық жүргізудің шағын формаларын дамытуды ұсынамыз:
1) сүт қабылдау бойынша пункттер желісін құру;
2) отбасылық бордақылау алаңдарын құру.
Құрылатын ауыл шаруашылығы кооперативтері қосымша келесілермен айналысуға мүмкіндіктері бар:

1) жүн мен тері дайындау;
2) жеміскөкөністерді дайындау;
3) ара шаруашылығы;
4) отбасылық құс шаруашылығы;
5) тауарлы балық шаруашылығы.
 (4 Слайд). Осы слайдта тауарлы сүт өндірісінің құрылымы көрсетілген. Бүгінде сүттің 80% жеке қосалқы шаруашылықтарда өндіріледі.
 (5-6 Слайдтар). Жұмыс істеп тұрған сүт зауыттарының жүктемелігі 64% құрайды. Қолданыстағы қуаттылықтары қосымша 680 мың тонна сүт өндеуге мүмкіндігі бар. Біздің есебіміз бойынша бүгінде ЖҚШ сүт зауыттарына 1,3 млн. тоннадан астам сүт жеткізуге дайын.
 (7 Слайд).  Құаттылықтарын жүктеуге мүмкін болатын сүт көлемдерін анықтау мақсатында біз жұмыс істеп тұрған сүтөндеуші кәсіпорындармен сауалнама жүргіздік. 152 кәсіпорын ішінен 93 кәсіпорын ЖҚШ-нан 380 мың тонна көлемінде сүт сатып алуға дайын. 59 кәсіпорын таза шикізат сатып алуға қызығушылық танытпады, себебі олардың өндірісі құрғақ сүт пайдалануға негізделген.
Көбіне сүт өндеүші кәсіпорындар дайын өнім қорабында   құрғақ сүтті пайдалану туралы ақпаратты көрсетпейді және бұндай өнім табиғи сүттің бағасымен сатылады. Осыған байланысты, тұтынушылардың құқықтарын қорғау Комитетіне өндірілетін сүт өнімдеріне техникалық регламент талаптарын ұстану бойынша бақылауды күшейту қажет. 
 (8 Слайд). Сүт қабылдау пункттерін АШК базасында құру қарастырылады. ЖҚШ кредит алуы үшін міндетті талап – жеке кәсіпкерлігін ашуды рәсімдеу. КазАгро тарапынан сүт қабылдау пунктіне кредит және лизинг ұсынылаьын болады (салқындатқыш танкерлер, көмекші жабдықтар, сүт тасығыш автомашина, айналымдық қаражаттар).
Бұл рете, ауылдық округ әкімдіктері құрылатын кооперативтердің құрылтайшы құжаттарын тіркеуді ұйымдастыру және рәсімдеумен айналысуы керек.
(9 Слайд).  Сүт зауыттарының қуаттылықтарының жүктемелігін қамтамасыз ету үшін 668 сүт қабылдау пункттерін құру жоспарланған (2016 ж. – 147 бірлік., 2017ж. – 267 бірлік., 2018 ж. – 254 бірлік.).
Құрылатын пункттердің жалпы жылдық қуаттылығы 380 мың тонна. Логистикамен қамтамасыз ету үшін 167 сүт таситын автомашина сатып алу қажет.  (4 сүт қабылдау пунктіне 1 сүт таситын автомашина есебінен).
(10 Слайд).  Аталған слайдта 1 сүт қабылдау пунктінің өтелімділігі және жұмысының тиімділігі көрсетілген.
1 кг сүтті 60 теңгеге сатып алып және оны 70 теңгеге өткізген кезде, өткізуден түсетін жылдық кіріс 39,3 млн.теңгені құрайды.
Пункт шығындары 36,7 млн.тг құрайды, бұл ретте кредитті өтеу және салық төлемдерінен кейін түсетін таза пайда 1 988 мың теңгені құрайды. Салынған қаражаттарды қайтару мерзімі 1,5-2 жыл, жоба өтелімділігінің мерзімі – 3 жыл.

(11 Слайд).  Нәтижесінде 3 жыл ішінде 2100 жұмыс орыны құрылатын болады, сонымен қатар қосымша 160 мың адам тұрақты негізде сүт тапсырудан кіріс алумен  қамтылатын болады.
Сүт зауыттарының қуаттылықтары  64% дан 84%-ға дейін көбейіп, бұл өз алдына қайта өнделген өнімнің өндірісін 30%-ға дейін арттыруға мүмкіндік береді.
2100 жұмыс орыны құрылатын болады.
Салықтық түсімдер 1 млрд. теңгеден астам.
 (12 Слайд). Осы слайдта сиыр еті өндірісінің құрылымы көрсетілген. Сиыр етінің өндірісінің жалпы көлемі жыл сайын артып отыр, бұл реттегі ЖҚШ үлесі 75%.
(13 Слайд). Қайта өндеушәі кәсіпорындардың қуаттылығы 61%-ға жүктелген.
 (14 Слайд). Екінші бағыт – бұл отбасылық бордақылау алаңдарын құру.
Отбасылық бордақылау алаңдары үшін әлеутті бұқашықтардың саны 495 мың басты құрайды.
Бұл жерде біз 5-15 бас бұқашық сатып алуға көңіл бөлуді және 3 жыл ішінде жалпы саны 32 мың отбасылық бордақылау алаңдарын ашуды ұсынамыз (2016 ж – 7 079 бірлік, 2017 ж – 12 871 бірлік, 2018 ж – 12 228 бірлік).
(15 Слайд). Келесі слайдта бордақылау алаңдарының кооператив базасында өзара әрекеттесу сызбасы көрсетілген. Бордақылау алаңдарын ветеринариялық зертханасы және тоңазытқышы, рефрижератор мен азық цехы қарастырылған орталықтанған сою алаңдарында мал союды ұйымдастыру мақсатында кооперативке біріктіру қарастырылған.
(16 Слайд). 3 жылға қажетті қаражаттың жалпы сомасы 49,9 млрд. тг құрайды. (2016 ж. – 10,8 млрд. тг, 2017 ж. – 20 млрд. тг, 2018 ж. – 19,1 млрд .тг.).
Одан басқа, оларды кооперативке біріктіру мақсатында ағымдағы жылы әр өңірде бір пилотты жобаны ұйымдастыру ұсынылады. Аталған бағытты жүзеге асыру нәтижесінде құрылатын бордақылау алаңдарымен қосымша 100 мың тона ет өндірілетін болады.
Өндірілген ет қайта өндеу кәсіпорындарына және салқындатылған күйінде базарларға өткізілетін болады.
(17 Слайд). Аталған слайдта бордақылау алаңдарының тиімділігі мен өтелімділігінің есебі көрсетілген.
Мысалы, 10 басқа арналған бір бордақылау алаңына жылына 2 айналым жүргізен кезде, яғни бордақылаудың әр кезеңі 6 айдан болғанда, шығындар 2,8 млн.теңгені құрайды (бұқашықтарды сатып алуға – 2,2 млн.тг., азық сатып алуға – 0,6 млн. тг).
Осындай шаруашылықтың жылдық жалпы табысы 788 мың теңге, ал кредитті өтеу және салық төлемдеріне кеткен шығындарды есептегенде, бірінші жылы 239,0 мың теңге көлемінде пайда табады.
Жоба өтелімділігінің мерзімі 3 жыл.
(18 Слайд). Бір ауыл шаруашылығы кооперативінің құны 45,6 млн. теңгені құрайды (сою пункті, тоңазытқыш камера, рефрижератор, азықцехы және айналымдық қаражатар).
(19 Слайд).  Отбасылық бордақылау алаңдарын құрудың іс-шараларын жүзеге асыру нәтижесінде  32 мыңнан астам ЖҚШ жеке кәсіпкерлікке айналады және 15-30 мың тг. көлемінде ай сайынғы табыспен қамтамасыз етіледі.
65 мыңнан астам үнемі қызмет істеп тұратын жұмыс орындары құрылатын болады.
Бағдарлама жыл сайын жергілікті бюджеттерді 3 млрд. тг. көлемінде түсіммен қамтамасыз етеді.
 (20 Слайд). Ұсынылған шараларды жүзеге асыру үшін 2016-2018 жылдарға 66,6 млрд. тг қажет. Біз, 2016 жылы аталған шараларды жүзеге асыру үшін «Жұмыспен қамту 2020» жол картасы бағдарламасының бар қаражаттарын және «ҚазАгро» ҰБХ АҚ тартылған қаражаттарын пайдалануды ұсынамыз.
2017-2018 жылдардың индикативті көрсеткіштерің жүзеге асыру үшін ЖҚЖК жоспарланған қаражатар жеткіліксіз. Осыған орай, аталған бағдарлама бойынша қосымша қаржыландыру үшін несиелендіру және субсидиялауға тиісінше 16,7 млрд. тг және 15,9 млрд. тг көлемінде қаражат қажет.

Құрметі Кәрім Қажымқанұлы!

Жоғарыда айтылғаннын негізінде, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі ұсынған ауыл халқын жұмыспен қамту шараларын қолдауды және облыс әкімдіктеріне бағдарламаны өңірлерде жүзеге асырудың индикативті көрсеткіштерін аңықтауға тапсырма беруіңізді сұраймыз.

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus