Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Баяндамалар Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің төрағасы Р. Құрмановтың ветеринария саласы бойынша заңнаманы жетілдіру мәселесіне арналған баяндамасы

Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің төрағасы Р. Құрмановтың ветеринария саласы бойынша заңнаманы жетілдіру мәселесіне арналған баяндамасы

Ветеринария саласы бойынша заңнаманы жетілдіру

Ветеринария заңнамасына баға беру бойынша, Халықаралық Эпизоотиялық Бюросының миссиясы 2011 жылы жүргізілді. Осы миссияның қорытындысы негізінде, Ветеринария заңнамасының үйлестіру жоспары дайындалды. Осы аталған жоспардың шеңберінде, 2014 жылы Ветеринария саласының заңнамасын жетілдіру жұмыстары жүргізілді.

– жануарларға бірдейлендіру жұмыстарын жүргізу үшін, жануарлардың иелеріне құлақ сырғаларын ақысыз қайтарымсыз беру нормасы, Қазақстан бойынша бірінші рет енгізілді, сонымен бірге ветеринариялық анықтама және ветеринариялық төлқұжаттар ақысыз қайтарымсыз беріледі;

– CAR -дың тиісті талаптары бойынша, сапалы құлақ сырғаларымен қамтамасыз ету үшін, осы жылдан бастап оларды сатып алу жұмыстары, мемлекеттік ветеринариялық мекеменің орталықтандырылған структуралық бөлімшесі ретінде анықталған Процессингтік орталық арқылы атқарылатын болады. Бұл Процессингтік орталық, республикалық сапалы құлақ сырғаларының артық мөлшерін қамтамасыз етумен айналысады, сонымен бірге жануарларға бірдейлендіру жұмыстарын жүргізудің мониторингілеуді нақтылайды.

– әкімшілік акиматы құрған мемлекеттік ветеринариялық мекемелер, аса қауіпті және энзоотиялық аурулардың іс шараларын жүргізумен қатар, жануарлардың жұқпалы емес ауруларының іс шараларын атқарумен айналысады, сонымен бірге ветеринариялық анықтама берумен, ветеринариялық төлқұжат берумен, бірдейлендіру бойынша ауыл шаруашылығы жануарларын есептік базаға енгізумен және оның көшірмесінен үзінді берумен айналысады, жануарларды санитарлық союға тасымалдаумен, сонымен бірге материалдық техникалық жабдықтауды сатылы жүргізудің арқасында, әкімшілік акиматтардың ұсыныстарына сәйкес, оларды есепке ала отырып атқарады.

Сонымен бірге, ветеринария саласы бойынша заңнаманы бұзу кезінде, жеке және заңды тұлғалардың әкімшілік жауапкершілігі, сонымен бірге жергілікті атқарушы органдары қызметкерлерінің жауапкершілігі нақтыланды және қатаңдатылды.

Өздеріңізге белгілі болғандай, жақында Үкіметпен мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттікті кезекті бөлісу жүргізілді, онда жергілікті атқарушы органдардың беделін күшейтіп, рөлін көтеруге жоғары баға берді, онда ветеринария саласы бойынша, бұрын Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің аумақтық инспекциялары іске асыратын бақылау, қадағалау және іске асыру функцияларын жергілікті атқарушы органдарға беру арқылы ролін күшейтуге бағытталды.

Өкілеттікті беру қызметін орындау үшін, Комитеттің жалпы штатынан 1 097 штаттық бірліктері немесе 45% Комитеттен жергілікті атқарушы органдарына берілді. Осындай жолмен, Комитет ЖАО ветеринарлық дәрігерлерінің қызметіне бақылау, бақылаудағы объектілердің экспортына, импортына және транзитіне байланысты, мелекеттік шекарада бақылауды жүргізетін болады.

Сонымен қатар, 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап ветеринария саласында кәсіпкерлік қызметті жүргізетін жеке және заңды тұлғалармен, мемлекеттік ветеринарлық ұйымдармен ветеринарлық қызмет көрсету кезінде ҚҚС төлеуден босату нормасы жаңартылып және нақтыланды, сондай-ақ ҚҚС төлеуден ветеринарлық препараттардың импортын босату нормалары нақтыланған.

2015 жылы Ветеринарлық заңнаманы жетілдіру бойынша жұмыс жалғасатын болады. Жекелей айтқанда, контрабандалық жануарларға қатысты, оларды уақытша бағып ұстау және жою бойынша шараларды қабылдауды реттейтін нормалар заңнамалық деңгейде бекітілетін болады.

Сондай-ақ, әділет органдарында мемлекеттік тіркеуде жатқан, нормативтік құқықтық актілері бойынша жұмыстар жалғасатын болады және келесі тәртіптері реттеледі:

– жануарларға карантиндеу жүргізу, ветеринарлық препараттарды және азық қоспаларын мемлекеттік тіркеу және т.б.

Қазақстан Республикасындағы эпизоотиялық жағдай

Қазіргі таңда, Қазақстан Республикасы аумағында аса қауіпті аурулар бойынша эпизоотиялық жағдай тұрақты.

2014 жылы жануарлардың аса қауіпті аурулары бойынша ошақтар саны 8 %-ға төмендеген.

Жануарлардың аса қауіпті аурулары ошақтары санының төмендеуі, ветеринариялық препараттарға қойылатын талапты күшейту, сондай-ақ «Агробизнес-2020» бағдарламасына сәйкес, халықаралық GMP стандарттар сапасына сәйкес келетін ветеринариялық препараттарды қолдану нәтижесінде мүмкін болды. Мысалы, 2013 жылдың екінші жарты жылдығынан бастап, яғни 20 айдан артық уақыт бойы Қазақстан аумағында аусыл ауруы тіркелген жоқ.

Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру

2014 жылы «Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру» бағдарламасының порталдық нұсқасы іске қосылды. Бұл бағдарлама «on-line» режимінде мал басын есепке алуды және кез келген уақытта жануарлардың және жануар текті өнімдердің шығу тегіне және орын алмастыруына қадағалау жүргізуге мүмкіндік береді. Алдағы уақытта мал басына есеп жүргізуді www.iszh.kam.kz веб-порталында жүргізу қажет болады.

Бірақ, бүгінгі күнге дейін, әкімдіктер аудандық ветеринариялық стансалар мен ветеринариялық пункттерді интернетке қосу жұмыстарын толық жүргізген жоқ. Осылайша, әкімдіктерге жергілікті бюджеттен жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік ветеринариялық ұйымдарын интернет байланысына қосу үшін, белгіленген тәртіппен жергілікті бюджеттен қаржы бөлуге байланысты, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2014 жылғы 2 маусымдағы № 23 Хаттамасының 4.3 тармақтарымен берілген тапсырмасы орындалмай отыр.

Республика бойынша барлығы АЖББ компьютерлік дерекқорға енгізетін 2 360 нүкте бар, олардың 1 670 – интернет желісіне қосылған, ал 702 – қосылмаған. Мысалы, Атырау, Шығыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарындағы ветеринариялық стансалар мен ветеринариялық пункттердің итернетке қосылуы 50%-дан да төмен.

Бұдан басқа, 2014 жылы кейбір облыстарда ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жоспары орындалмады.

Мүйізді ірі қара бойынша: Атырау облысында жоспардың орындалуы 72 % құрады;

Ұсақ мүйізді мал бойынша: Жоспардың орындалуы Ақтөбе облысында 85 %,; Қарағанды облысында 89 %; Атырау облысында 85 %; Батыс Қазақстан облысында 92 %;

Шошқа бойынша: Атырау облысында жоспардың орындалуы 81 % құрады; Батыс Қазақстан облысында 75 % құрап отыр;

Жылқы бойынша: Атырау облысында статистикалық есеп бойынша 53 414 бас жылқы есепте тұрса да, жергілікті атқарушы органдар 2014 жылы жылқыны бірдейлендіруді жоспарламаған. Дерекқорда бар болғаны 279 бас жылқы есепте тұр. Маңғыстау облысында жоспар 6% орындалды, Шығыс Қазақстан облысында жоспар 7,5 % орындалды, Батыс Қазақстан облысында 98 % орындалды.

Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жоспарының орындалмауының негізгі себептері, ол – 2014 жылдың 1 қаңтарына дейін ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру бойынша дерекқорларды селолық округтер аппаратындағы 1 910 ветеринариялық мамандардың жүргізуі болып табылады. Бірақ, осы АЖББ жұмыс істей білетін 1 910 ветеринариялық мамандардың, тек 689 немесе 36 % ғана ветеринариялық стансалар мен ветеринариялық пункттерге жұмысқа орналасты. Келтірілген талдау, ветеринариялық стансалар мен ветеринариялық пункттердегі ветеринария мамандарының 65% жуығы АЖББ жұмыс істеу тәжірибесі жоқтығын және оларды қосымша оқыту қажеттігін көрсетеді.

Осыған байланысты, Атырау, Маңғыстау және Жамбыл облыстарындағы әкімдіктердің бұрынғы ветеринария дәрігерлерінің, ветеринариялық пункттерге жұмысқа орналаспағандығынан, бұл облыстарда ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру бойынша сұрақтар туындап отыр.

Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің аумақтық инспекциялары тарапынан бақылаудың жеткіліксіздігі де, бірдейлендіру жоспарының орындалмауына «өз үлесін» қосты.

2014 жылдан бастап, жергілікті атқарушы органдардың мамандары тарапынан бірдейлендіруге қатысты 4 321 бұзушылықтар анықталып, 9,5 млн.теңгеге 303 әкімшілік айыппұл салынды. Анықталған бұзушылықтарды жою бойынша 35 ескерту және 3 983 нұсқама берілді.

Ауылшаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жұмыстарының жүргізілуіне жеткіліксіз бақылау жасағаны үшін Комитеттің бірқатар облыстық аумақтық инспекцияларының басшыларына қатысты қызметтік тексеру жүргізу тағайындалды және оның қорытындысы бойынша олар тәртіптік жауапкершілікке тартылатын болады.

5 облыстан жануарларды және жануарлардан алынатын өнімдерді экспорттау

GMP тиісті халықаралық стандарттарына сәйкес, сапасы жоғарғы ветеринариялық препараттардың қолдану, сонымен қатар Ресей Федерациясының ветеринариялық және фитосанитариялық қадағалау бойынша Федералдық қызметінің (Россельхознадзор) аусыл ауруының таралу қатерін талдауы нәтижесінде, 2014 жылдың 25 тамызынан бастап, Шығыс Қазақстан облысынан Ресей Федерациясына барлық аусыл ауруына бейім жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттарды, сонымен қатар жем-шөп тасымалдауға рұқсат берілді. 2014 жылдың 19 желтоқсанынан бастап, Алматы облысының Алакөл, Панфилов, Ұйғыр, Райымбек аудандарының 5 ауылдық округінен (Қамысқан, Ырғайты, Басқыншы Сүмбі, Қалжат) және Жамбыл облысының Жуалы, Мерке аудандарының 4 ауылдық округінен (Айша бибі, Ақтөбе, Андас батыр, Қарақыстақ) басқа; Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстарының барлық аймақтарынан – орын ауыстыруға (тасымалдауға) рұқсат берілді.

ХЭБ-на мәртебе алу үшін тапсырыс

Бұдан басқа, 2014 жылдың 15 тамызында Қазақстанның ветеринариялық қызметі, эпизоотиялық ахуалдың тұрақтылығы негізінде, аусыл ауруы бойынша, 5 облысқа вакцинация қолданылатын және 9 облысқа вакцина қолданбайтын қолайлы ел мәртебесін алу үшін, ХЭБ-ға 2 тапсырыс берді. 2015 жылдың қаңтар айында, аусыл бойынша Астана қаласындағы жаңадан ашылғын Субөңірлік кеңсесінде ХЭБ-ның алғашқы миссиясы өткізілді.

2015 жылға арналған мақсатты бағытталған жұмыстар бойынша міндеттер:

– аусыл ауруының тәуекелділігіне талдау және бақылау, оның ішінде біздің елімізді аусыл ауруынан таза ел деп тану туралы ХЭБ-ның шешімін алу, ХЭБ Астана қаласындағы Субөңірлік кеңсесінің қызметін 9 ауруға дейін ұлғайту;

– бірдейлендірудің екінші кезеңін аяқтау, барлық жерлерде АЖББ веб-порталдық нұсқасын енгізу және жұмысын қамтамасыз ету;

– ветеринария саласындағы нормативтік құқықтық құжаттар қабылдау арқылы ветеринариялық заңдылықтарды үйлесімдендіру;

– жергілікті атқарушы органдармен бірлесе отырып, жергілікті атқарушы органдар құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйымдардың нормалық-құқықтық қызметтерін қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізу.

Назар аударып, тыңдағандарыңызға рахмет!

gib�to@Ї��Tgin-bottom:.0001pt;text-align: justify;text-indent:35.45pt;line-height:normal’>- завершение второго этапа идентификации по повсеместному внедрению и обеспечению работы веб-портальной версии программы ИСЖ;

– завершение гармонизации ветеринарного законодательства путем принятия нормативных правовых актов в области ветеринарии;

– совместная работа с местными исполнительными органами по нормативно-правовому обеспечению деятельности государственных ветеринарных организаций созданных местными исполнительными органами.

Благодарю за внимание!

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus