Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Баяндамалар АӨК-ні ғылыми және кадрлық қамтамасыз ету департаментінің директоры А.Е. Қаджыбекованың аграрлық ғылымның дамуына байланысты баяндамасы

АӨК-ні ғылыми және кадрлық қамтамасыз ету департаментінің директоры А.Е. Қаджыбекованың аграрлық ғылымның дамуына байланысты баяндамасы

1.

1 слайд

2-слайд

Құрметті Асылжан Сарыбайұлы!

Құрметті алқа қатысушылары!

2014 жыл аграрлық ғылым үшін маңызды жыл, өйткені осы жыл үш жылға арналған 212 «Агроөнеркәсіптік кешен және табиғатты пайдалану саласындағы ғылыми зерттеулер мен іс-шаралар» бюджеттік бағдарламасын аяқтау және 2015-2017 жылдарға арналған жаңа үш жылдық бағдарламаны қалыптастыру жылы.

Жыл сайын аграрлық ғылымды қаржыландыру артып келе жатқанын атап өту қажет, егер 2010 жылы аграрлық ғылымды қаржыландыру көлемі 2,8 млрд. теңгені құраса, 2014 жылы 5,3 млрд.теңгені құрады.

2012-2014 жылдары 212 бюджеттік бағдарламасын жалпы қаржыландыру 11,9 млрд. теңгені құрады (жыл сайын – 3,3 млрд.теңге), ал 2014 жылы 1,4 млрд. теңге көлемінде қосымша қаржы бөлінді. Осылайша, қаржыландырудың жалпы сомасы 5,3 млрд.теңгеге жетті.

Осыған байланысты, салалық департаменттер мен комиттеттер, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің одақтары мен қауымдастықтары бырлесып – бұрын жоспарланған іс-шаралар қайта қарады. Натижемынде ғылымның алдына қойған өзекті міндеттер қосылды және бірқатар жұмыстар мақсатқа лайықты болмағандықтан тоқтатылды.

Барлық тақырыптар бойынша қорытынды есептер дайындалды, оларға 2014 жылдың желтоқсан айында мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманының оң қорытындысы алынды.

Бұл ретте сараптама нәтижелері бойынша есептер жоғары бағаланды, 9 балдық шкала бойынша бағалау кезінде жеке бағаланған тақырыптар бойынша орташа балл 7-8 баллды құрады.

2014 жылы бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру шеңберіндеқол жеткізілді кейбір нәтижелерды атап отейін:

ауыл шаруашылығы дақылдарының құрғақшылыққа, аурулар мен зиянкестерге төзімді жаңа 110 сорты мен буданы шығарылды және мемлекеттік сорт сынауға берілді:

(дәнді дақылдардың 22 сорты, жемдік астық дақылдарының 11 сорты, дәнді бұршақты дақылдардың 4 сорты, жарма дақылдарының 4 сорты, майлы дақылдардың 10 сорты көкөнiс-бақша дақылдары мен картоптың 22 сорты, жемшөптiк дақылдардың 22 сорты, 1 жүгері сорты, 1 жүгері буданы және дәнді құмайдың 5 сорты, қант қызылшасы 2 сорты, мақтаның 1 сорты, күріштің 1 сорты және жеміс-жидек дақылдарының 4 сорты)

Жалпы дәнді дақылдар алаңындағы – отандық селекцияның дәнді дақылдары егілген алаңның үлесі 47,5 %-ды құрады.

Сонымен қатар, жоғарғы өнімділігімен, қарқынды өсуімен ерекшеленетін жаңа типтер мен тұқымдар шығарылды (қазақтың құйрықты қылшық жүнді қой тұқымдарының ақбастау зауыттық типі, ордабасы қой тұқымдарының бадам зауыттық типі, қазақ бактрианының құланды зауыттық типі, жылқылардың көшім тұқымының жаңғалы зауыттық типі, ірі қара малдың Әулиеата тұқымының Оңтүстік Қазақстан зауыттық типі).

Технологиялар бойынша 51 ұсыныс шығарылды

(оның ішінде, егіншілік, өсімдік шаруашылығы, өсімдіктерді қорғау және карантин саласында – 30, су шарушылығы және топырақтың құнарлылығы саласында – 9, орман шаруашылығы саласында – 12 ұсыныс шығарылды).

Мал шаруашылығы саласы үшін 11 емдеу препараты мен вакцина әзірленді.

Ауыл шаруашылығы салалары үшін машиналар мен жабдықтардың жаңа үлгілеріне 9 техникалық құжаттама әзірленді.

(Агроөнеркәсіптік кешенге ресурстар мен энергияны үнемдейтiн экологиялық қауіпсіз технологияларды енгізу көлемі 12,9 млн. гектарды құрады (жоспар бойынша 12,6 млн.гектар).

Су шаруашылығы саласына келсек, Қызылорда гидроторабында су ағынын басқару, бақылау және есепке алу бойынша жүйе схемасы мен автоматандырылған техникалық құралдар енгізілді.

2014 жылы кеңейтілген қаржыландыру шеңберінде іске асырылған ғылыми-зерттеу жұмыстары нәтижелерінен келесіні атап өту қажет:

Қазақ ветеринария ғылыми-зерттеу институты Қазақстан Республикасының аусыл ауруынан таза аймақ ресми мәртебесін алуы үшін құжаттама (досье) әзірледі және Халықаралық эпизоотиялық бюроға жолдады.

Қазақ су шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты Қазақстан Республикасы 5 облысының жайылымдық аумақтарында шахталық құдықтар мен ұңғымалардың техникалық жай-күйіне зерттеу жұмыстарын жүргізді. Зерттеулер нәтижелері бойынша ұңғымаларды қалпына келтіру тәсілін таңдау бойынша ақпараттық- кеңес беру жүйесі әзірленді.

Ауыл шаруашылығы ғылымдары академиясы әртүрлі табиғи-климаттық аймақтардағы республиканың 14 облысының аумағында орналасқан шалғайдағы жайылымдылық алқаптарлы кезең-кезеңімен айналымға енгізу мақсатында жайылымдарды тұрақты қолдану мен мал шаруашылығын дамыту және дәстүрлі емес: күн және жел энергиясы көздерін қолдану негізінде инфрақұрылымды дамыту жөнінде ұсыныстар әзірледі.

2014 жылы 131 «Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін базалық қаржыландыруды қамтамасыз ету» бағдарламасы бойынша 990 398 мың теңге бөлінді, соның есебінен базалық қаржыландыру субъектілері тізбесіне («Базалық қаржыландыру субъектілері болып табылатын ұйымдардың тізбесін бекіту туралы» 2011 жылғы 13 мамырдағы №511 ҚРҮҚ) кірген 32 ғылыми ұйымдардың ғылыми қызметтерін базалық қаржыландыру жүзеге асырылды.

Біздің ойымызша базалық қаржыландыру жеткіліксіз, себебі нақты қажеттіліктің 50 % ғана жабады. Сонымен қатар, Ғылым туралы заңға сәйкес базалық қаржыландыруға ғылыми зерттеулер жүргізуге жағдайлар жасау үшін ғылыми-зерттеу ұйымдарына қажетті шығындардың көптеген түрлері енгізілмеген.

Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге семинарлар өткізу үшін 11 білім тарату орталықтарына бюджеттен 260 757 мың теңге бөлінді, соның есебінен 108 ғылыми-практикалық семинарлар өткізілді және 2625 адам оқытылды.

2.

2014 жылы Жоғары ғылыми-техникалық комиссиясы ғылымның барлық бағыттары бойынша бас басымбағыттарды, оның ішінде аграрлық ғылым бойынша 10 бас бағыттыр айқындады.

Осылайша, ветеринарлық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және фитосанитарлық қауіпсіздікті қамтамасыз ету – жеке басым бағыт болып бөлінді.

Ұлттық ғылыми кеңесесі ғылымды қолдауда шешуші орган болып табылатындығын –

біз Ауыл шаруашылығы министрлігінің ғылыми-зерттеу ұйымдарының 9 өкілін жұмыс істеп жатқан Ұлттық ғылыми кеңестің бесеуінің ішінен төртеуінің құрамына қосу бойынша жұмыс жүргіздік (2014 жылғы 29 желтоқсандағы № 1391 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы). Бұрын ұлттық ғылыми кеңестің құрамына ауыл шаруашылығы саласынан 4 өкіл ғана кіргенін айта кетемін.

Сондай-ақ аграрлық ғылым бойынша жеке ұлттық ғылыми кеңес құру жөніндегі жұмыс жалғастырылуда.

3.

2014 жылғы 7 қарашада 2015-2017 жылдарға арналған бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру шеңберінде алғаш рет ғылыми зерттеулер жүргізуге конкурс өткізілді (АШМ-нің 2014 жылғы 4 қарашадағы № 8-1/568 бұйрығы (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 15 қыркүйектегі тапсырмасы).

Бұдан бұрын аталған қаржыландыру конкурстан тыс рәсімдер арқылы жүзеге асырылған болатын.

Конкурсқа қатысу үшін 22 әлеуетті орындаушыдан 44 өтінім түсті, оның ішінде ҚАИ жүйесіне кіретін ҒЗҰ және сыртқы ұйымдардан (БҒМ, жеке ұйымдар) түсті. 2014 жылғы желтоқсанда АӨК басым бағыттары бойынша келіп түскен барлық 44 ғылыми-техникалық бағдарлама мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптамаға жолданды.

Жоғарыда аталған өтінімдерді қарастыру рәсімі қашан аяқтайтыны проблемалы мәселе болып отыр.

Білім және Ғылым Министрлігінің жоспарына сәйкес қорытындылар шамамен 2015 жылдың сәуір айында алынатын болады (заң бойынша 90 күн арасында қаралады біз 12 желтоқсанда кіргіздік), содан кейін Ұлттық ғылыми кеңесде (ҰҒК) қарастырылады және Жоғарғы Ғылыми Техникалық Кеңесінің (ЖҒТК) қарауына енгізіледі. Ол шарттардың тек маусым айында жасалатынын білдіреді, тиісінше қаржыландыру екінші жартыжылдықта басталады. Ал бұл аграрлық ғылым үшін қолайсыз, себебі өсімдік және мал шаруашылығы салалары бойынша тәжірибелер мен зерттеулер үзіліссіз жүргізілуі тиіс және маусымдық іс-шараларға тәуелді болып табылады (мысалы, егіс, төлдеу және т.б.). Осы ретте аталған жұмыс қашан және қандай қаражат есебінен жүзеге асырылатын болады деген сұрақ туындайды.

Бұл ағымдағы жылда орындалған іс-шаралардың көлемі мен сапасына ықпал ететіні мәлім.

2015 жылға арналған жоспар

4.

Қазіргі уақытта аграрлық ғылым мен білімді реформалау тұжырымдамасы әзірленуде онда 3 жетекші аграрлық жоғары оқу орнын Ауыл шарауашылығы министрлігіне беру көзделген. Аталған ұсыныстар Мемлекет басшысы тарапынан қолдау тапты.

Реформаның басты мақсаты білім мен ғылымды интеграциялау және бизнес қойып отырған талаптарды орындау. Ол білікті және заманнын талаптарына сай мамандарды дайындау және бизнесқа қажетті ғылыми-зерттеу жұмыстарын өткізу.

Осыған орай, жұмыс тобы құрылды, Қазақ Ұлттық аграрлық университетінің ректоры – Тілектес Исабайұлы Есполов оның жетекшісі болып табылады. Аталған Тұжырымдаманы іске асыру – ол департаменттің ағымдағы жылға арналған жұмысының басты бағыты табылады.

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus