Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Баяндамалар «Қазақстан Республикасының АӨК-ні әлеуметтік-экономикалық дамыту қорытындылары және 2016 жылдың 11 айында республикалық бюджеттің атқарылуы туралы» баяндама

«Қазақстан Республикасының АӨК-ні әлеуметтік-экономикалық дамыту қорытындылары және 2016 жылдың 11 айында республикалық бюджеттің атқарылуы туралы» баяндама

Құрметті Бақытжан Әбдірұлы!
Құрметті Үкімет мүшелері!

1-слайд. Ауыл шаруашылығы саласы үстіміздегі жылдың 11 айының қорытындысы бойынша өсу көрсеткіштерімен сипатталып отыр. Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі өткен жылдың осы кезеңмен салыстырғанда 3,4 трлн. теңгені құрап, нақты индекс көлемі бойынша 4,5% өсіп отыр.
Қазақстанның барлық өңірлерінде ауыл шаруашылығы өнімдерінің өндірісі ұлғайғаны байқалады.

2-слайд. Ауыл шаруашылығындағы инвестициялар көлемі шашамен 50%-ға (48%) өсіп, өткен жылғы 148 млрд. теңгеден 228 млрд. теңгеге ұлғайған.
Аталған өсім ІҚМ етінің экспорттық әлеуеті жөніндегі жоба шеңберінде, ауылға кооперацияны енгізу бойынша ынталандырушы шаралар, сондай-ақ инвестициялық субсидиялау көлемін ұлғайту есебінен өңірлерге жаңа жобаларды енгізумен байланысты.

3-слайд. Мал шаруашылығы саласында мал санының орташа есеппен 1,3%-ға және ет өндірісі 3,5%-ға, сүт – 3,1%-ға, жұмыртқа – 0,1%-ға ұлғайғаны байқалады.

4-слайд. Астықтың жалпы өсімі бункерлік салмақпен 23,7 млн. тоннаны құрады, бұл өткен жылға қарағанда шашамен 4 млн. теңгеге артық. Орташа өнімділік 15,4 ц/га құрады, бұл өткен жылдың деңгейіне қарағанда 15%-ға (13,4 ц/га) артық.
Толықтай жинақталған көлем елдің ішкі қажеттілігін қамтамасыз етеді және экспорттық әлеуеті 8,5-9,0 млн. тонна деңгейінде. Бүгінгі таңда астықтың экспорты 7,9 млн. тоннаны құрайды, бұл өткен жылдың деңгейінен 12%-ға артық.

5-слайд. 3,6 млн. тонна көкөніс пен 2,2 млн. тонна бақша дақылдары жиналды, бұл өткен жылғы деңгейден 511 мың тоннаға артық.
Күрішті, алма мен мақта бойынша рекордтық өнім жиналғаны байқалады.
Соңғы 20 жылда алғаш рет СҚО қант қызылшасы егілді. Өнімділігі 350,0 ц/га болған кезде 14,0 мың тонна өнім жиналды. Бұл орташа республикалық көрсеткіштен 15%-ға жоғары.
Майлы дақылдар бойынша жалпы өнім 2,0 млн. тоннаны құрады, бұл өткен жылға қарағанда біржарым есеге көп(2015 жылы– 1,5 млн. тонна).

6-слайд. Есепті кезеңде (11 айда) тамақ өнімдері өндірісінің көлемі 3,8%-ға ұлғайды және 1,2 трлн. теңгеден асты.
Жарманың өндірісі 36%-ға, қант –49%-ға, ұн –13%-ға, өсімдік майы 14%-ға, шұжық пен еттен алынатын ұқсас өнімдер–10%-ға ұлғайды.
11 айдағы игеру жоспары– 306,7 млрд. теңге, оның ішінде игерілгені 295,8 млрд. тенге немесе 96,4 %.
Күтілетін игеру 325,8 млрд. теңгені немесе 99,8%-ды құрайды.
Назарларыңызға рахмет.

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus