Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Баяндамалар ҚР Ауыл шаруашылығы министрі А.С. Мамытбековтің ҚР Президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесіндегі баяндамасы

ҚР Ауыл шаруашылығы министрі А.С. Мамытбековтің ҚР Президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесіндегі баяндамасы

Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы! Құрметті Кеңес мүшелері!
Қазақстан – ірі аграрлы ел. Аграрлық сектордың ел экономикасы үшін маңызы зор және ел халқының жартысынан астамының негізгі табыс көзі болып табылады.
Осыған байланысты, тәуелсіздігіміздің бірінші күнінен бастап Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешені экономиканың басым саласы ретінде айқындалды. Қазіргі таңда республикада ауыл шаруашылығы белсенді даму үстінде, айтарлықтай нәтижелерге де қол жеткізіп үлгердік.
Соңғы 10 жылда ауыл шаруашылығындағы өндіріс көлемі 4 есеге жуық артты. Ауыл шаруашылығы өнімі мен оны қайта өңдеу өнімдерінің экспорты 3 есеге артты, бұл ретте Қазақстан ұн экспорты бойынша алты жыл бойы әлемде жетекші орынды иеленіп келді. Осы кезең ішінде ауыл шаруашылығының негізгі капиталына құйылған инвестициялар
3,8 есеге ұлғайды, бұл ретте жалпы құрылымдағы жеке инвестициялар үлесі қазіргі таңда 75 пайыздан асады.
(Анықтама ретінде: Ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемі 2014 жылы 2,5 трлн. теңгені құрады, бұл 2004 жылмен салыстырғанда 4 есеге (695,8 млн. теңге) артық. Көрсетілген кезеңде мал шаруашылығы өнімдерінің өндірісі 3,9 есеге, өсімдік шаруашылығы 3,4 есеге ұлғайды. Ауыл шаруашылығының негізгі капиталына тартылған инвестициялар үлесі 2004 жылмен (44,1 млрд.теңге) салыстырғанда 3,8 есеге артып, 166,4 млрд. теңгені құрады).
Бұл жетістіктерді Сіздің, құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы, тікелей басшылығыңызбен елде жүргізіліп жатқан нысаналы және аграрлық сарабдал саясаттың нәтижесі ретінде бағалаймыз
Республика экономикасын дамытудың басым бағыттарының бірі ретінде ауыл шаруашылығының әлеуеті зор және үлкен ресурсқа ие.
Қазақстанның алуан түрлі климаттық шарттары бірқалыпты қоңыржай белдеудің барлық дақылдарын өсіруге және мал шаруашылығын дамытуға мүмкіндік береді.
Ауыл шаруашылығы алқаптарының жалпы алаңы 215,3 млн. гектарды құрайды, оның ішінде 25,0 млн. гектары айдалатын жерлерге және 180,7 млн. гектары жайылымдықтарға жатады.
Қазақстан негізгі экспорттық позициясы болып табылатын азық-түліктік бидаймен Орталық Азия елдерін қамтамасыз ететін басты елдердің бірі болып отыр. Жоғары сапасының арқасында бұл бидай әлемнің 70-тен аса еліне экспортталуда. Майлы дақылдар, жүгері, жемістер мен көкөністер өсіруге де аумағымыз жеткілікті.
Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының бағалауынша Қазақстан ресурстары орасан көп болуына байланысты және географиялық орналасқан жерінің арқасында ет экспорты бойынша айқын артықшылықтарға ие. Қазақстан әлемдегі ең ірі екі сиыр етін өзіне импорттаушы елмен шекаралас. Ол Ресей мен Қытай. Бұл екі елдегі
2014 жылғы сиыр етінің импорт көлемі 1,0 млн. тоннаны құрады, оның сомасы 4,0 млрд. АҚШ доллары. (Анықтама ретінде: Ресейдің импорт көлемі – 627,8 мың. тонна немесе сомасы 2,7 млрд. АҚШ доллары, Қытайда – 297,9 мың тонна немесе сомасы 1,3 млрд. АҚШ доллары).
Ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу саласы «Агробизнес-2020» бағдарламасында басым сала ретінде белгіленген.
Қолданылып жатқан шаралар азық-түлік импортының өсу қарқынын импорт
20 пайыздан асқан 2011 жылмен салыстырғанда 4,5 пайыз деңгейінде тұрақтандыруға мүмкіндік берді.
2014 жылы 2013 жылмен салыстырғанда импорттың 6 пайызға, оның ішінде Еуразиялық экономикалық одақ елдерінен келетін импорттың 10 пайызға төмендегені байқалады. Бұл соңғы 5 жылда бірінші рет орын алып отыр.
Алайда, импорт әлі де елеулі көлемде, экспорттық мүмкіндіктер бар, сондықтан қайта өңдеу саласы бизнес үшін барынша бос орын болып отыр, өйткені мұнда шикізат базасының көлемін өсіріп, жоғары технологияларды сауатты басқара отырып пайдаланған жағдайда, импортты алмастыру мүмкіндігі мол.
Интеграциялық процестер мен қалыптасып отырған әлемдік ахуал жағдайларында инвесторлар өз тәжірибелерімен бөлісіп, қазақстандық әріптестеріне ауыл шаруашылығы саласында бірлескен өндіріс құру арқылы ынтымақтастық орнатуды ұсына алатын еді.
Бұл өзара пайдалы ынтымақтастық болар еді. Бұл үшін барлық жаһандық және локальді алғышарттар бар.

Халықтың өсуі:
ФАО халықаралық ұйымының болжамды деректері бойынша 2050 жылға қарай әлемдегі халық саны 9,0 млрд. адамға жетеді. Осылайша, саны өсіп келе жатқан әлем халқын асырау үшін 60%-ға, ал дамушы елдерде екі есеге көп азық-түлік өндіру қажет. Осыған байланысты, азыққа деген өсіп келе жатқан қажеттілікті қанағаттандыру үшін ауыл шаруашылығының бәсекеге қабілеттілігін арттыру аса өзекті мәселе болып отыр.
Құрылған Кеден одағы жалпы тұрғындар саны 170 млн. адамды құрайтын, бес елдің жиынтық жалпы ішкі өнімі 2,8 трлн. АҚШ долларына жететін тауарлар нарығында сауда жасауға мүмкіндік береді. Кеден одағындағы ауыл шаруашылығы өнімдері мен оны қайта өңдеу өнімдерінің жалпы импорты 42 млрд. доллардан асады.
Бұдан басқа, алдағы уақытта Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру ауыл шаруашылығының экспортқа бағытталған өндірісін дамытуға үлкен мүмкіндіктер ашпақ.
Мал шаруашылығы өнімдеріне деген сұраныстың өсуі

Халықтың өсуімен бірге тамақ өнімдеріне, бәрінен бұрын мал шаруашылығы өнімдеріне деген қажеттілік те артып келеді. Осыған байланысты, Нұрсұлтан Әбішұлы, Сіздің ірі қара мал етінің экспорттық әлеуетін дамыту және ет экспорты деңгейін 2016 жылы 60 мың тоннаға дейін жеткізу жөніндегі тапсырмаңызды іске асыру мақсатында Ірі қара мал етінің экспорттық әлеуетін дамыту жөніндегі 2011-2015 жылдарға арналған кешенді жоспар қабылданды. Аталған жоспарда облыстар бөлінісінде мал бордақылау инфрақұрылымын жасау, ірі қара малдың аналық басын сатып ала отырып, фермерлік қожалықтар желісін құру және өнімділігі жоғары асыл тұқымды мал басын әкеле отырып, репродукторлар қожалықтарын құру көзделген. Ынталандырушы мемлекеттік қолдау шаралары есебінен «жобаның бүкіл технологиялық тізбегінің өзара тиімді іс-қимылы үшін негіз» жасалды.
2009-2014 жылдар кезеңінде республика бойынша мал үлесі аграрлық құралымдарда орташа есеппен 18%-дан 35%-ға дейін өсіп, тиісінше, жеке қосалқы шаруашылықтарда 82%-дан 65%-ға дейін қысқарды. Бұл ретте, шаруа және фермерлік қожалықтардағы мал басының саны 2014 жылы 15%-ға жуық өсті, аграрлық құралымдардың жалпы ірі қара мал санындағы аналық мал басының үлесі 37%-дан 45%-ға дейін өсті.
(Анықтама ретінде: 2011-2014 жылдар аралығында 174,0 мың мал басын сатып алу жоспарланса, ал фермерлік қожалықтар 220,0 мың аналық мал басын сатып алды (жоспар 26%-ға асыра орындалды).
Сондай-ақ, ірі қара мал етін өндіру бойынша экспорттық әлеуетті дамыту бағдарламасының басқа да бағыттары белсенді іске асырылуда. Мәселен, 2015 жылға дейін қолда бар асыл тұқымды мал басын арттырумен қатар, асыл тұқымды 72,0 мың ірі қара мал басын импорттау көзделген. 2010-2014 жылдарға арналған жоспар 54,0 мың мал басын құраған болатын. Жоба шеңберінде осы кезең ішінде барлығы 56,0 мың мал басы әкелінді, яғни, 4 жылдық жоспар 4%-ға асыра орындалды. Малды кәсіпкерлердің өздері әкеліп жатқанына назарларыңызды аударғым келеді, жануарларды таңдауды, олардың бағасы мен тасымалдау шарттарын Ауыл шаруашылығы министрлігі немесе ҚазАгро емес, бизнестің өзі айқындайды. Осылайша, бизнес аталған бағдарламаның сұранысқа ие екендігін көрсетіп отыр.
Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді субсидиялаудың қолданыстағы тетіктерін жетілдіру бойынша тұрақты жұмыс жүргізілуде. Мысалы, Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидалары шеңберінде субсидия алушыларға арналған критерийлер қайта қаралды, бірінші деңгейдегі бордақылау алаңдарына бұқашықтар өткізу үшін сиыр етін, қой етін өндіру шығындарын субсидиялауға арналған субсидиялар нормативтері ұлғайтылды.
Сондай-ақ, субсидиялаудың жергілікті бюджеттен қосымша бөлінетін қаражат есебінен жүзеге асырылатын жаңа бағыттары енгізілді.
(Анықтама ретінде: жеке қосалқы шаруашылықтарда ірі қара мал мен қойлардың аналық басын қолдан ұрықтандыру шығындарын 100%-ға дейін өтеу; асыл тұқымды және дистрибьютерлік орталықтар сатып алған ауыл шаруашылығы жануарларын қолдан ұрықтандыру үшін пайдаланылатын арнайы технологиялық жабдықтардың құнын арзандату; маралдардың (бұғылардың) аналық басымен және бал ара ұясымен селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу; ірі, шырынды, құрама жемшөп пен жемшөп қоспаларын дайындау және сатып алу шығындарын арзандату).
Бұдан бұрын айтқанымдай, Еуразиялық интеграциялық кеңістік отандық өндірушіні 170 миллионнан астам тұтынушысы бар өткізу нарығымен қамтамасыз етуде, сондықтан, мал шаруашылығын одан әрі дамыту мен ет экспорты экспорттық саясатымыздың стратегиялық маңызы бар басым бағыты ретінде айқындалып отыр. 2009-2014 жылдар кезеңінде республика бойынша мал үлесі аграрлық құралымдарда орташа есеппен 18%-дан 35%-ға дейін өсіп, тиісінше, жеке қосалқы шаруашылықтарда 82%-дан 65%-ға дейін қысқарды. Бұл ретте, шаруа және фермерлік қожалықтардағы мал басының саны 2014 жылы 15%-ға жуық өсті, аграрлық құралымдардың жалпы ірі қара мал санындағы аналық мал басының үлесі 37%-дан 45%-ға дейін өсті.
(Анықтама ретінде: 2011-2014 жылдар аралығында 174,0 мың мал басын сатып алу жоспарланса, ал фермерлік қожалықтар 220,0 мың аналық мал басын сатып алды (жоспар 26%-ға асыра орындалды).
Сондай-ақ, ірі қара мал етін өндіру бойынша экспорттық әлеуетті дамыту бағдарламасының басқа да бағыттары белсенді іске асырылуда. Мәселен, 2015 жылға дейін қолда бар асыл тұқымды мал басын арттырумен қатар, асыл тұқымды 72,0 мың ірі қара мал басын импорттау көзделген. 2010-2014 жылдарға арналған жоспар 54,0 мың мал басын құраған болатын. Жоба шеңберінде осы кезең ішінде барлығы 56,0 мың мал басы әкелінді, яғни, 4 жылдық жоспар 4%-ға асыра орындалды. Малды кәсіпкерлердің өздері әкеліп жатқанына назарларыңызды аударғым келеді, жануарларды таңдауды, олардың бағасы мен тасымалдау шарттарын Ауыл шаруашылығы министрлігі немесе ҚазАгро емес, бизнестің өзі айқындайды. Осылайша, бизнес аталған бағдарламаның сұранысқа ие екендігін көрсетіп отыр.
Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді субсидиялаудың қолданыстағы тетіктерін жетілдіру бойынша тұрақты жұмыс жүргізілуде. Мысалы, Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидалары шеңберінде субсидия алушыларға арналған критерийлер қайта қаралды, бірінші деңгейдегі бордақылау алаңдарына бұқашықтар өткізу үшін сиыр етін, қой етін өндіру шығындарын субсидиялауға арналған субсидиялар нормативтері ұлғайтылды.
Сондай-ақ, субсидиялаудың жергілікті бюджеттен қосымша бөлінетін қаражат есебінен жүзеге асырылатын жаңа бағыттары енгізілді.
(Анықтама ретінде: жеке қосалқы шаруашылықтарда ірі қара мал мен қойлардың аналық басын қолдан ұрықтандыру шығындарын 100%-ға дейін өтеу; асыл тұқымды және дистрибьютерлік орталықтар сатып алған ауыл шаруашылығы жануарларын қолдан ұрықтандыру үшін пайдаланылатын арнайы технологиялық жабдықтардың құнын арзандату; маралдардың (бұғылардың) аналық басымен және бал ара ұясымен селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу; ірі, шырынды, құрама жемшөп пен жемшөп қоспаларын дайындау және сатып алу шығындарын арзандату).
Бұдан бұрын айтқанымдай, Еуразиялық интеграциялық кеңістік отандық өндірушіні 170 миллионнан астам тұтынушысы бар өткізу нарығымен қамтамасыз етуде, сондықтан, мал шаруашылығын одан әрі дамыту мен ет экспорты экспорттық саясатымыздың стратегиялық маңызы бар басым бағыты ретінде айқындалып отыр.
Өсімдік шаруашылығының резервтері барлық елдерде таусылуға жақын.
Бір жағынан, халық санының өсуі мен тұтыну сипатының өзгеруі, екінші жағынан, табиғи ресурстардың жылдам қарқынмен азайып келе жатқандығы азық-түлік тапшылығының айтарлықтай өсуіне алып келуі мүмкін.
Өндіріс көлемі мен өнімділік деңгейін өсіру үшін бірнеше онжылдық бойы сәтті қолданылып келген тәсілдемелер жердің құнарсыздануына, топырақ пен судың ластануына, биоәртүрліліктің азаюына әкеп соқтырды. Дүниежүзілік жабайы табиғат қорының бағалауы бойынша бүгінгі күні табиғи ресурстар ғаламшарымыз өндіре алуы мүмкін көлемнен 50%-ға артық пайдаланылуда. Ағымдағы жүктеме сақталған жағдайда, 2030 жылға қарай халықты азық-түлікпен қамтамасыз ету үшін табиғи ресурстар Жердегі қол жетімді көлемнен екі есеге артық қажет болады.
Ауыл шаруашылығын дамыту үшін орасан зор әлеуетке ие Қазақстан әлемдегі азық-түлік жағдайын тұрақтандырып, жақсартуда маңызды рөл атқаруы мүмкін.
Британдық беделді The Economist журналы жүргізген ғаламдық азық-түлік қауіпсіздігі рейтингінде Қазақстанның әлемнің 109 елінің ішінде 57 орында болуы осыған дәлел болса керек.
Қазақстан халқының саны қазіргі уақытта бар-жоғы 17,4 миллион адамды құрайды. Бұл ретте, еліміздің әлеуеті 100 миллион адамды азық-түлікпен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Кеңес одағы кезінде Қазақстан басқа республикаларға астық, ет және көкөніс дақылдарын жеткізетін негізгі өнім берушілердің бірі ретіндегі республика мәртебесіне ие болатын.
Қазақстанның аумағы және табиғи-климаттық жағдайлар мен топырақ аймақтарының барлық түрлерінің болуы бізде өндірісті өсірудің орасан зор әлеуеті бар екенін растайды.
Ауыл шаруашылығы өнімдерінің өндірісін өсіру және азық-түлік экспортын арттыру үшін қазіргі уақытта отандық аграрлық ғылым әлеуеті кеңінен пайдаланылуда, оның қызметі өсімдіктердің түсімі жоғары сорттарын жасауға, өндіріске ғылыми әзірлемелерді және, ең алдымен, қазіргі заманғы ресурс үнемдегіш технологияларды енгізуге жұмылдырылған.
(Анықтама ретінде: 2014 жылы 12,9 млн. га алаңға немесе астық алқабының 84%-ына ылғал ресурсын үнемдегіш технологиялар енгізілді. Нөлдік технология 2,6 млн. га (17%) жерге қолданылды.
Өсімдік шаруашылығында құрылымдық және технологиялық әртараптандыруды жүзеге асыру жұмыстары жалғасын табуда.
Дәнді дақылдардың егіс алаңы 2014 жылы 15,3 млн. гектарды, оның ішінде бидай 12,4 млн. гектарды құрады. Жалпы бидай егілген алаңдар «ең жоғары болған» 2009 жылмен салыстырғанда 2,4 млн. гектарға қысқарды, бұл бидайға деген сұраныс пен ұсыныс көлемін теңдестіруге, бағалар демпингін туындататын алғышарттарды болдырмауға, ауыспалы егісті жақсартуға және жемдік астық, майлы, жемшөптік және көкөніс-бақша дақылдарының егіс алаңын кеңейтуге мүмкіндік береді.
Бәрімізге белгілі, республикада өңірлердегі табиғи және климаттық шарттар, инфрақұрылымның даму деңгейі, сондай-ақ шаруашылықтардың материалдық-техникалық жарақталуы арасында айырмашылықтар бар, бұл республика деңгейінде де, жекелей алғанда облыс деңгейінде де ауыл шаруашылығы өнімдері өндірісінің өзіндік құны әртүрлі болуына алып келеді.
Бұл айырмашылықтарды елемеу тиімсіз өндірістерді қолдауға, нәтижесінде, бәсекеге қабілетсіз өнімдердің өндірілуіне алып келетіні анық.
Осыған байланысты, өткен жылы Өңірлерді мамандандыру схемасы қабылданды. Ол агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік саясатты сараланған түрде және бұдан да тиімді жүргізуге мүмкіндік бермек. Осыған орай, агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну қағидалары өңірлерді мамандандыру схемасы ескеріле отырып түзетілетін болады және онда өңірлерді мамандандыру схемасы шеңберінде ұсынылмаған ауыл шаруашылығы өндірісін субсидиялауды кезең-кезеңмен тоқтату көзделетін болады.
Еліміздің экспорттық әлеуетін арттыру үшін астық нарығы инфрақұрылымын дамыту бойынша бірқатар ірі жобалар сәтті іске асырылды.
(Анықтама ретінде: Каспий өңірінде Ақтау портындағы астық терминалының қуатын кеңейту жөніндегі жобалар іске асырылды, Баку қаласының (Әзірбайжан) портында астық терминалы салынды. 2010 жылы Амирабад портындағы (Иран) астық терминалы пайдалануға енгізілді. Бұл Иран мен Кавказ маңы елдеріне астық экспорттау үшін көліктік-логистикалық тізбек жасады.
Қазақстан шекарасынан Иранға Түркменстан арқылы өтетін жаңа теміржол тармағын салу жалғасуда. Қазақстан-Қытай шекарасында, Азов және Қара теңіз порттарында, Имам Хомейни (Иран) портында астық терминалдарын салу жоспарлануда.)

Тәуекелді егіншілік аймағында орналасқан Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы үшін кепілді өнімділік алу мәселесі әрқашан өзекті.
Бұл көбіне суармалы жерлерде мүмкін. Суармалы егіншілік саланың қолайсыз ауа-райы жағдайларына тәуелділігін төмендетуге, тұрақты ауыл шаруашылық өндірісін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Қазақстанда қазірдің өзінде суарудың заманауи әдістерін қолданып және аграрлық технологияларды сақтай отырып үлкен өнімділікке қол жеткізу мысалдары бар. Мәселен, кейбір шаруашылықтардағы жүгері өнімділігі 400 ц/га (суарудың жаңбырлатқыш жүйесі) жетті. Аталған дақылды өсіру кезіндегі ел бойынша орташа өнімділік 113,7 ц/га, ал тәлімі (богарлы) жерлердегі өнімділік 40 ц/га құрайтынын атап өткен жөн.
Осылайша, біздегідей құрғақ егіншілік жағдайында суармалы егіншілікті қайта қалпына келтіру және дамыту өте маңызды.
Сондықтан бұл салаға инвестициялар қажет мен оларды дұрыс пайдалана білген жөн

Саяси тұрақтылық
Кез келген бизнестің табыстылығы елдегі қоғамдық-саяси тұрақтылыққа, мемлекет іс-әрекетінің жоспарлы болуына, заңнамалық базаның нақтылығы мен кәсіпкерлік бастаманы қолдау дәрежесіне байланысты екендігі баршамызға белгілі.
Экономиканың аграрлық секторының қолданыстағы заңнамалық базасы әлемдік нарықтық экономика талаптарына, халықаралық тәжірибе нормаларына барынша сәйкес келетінін және ең алдымен тауар өндірушілердің кәсіпкерлік бастамасын қорғауға және қолдауға бағытталғандығын атап өткім келеді.

Бизнес-климат
Қазақстан инвестициялық қызметті жүзеге асыру үшін қолайлы жағдайлар ұсыну бойынша ТМД елдері ішінде көшбасшылардың бірі болып саналады.
Аграрлық секторға инвестициялар тарту Қазақстанда бәсекеге қабілетті аграрлық сектор құру және халықтың жоғары өмір сүру сапасын қамтамасыз ету сияқты ұзақ мерзімді стратегиялық мақсаттарға бағытталған. Шетелдік капитал Қазақстанның ауыл шаруашылығына ғылыми-техникалық прогресс пен озық басқару тәжірибесін енгізе алады

«Инвестициялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес инвесторлар құқықтарының толықтай қорғалуына және жасалған келісімшарттардың тұрақтылығына кепілдік берілген, сондай-ақ инвесторларға қатысты мемлекеттік органдардың жұмысы (капиталдың еркін қозғалысы, капиталдың репатриациясы, кірісті пайдалану еркіндігі, оның ішінде шетелдік инвесторлар үшін де) регламенттелген.
Қазақстандық заңды тұлғаның белгіленген активтеріне инвестиция салуды жүзеге асыратын инвесторларға кедендік баждар төлеуден босату, мемлекеттік заттай гранттар ұсыну секілді инвестициялық преференциялар ұсынылады..
Тұрақты негізде бизнес жүргізу шарттарын жақсарту жұмысы жүргізілуде: мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары енгізілуде, рұқсат беру құжаттарының мерзімдері мен саны қысқартылуда, мемлекеттік тіркеу рәсімдері жеңілдетілуде және т.б.
Бұдан басқа, 2014 жылдан бастап бизнес-байланыстар мен халықаралық операциялар ауқымын кеңейту үшін республика экономикасына белсенді түрде инвестиция салатын он елдің (анықтама ретінде: АҚШ, Нидерланды, Ұлыбритания, Франция, Германия, Италия, Малайзия, Біріккен Араб Әмірліктері, Корея, Жапония) инвесторлары үшін біржақты визасыз режим белгілеу туралы жарияланды.

АӨК-дегі салықтар
Басқа посткеңестік мемлекеттермен салыстырғанда, Қазақстан барынша қолайлы салықтық климатпен қамтылған. Мысалы, қолданыстағы заңнама бойынша ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер жеңілдікті салық режимінде жұмыс істейді. Бүгінгі таңда Қазақстанда қосылған құн салығы 12%-ды құраса, Ресейде ол 18%-ды, Беларусьта 20%-ды құрайды.
Өткен жылы агробизнес субъектілеріне, оның ішінде өңдеуші кәсіпорындар мен дайындаушы ұйымдарға салынатын салықтық ауыртпалықты жеңілдету бойынша біршама жұмыс жүргізілді.
1. Өз өнімдерін қайта өңдеуші кәсіпорындарға не дайындаушы ұйымдарға өткізетін жеке қосалқы шаруашылықтарды кріске салынатын табыс салығынан босату көзделді.
2. Қайта өңдеу кәсіпорындары мен дайындау ұйымдары бойынша «алғашқы қосылған құн салығы проблемасын» шешу үшін нормативтік база құрылды. Қайта өңдеу кәсіпорындары мен дайындау ұйымдары шикізатты қосылған құн салығын төлемейтін жеке қосалқы шаруашылықтар мен шаруа (фермерлік) қожалықтарынан сатып алатындықтан, бүкіл айналымынан қосылған құн салығын төлеуге міндетті болатын. Ал, бұл түпкілікті өнімнің қымбаттауына, тиісінше, бәсекеге қабілеттілігінің төмендеуіне алып келеді.
Осыған байланысты, дайындау ұйымдары бойынша қосылған құн салығын жалпыға белгіленген тәртіпте есептеу көзделді, бұл ретте, оларға төленген қосымша құн салығын субсидия түрінде қайтару көзделді.
3. 70%-дық салықтық жеңілдіктің қолданысын ауыл шаруашылығы жануарларының терісі мен жүнін өңдеу секілді бағытқа кеңейту көзделген.
4. Қосылған құн салығы есепке алу әдісімен төленетін импортталатын тауарлар тізбесі толықтырылды.
5. Арнайы салық режимін қолдануға салынған тыйымдар алынып тасталды, бұл ауыл шаруашылығы кәсіпорындарына холдингтер құрамында жұмыс істеп, аграрлық секторды дамыту үшін инвестициялар тартуға, салықтық жеңілдіктер алу мен салық төлеуден босатылу мақсатында активтер иеленетін, қызметі айқын емес, сенімсіз құрылымдар құруды болдырмауға, инвесторлар үшін қаржылық есептілік жасай отырып, активтерді және шаруашылық қызметі нәтижелерін шоғырландыру проблемаларын шешуге мүмкіндік береді.

Жер кодексіне сәйкес ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер ұзақ мерзімді жалға берілген немесе жеке меншікте, ал шетелдіктер үшін уақытша жер пайдалану, яғни 25 жылға дейінгі мерзіммен жалға алу институты жұмыс істейді. Бұл ретте алғашқы мерзім аяқталған соң жалға алушының қалауы бойынша жалға беру мерзімі ұзартылуы мүмкін.
Жер ресурстарын ұтымды пайдалану басқару проблемаларын шешу үшін 2014 жылы Жер кодексіне түзетулер енгізілді, ол пайдаланылмайтын не жер заңнамаларын бұза отырып пайдаланылатын жерлерді мәжбүрлі түрде алып қою нормаларын жетілдіруді, пайдаланылмайтын жерлермен жасалатын мәмлелерге ауыртпалық салуды, жерлерді пайдалану және пайдаланбау жағдайларының мерзімін айқындауды көздейді.
Бұдан басқа, жер салығы ставкасын 5 есеге арттыру және жергілікті атқарушы органдарға ауыл шаруашылығы мақсатындағы пайдаланылмайтын жер учаскелері бойынша аталған ставканы 10 есеге дейін қосымша арттыруға құқық беру жөніндегі норманы енгізу көзделді. Мұның бірыңғай жер салығы негізінде арнайы салық режимін қолданатын шаруа және фермер шаруашылықтарына қатысы жоқ.
Қазіргі таңда, Ұлттық экономика министрлігі жаңа Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді ұтымды пайдалану қағидаларын әзірлеуде, ол мынадай: ауыспалы егісті сақтау және дақылдарды алмастыру; жайылымға оңтайлы жүктемені қамтамасыз ету; топырақтың агрохимиялық жай-күйін сақтау; фитосанитариялық іс-шараларды орындау; өндірістік көрсеткіштерді сақтау жөніндегі талаптарды қамтиды.
Су және Орман кодекстеріне сәйкес су объектілері, балық шаруашылығы су айдындары, орман және аңшылық алқаптары 10 жылдан 49 жылға дейінгі ұзақ мерзімге конкурстық негізде табиғат пайдаланушыларға бекітіп беріледі. Сондай-ақ заңнамамызда жеке орман қорын құруға да рұқсат беріледі.
Мұның барлығы агробизнестің тұрақтылығы мен кепілділігін ғана білдірмейді, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің сенімді жұмысы үшін де негіз болып табылады.
Агроөнеркәсіптік кешенді мемлекеттік қолдаудың жаңа құралдары
Ел экономикасындағы ауыл шаруашылығы саласының әлеуеті мен басымдылығын ескере отырып, Сіздің тапсырмаңыз бойынша 2013 жылы ұзақ мерзімді «Агробизнес-2020» бағдарламасы әзірленіп, бекітілді. Аталған бағдарламаның негізгі мақсаты агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін жағдай жасау болып табылады,
Бағдарламада қолданыстағы өсімдік шаруашылығы мен мал шаруашылығындағы ресурстар мен жұмыстарды субсидиялаумен қатар қаржылық сауықтыру, инвестициялық субсидиялау, кредит және лизинг бойынша пайыздық мөлшерлемені төмендету, қарыздарға кепілдік беру және оларды сақтандыру сияқты саланы қолдаудың бірқатар жаңа құралдары бар.
2013 жылдан бастап осы күнге дейін 300,0 млрд. теңгеден астам сомаға міндеттемелердің мерзімдері ұзартылды. Сіздің тапсырмаңыз бойынша бағдарламаны ұзарту және сауықтыратын соманы 500,0 млрд. теңгеге дейін арттыру жоспарланды.
Алғаш рет іске асырылып жатқан инвестициялық субсидиялау бірден оң нәтижелер беріп, тиімділігін көрсетті. 2014 жылы 13,0 млрд. теңгеге 1,0 мың өтінім субсидияланды, бұл салаға жалпы сомасы шамамен 50,0 млрд. теңге жеке инвестицияларды тартуға мүмкіндік берді.
Қазіргі таңда ауыл шаруашылығы кәсіпорындары кредиттер мен лизинг бойынша жоғары сыйақы мөлшерлемесін төлеу проблемасымен бетпе-бет келді, бұл өнімнің өзіндік құнының жоғарылауына және оның бәсекеге қабілеттілігінің төмендеуіне алып келуде. Осыған байланысты, кредиттер мен ауыл шаруашылығы техникасының лизингі бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау басталды. Мысалы, 2014 жылы 2,0 мың агроөнеркәсіптік кешен субъектісінің сыйақы мөлшерлемесі өтелді, оның ішінде өңдеуші кәсіпорындар саны 15,4 %-ды құрады.
2014 жылдан бастап өңдеуші кәсіпорындардың шикізат сатып алуға жұмсаған шығынын субсидиялау көзделді. Субсидияланатын ауыл шаруашылығы өнімдері тізбесіне импортқа тәуелді қант, құрғақ сүт, сары май, ірімшік қосылды.
Қабылданған шаралар арқасында оң нәтижелерге қол жеткізе бастадық. 2013 жылмен салыстырғанда 2014 жылы сары май өндірісінің көлемі 11,6%-ға, құрғақ сүт өндіру 24,4%-ға артты. 2015 жылы қант қызылшасының егіс алаңы мен оның өндірісін өткен жылмен салыстырғанда 10 еседен астам ұлғайту жоспарланып отыр.
Сіздің 2012 жылғы Қазақстан халқына Жолдауыңызда айтылған тапсырмаңызды орындау мақсатында қарыздарға кепілдік беру және оларды сақтандыру құралдары әзірленді.
Аталған шаралар ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің қаржыландыруға кеңінен қол жеткізуіне едәуір ықпал етеді және отандық ауыл шаруашылығы өндірушілерінің бәсекеге қабілеттілігін арттырады.
Жалпы, Бағдарламаны іске асыруға 8 жылға шамамен 17 млрд. АҚШ доллары бөлініп, АӨК-ні мемлекеттік қолдау көлемін 4,5 есеге ұлғайту көзделіп отыр, бұл салаға жеке сектордың шамамен 70,0 млрд. АҚШ долларын тартуға мүмкіндік береді.
(Анықтама: 2015 жылы субсидия көлемі 2013 жылмен салыстырғанда 2 есеге артып, 177,3 млрд. теңгені құрады (шамамен 1,0 млрд. АҚШ долл.).

Сонымен қатар, біз атқарылған жұмыспен тоқтап қалмай, инвестициялық климатты белсенді түрде жақсарта беруіміз қажет.
Келесі қадамымыз мыналарға бағытталуы тиіс:
1. Астық саласындағы заңнаманы жетілдіру.
2. Қазіргі уақытта астық нарығының мынадай кейбір проблемалары бар:
– астық қолхатына деген сенім деңгейінің төмендеуі (астық қолхатын жоқ көлемге жазып беру, астық қабылдау кәсіпорнының оған астық иелері сақтауға тапсырған астыққа дұрыс иелік етпеуі және кейіннен астықты басқа астыққа айырбастауы (бөтен мүлікті құқықсыз пайдалану));
– инвесторлардың астық қолхатына деген қызығушылықтарының әлсіз болуы мыналарға байланысты:
ордерлік шығару нысаны (Анықтама: бұл форма астық қолхатын берген АҚК астықты тиеу жөніндегі міндеттерді орындамаған жағдайда оның барлық кейінгі иелерінің ортақ жауапкершілігін көздейді);
құжаттамалық шығару нысаны (оның бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары үшін қолжетімділігінің төмендігімен түсіндіріледі).
Бұл проблемаларды шешу мақсатында астық саласында қолданыстағы заңнамаға өзгерістер енгізіледі, олар нарықта (инвесторлар мен трейдерлер үшін) астық қолхатының нақты қолжетімділігі мен айналымдылығын арттыруға мүмкіндік беретін, астық қолхатын материалсыздандыруды, сондай-ақ астық қолхатының сенімділігі мен инвестициялық тартымдылығын арттырып, индоссанттардың ортақ жауапкершілігін жоюды көздейді.
2. Тұқым шаруашылығы саласындағы заңнаманы жетілдіру.
Тұқым шаруашылығы туралы қолданыстағы заңнамаға сәйкес Селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізіліміне енгізілмеген тұқымдарды өткізуге және егу үшін пайдалануға тыйым салынады. Бұл ретте отандық және шетелдік селекциялардың жаңа сорттарының патент қабілеттілігіне сараптама жүргізуге және пайдалылығын сынақтан өткізуге 3 жылға дейінгі уақыт кетеді. Аталған кедергілерді жою мақсатында заңнамаға Мемлекеттік тізілімге енгізілмеген тұқым сорттарын егуге рұқсат беретін өзгерістер енгізу қажет.
3. Суға сараланған тарифті белгілеу.
Жоғарыда айтып кеткенімдей, суармалы егіншілікті дамыту жердің өнімділігін және тиісінше өсімдік шаруашылығының жалпы өнімін ұлғайтуды қамтамасыз етеді.

90-шы жылдардың басында суармалы жерлер 2,1 миллионнан астам гектар жерді алып жатты және өндірісті жалпы өсімдік шаруашылығы өнімінің 30 пайызымен қамтамасыз етсе, қазіргі уақытта суармалы жерлердің алаңы 1,5 миллион гектардан аз және жалпы өсімдік шаруашылығы өнімінің 5,3 пайызын ғана қамтамасыз етеді. Яғни суармалы жерлердің алаңы 2,1 млн.гектардан төмендеп қана қойған жоқ, сонымен қатар олардың өнімділігі де төмендеді.
Бұл жағдайдың себептері гидромелиоративтік жүйелердің тозуы мен жұтаңдау процестері, сондай-ақ суарудың жаңа технологияларын енгізу деңгейінің төмен болуы болып табылады. Бұл ретте Су ресурстары саласындағы қолданыстағы тарифтік саясат салаға жаңа технологиялар енгізу мен инвестиция салуды ынталандырмайды.
Су ысырабын үнемдеуді және шаруашылықаралық ирригациялық жүйелерге инвестицияларды тартуды қамтамасыз ететін жалғыз тетік суға деген тарифті 0,2-0,5 теңгеден республика бойынша орташа 1 м³ үшін 3,0 теңгеге дейін көтеріп, барабар нарық тарифтерін белгілеу болып табылады.
Салынған инвестициялардың 6 жыл ішінде орны толады және 2,0 млн. га-дан астам суармалы жерді қалпына келтіруге және жай-күйін сақтап қалуға, тиісінше, ауыл шаруашылығы өнімінің көлемін ұлғайтуға, сондай-ақ тасымалдау кезіндегі су ысырабын бүгінгі таңдағы 55%-дан 10%-ға дейін төмендетуге мүмкіндік береді.
4. Елдің Азық-түлік қауіпсіздігі тұжырымдамасын әзірлеу және бекіту қажет.
(Анықтамалық: Министрлік Қазақстан Республикасының азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі 2020 жылға дейінгі тұжырымдама жобасын әзірлегенін айта кету керек. Бұл жоба халықтың төлем қабілеттілік және жұмыспен қамту деңгейінің төмен болу проблемасын шешу бойынша, тамақ өнімдеріне кедендік-тарифтік реттеу шараларының «барабарлығын» және «тиімділігін» және оны өндіру кезінде пайдаланылатын ресурстармен қамтамасыз ету бойынша мүдделі мемлекеттік органдарға жауапкершілікті жүктеуді, тамақ өнімдерін тұтынудың нормасын қайта қарауды, пайдасыз делдалдар мен бағалық сөз байласу проблемасын шешуді, өнімдердің сапасы мен қауіпсіздігіне тиімді бақылауды қамтамасыз етуді, азық-түліктің жеткілікті запасын құруды, нарық инфрақұрылымы дамуының төмен деңгейі проблемасын шешуді көздейді, бұл түптеп келгенде ел халқын азық-түлік қауіпсіздігімен қамтамасыз ету бойынша стратегиялық мақсатқа жетуге алып келеді).

5. Агроөнеркәсіптік кешенді субсидиялау процесін автоматтандыру. Қолданыстағы ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге субсидия беру процесінің мынадай кемшіліктері бар.
Субсидияларды беру процесінің негізгі кезеңдерін мемлекеттік орган қызметкерлері «қолмен» орындауы себепті мемлекеттік қаражаттың тиімсіз жұмсалуы. Бұл оларға аталған процеске әсер етуге мүмкіндік береді және сыбайлас жемқорлық әрекеттер үшін алғышарттар жасайды.
Әкімшілендіру процесіне арналған жоғары шығыстар шенеунік аппаратының үлкен мөлшерін асырауға кететін мемлекеттік бюджет шығыстарын қамтиды.
Құжаттарды өңдеу және есептілікті қалыптастыру процестерінің ұзақтығы.
Жоғарыда аталған проблемалардың шешімі ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге субсидия беру процесін автоматтандыру болып табылады. Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге субсидия беру процесін автоматтандыру Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мемлекеттік саясатын тиімді іске асыруға мүмкіндік береді.
6. Салық салу саласында атқарылған айтарлықтай жұмысқа қарамастан, қосымша шешуді қажет ететін бірқатар мәселелер бар.
Мысалы, дайындаушы ұйым төлеген қосылған құн салығын қайтару мерзімдерін қысқарту мақсатында «Агроөнеркәсіптік кешенді дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңға өңдеу кәсіпорындары мен дайындаушы ұйымдарға субсидияларды жыл қорытындысы бойынша бір рет емес, жыл бойы тоқсан сайын төлеуді көздейтін өзгерістерді регламенттейтін норма енгізу қажет.
Қазақстан Республикасы Салық кодексіне өзгерістер енгізілуіне байланысты «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ауыл шаруашылығы кооперациясы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасын ауыл шаруашылығы кооперативтерінің арнайы салық режимін қолдануына шектеулерді алып тастау бөлігінде пысықтау қажет (анықтама ретінде: филиалдар бойынша, ауыл шаруашылығы жерлерінің болуы және тағы басқалар бойынша шектеулер).
Құрметті кеңес қатысушылары, өздеріңіз көріп отырғандай, Қазақстанның ауыл шаруашылығы саласы құрылымы жағынан күрделі және табиғи сипаттағы сыртқы факторлармен тығыз байланысты. Дегенмен, еліміздің ауыл шаруашылығы сауатты басқарылып, дамытылған жағдайда, қаржылық тұрғыдан тартымды екенін мойындау қажет. Мен сіздерді ынтымақтастық орнатуға және өзара пайдалы іске шақырамын!
Назар қойып тыңдағандарыңызға рахмет!

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus