Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Баяндамалар ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің баяндамасы

ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің баяндамасы

Сөз сөйлеу Құрметті Нұрлан Зайроллаұлы, құрметті халық қалаулылары!

Бүгінгі күн тәртібінде ауыл шаруашылығын дамытудың маңызды мәселелерінің бірі – мал шаруашылығын дамыту туралы сөз қозғалады.

Осы саланың ағымдағы даму көрсеткіштерінен бастауға рұқсат етіңіздер.

 

Экспорт/импорт/тұтыну Қазіргі таңда Қазақстан өзін құс етінен басқа мал шаруашылығы өнімдерімен толық қамтамасыз етеді. Өткен жылы сиыр етінің өндірісі 373,5 мың тоннаны, қой еті – 153,8 мың тоннаны, шошқа еті – 192,7 мың тоннаны, жылқы еті – 85,1 мың тоннаны, құс еті – 123,1 мың тоннаны, сүт өндірісі 4851,6 мың тоннаны құрады.

2. өндіріс көлемі

Ағымдағы ахуалды талдау Статистика деректері бойынша 2012 жылы мал шаруашылығы салаларында
1 трлн. теңгеден астам сомада өнім өндірілген. 2011 жылмен салыстырғанда өсу қарқынының 4%-ға төмендегені байқалады. Осыған қарамастан, мал шаруашылығының үлесі артуда, 2012 жылдың қорытындысы бойынша мал шаруашылығында өсімдік шаруашылығына қарағанда көп өнім өндірілген. Өндірілген өнім көлемінің мұндай арақатынасы тәуелсіздік жылдарында бірінші рет болып отыр деп айтуға болады. Бұл үдеріс соңғы жылдарды қарасақ тек 2010-2012 жылдары байқалады. Бұған әрине өсімдік шаруашылығының өндіріс көлемін төмендететін құрғақшылық әсер еткен де болуы керек, алайда құрғақшылық бұрын да болғанын ескерсек, жалпы бізде ауыл шаруашылығының осы негізгі екі саласын теңестіруге арналған тұрақты тренд орын алуда.

Бұл аграрлық сектордың кешенді және теңгерімді дамитындығын білдіреді. Айта кету керек, мал шаруашылығы экономикада мультипликативті әсерге ие. Бұл етті қайта өңдеу, жүн өңдеу (жіп, тоқыма, киім), тері өңдеу (аяқ киім, жиһаз және т.б.), бұл егін шаруашылығындағы әртараптандыру.

Және аса үлкен әлеуметтік әсерге ие: жыл бойы жұмыспен қамту, бірінші кезекте әйелдер қауымын, ауыл халқының кірістерін арттыру.

Егер мал санын қарасақ, ІҚМ 0,2 %-ға, қой мен ешкі 2,5%-ға,түйе – 4,9%-ға, шошқа – 4,3%-ға азайған, бұл ретте жылқы саны 4,9%-ға өскен.

Кейбір ауыл шаруашылығы жануарлары түрлері санының төмендеуінің негізгі себебі 2010 жылдан бастап жүргізілген бірдейлендіру болып табылады, оның барысында ІҚМ бойынша нақты малдың болуы мен статистикалық деректер арасында сәйкес келмеушілік анықталды (шамамен 700 мың бас). Статистикалық есепке алуды жетілдірудің қажеттілігін растайтын тағы да басқа мысалдар бар.

Дұрыс емес деректер – мал басының көпшілік үлесінің жеке қосалқы шаруашылықтарда болуына байланысты, онда есепке алу қиын. Осыған байланысты біз Статистика агенттігімен есепке алу әдістемесін жетілдіру бойынша жұмыс жүргізіп жатырмыз.

Айта кетерлік жайт, есепке алу қиын агроқұрылымдарда біз мал басының қарқынды өсуін байқаймыз. Өткен жылдың қорытындысы бойынша агроқұрылымдардағы ІҚМ басының саны 19%-ға, қой мен ешкі 3%-ға, шошқа 4%-ға, жылқы 16%-ға, түйе 4%-ға, құс 7%-ға артты. Осылайша, ұйымдастырылған агробизнес сенімді даму қарқынын көрсетуде.

3. 2000 жылдан бастап жылдар бойынша серпін

4. мал басының серпіні

5. статистикалық есепке алу бойынша мысалдар

6. ұйымдастырылған құрылымдардағы мал басының өсуі

  Саланың дамып жатқаны байқалады, алайда мұнымен тоқмейілсуге болмайды. Мемлекет басшысы мал шаруашылығы саласын инвестициялық тартымды және бәсекеге қабілетті сала ету міндетін қойды.

Мал шаруашылығы проблемалары Қазіргі таңда саланың дамуын шектейтін мынадай факторларды алып қарауға болады, оны еңсеру үшін қабылданған «Агробизнес-2020» бағдарламасында көптеген шешімдер әзірленді.

Бұл факторлар сіздерге ұсынылған слайдта көрсетілген.

7. факторлар тізбесі

Бірінші . Құрылымдық проблемалар Енді Агробизнес – 2020 бағдарламасы шеңберінде осы факторлар қалай еңсерілетіні туралы.

Ауыл шаруашылығы жануарлары иелерінің құрылымын ауыл шаруашылығы құрылымдарының пайдасына қарай өзгерту қажет. Тек өнеркәсіптік, кәсіби өндіріс қана шығындарды төмендету есебінен қажетті бәсекеге қабілетті өнімді бере алады. Бірақ бұл фермерлер міндетті түрде ірі болуы тиіс дегенді білдірмейтінін атап өткім келеді. Керісінше, АШМ-нің көзқарасы бойынша фермерлік шаруашылықтарда ІҚМ аналық басының саны орташа есеппен 50-ден 200-ге дейін болуы тиіс. Және аналық басты субсидиялау кезінде мал санына ешқандай талаптар қойылмайды.

Бізде ірі қара мал бойынша жақсы тәжірибе бар. ІҚМ етін өндірудің экспорттық әлеуетін арттыру жөніндегі бағдарлама қазірдің өзінде жемісін беруде:

Егер 2009 жылы жеке қосалқы шаруашылықтарда ІҚМ басының 82%-ы шоғырланған болса, 2012 жылы бұл көрсеткіш 72,3%-ды көрсетті, яғни, мал шаруашылығы осы бизнеспен кәсіби түрде айналысатын ұйымдасқан шаруашылықтарға көшіп жатыр. Әсіресе фермерлік шаруашылықтардағы мал басының өсуі байқалады, онда 2009 жылмен салыстырғанда 53%-ға өсім бар.

Бұл Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша іске асырылып жатқан «Сыбаға» бағдарламасының тікелей нәтижесі. 2011-2012 жылдары фермерлер үшін 115,0 мың бас аналық мал басы сатып алынды, ал жоспар 82,0 мың бас болатын (40%-ға артық орындалған). Қазір жоспарлы көрсеткіштермен және осы бағдарлама бойынша бөлінген сомалармен салыстырғанда мал сатып алуға сұраныстың артқаны байқалады. Осылайша, бизнестің өзі осы бағдарламаның қажеттілігін көрсетті.

2013 жылы фермерлік шаруашылықтардың кемінде 42 мың бас ІҚМ сатып алуы жоспарланған, 17 маусымдағы жағдай бойынша 23 924 мың ІҚМ аналық басы және 1409 асыл тұқымды бұқа сатып алынған, бұл жоспардың сәйкесінше 57% және 101%-ын құрайды.

Аталған бағдарламаны іске асыру мониторингін, жобаның жұртшылық үшін ашықтығын қамтамасыз ету үшін www.sybaga.kz ақпараттық ресурсы әзірленді. Бұл ресурс бірінші кезекте туыстық шағылыстыруға жол бермеуге және субсидиялау кезінде тұқымдық өзгерістерді бақылауға, сондай-ақ, талдамалық кестелер түрінде аудандар мен облыстардың рейтингін, өзгерістер серпінін көріп отыруға мүмкіндік береді.

ІҚМ етін өндірудің экспорттық әлеуетін дамыту жөніндегі бағдарламаның басқа да бағыттары белсенді іске асырылуда. Мысалы, жобада қолда бар асыл тұқымды мал басын ұлғайту шараларымен қатар 2015 жылға дейін елге 72 000 бас асыл тұқымды ірі қара мал импорттау көзделген.

2 жыл ішінде 30 000 астам асыл тұқымды мал импортталды (жоспар: 2011 жылы – 10 мың бас, 2012 – 12 мың бас). Етті бағыттағы ірі қара мал әкелу жөніндегі жоспар 2011 жылы 35%-ға, 2012 жылы 38%-ға артығымен орындалды. Ағымдағы жылы 14 мың бас ІҚМ әкелу жоспарланып отыр. ҚазАгро қазірдің өзінде мал санының көрсетілген санын әкелуге өтінімдері мақұлдады. Тағы да қайталап айтқым келеді, малды кәсіпкерлердің өзі әкеледі, малды таңдауды, оның бағысын және тасымалдау шарттарын АШМ немесе ҚазАгро емес, бизнес айқындайды. Біреулер бұл тек субсидиялардың арқасында деп айтуы мүмкін, бірақ шынайы   түрде қарасақ бизнес әрдайым мемлекеттік бағдарламаларға және ынталандыру шараларына белсенді жауап бере бермейді. Бұл асыл тұқымды мал басын жақсартуға және ұлғайтуға деген объективті қажеттілік бар, асыл тұқымды өнімге деген сұраныс бар деген сөз.

Мал бордақылау алаңдары салынуда. Соңғы 2 жылда агроқұрылымдар жалпы қуаттылығы 35,2 мың бордақылау орны болатын мал бордақылау алаңдарын салды және қолданысқа енгізді, жоспар 37,5 мың бордақылау орны болатын. Ағымдағы жылы 30,4 мың бордақылау орны бар бордақылау алаңдарының желісін салу жоспарланып отыр.

Биылдан бастап қой шаруашылығында «Сыбаға» бағдарламасына ұқсас  жоба іске қосылады. Кредит берудің жеңілдетілген шарттары бұл бағытты да дамытуға көмектеседі деген ойдамыз.

8. Сыбаға бойынша 2011-2013 жылардағы серпін (жоспар/нақты)

9. Сыбаға (скрин)

10. импорт бойынша 2011-2013 жылдардағы серпін (жоспар/нақты)

Екінші.

ауыл шаруашылығы жануарларының төмен өнімділігі

Екінші шектеуші фактор – ауыл шаруашылығы жануарларының төмен өнімділігі, бұл төмен генетикалық әлеуеттің салдары болып табылады. Мысалы, 2013 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша жалпы табындағы асыл тұқымды ІҚМ басының үлесі 8%-ды (2009 жылмен салыстырғанда 2,4%-ға өскен), асыл тұқымды қой басының үлесі шамамен 14%-ды, асыл тұқымды шошқаның үлесі – 19%, асыл тұқымды жылқы мен құстың үлесі – тиісінше 7% және 11%-ды құрады (анықтама ретінде: 2009 жылы аналық ІҚМ басы – 5,6%). Бұл мал шаруашылығының төмен рентабельділігі мен төмен тиімділігінің негізгі себептерінің бірі.

Мал шаруашылығы дамыған елдерде бұл көрсеткіш шамамен 40-50%-ды құрайды. Бұл жағдайды еңсеру үшін белгілі бір қадамдар жасалды. 2012 жылы асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы заңнамаға өзгерістер енгізілді, бұл ірі қара мал бөлінісінде осы саланы қайта реттеуді көздейді.

Асыл тұқымды мал мәртебесі енді мемлекеттік емес палаталармен айқындалады. Сонымен бірге субсидиялау тетіктеріне өзгерістер енгізілді. Қазір субсидияларды мал сатып алушылар алады, яғни олар сұранысты айқындайды. Егер бұрын асыл тұқымды шаруашылықтар субсидияларды тек мәртебесі үшін алса, енді олар өз өнімін өткізуді қамтамасыз ету үшін іс жүзінде асыл тұқымдық жұмыспен айналысуы тиіс.

Селекциялық-асыл тұқымдық жұмыстардың жаңа бағыттарын субсидиялау басталды. Мысалы, 2012 жылдан бастап бірінші рет мал шаруашылықтарында аналық мал басын ұстау субсидияланатын болады. Субсидиялар асыл тұқымды малды да, тауарлы табынды да ұстағаны үшін беріледі. Бұл ретте, субсидиялар асыл тұқымды бұқа болған және оны уақтылы ауыстырған кезде беріледі (бұл асыл тұқымды өнімге деген сұранысты тудырады). Яғни, мұндай шаралар табынды ұстау шығындарын өтеумен қатар тауарлы мал басының генетикасын жақсартады.

Бұдан басқа, жалпы табын үшін асыл тұқымды бұқаларды ұстау субсидияланады. Бұл бірте-бірте жеке қосалқы шаруашылықтардағы малдардың өнімділігін жақсартуға мүмкіндік береді.

Қабылданған шаралардың арқасында асыл тұқымды бұқаларға деген сұраныс пайда болды. Мысалы, бірнеше жыл бұрын асыл тұқымды шаруашылықтар асыл тұқымды бұқаларды союға жіберген болса, қазір өткізілген сауда-саттықтар мен аукциондар оларға деген сұранысты көрсетуде, тіпті кейбір бұқалардың бағасы 1-1,5 млн. теңгеге дейін жетуде.

Асыл тұқымды істі реттеу үшін қабылданған шаралардың дұрыстығын қой шаруашылығы және құс шаруашылығы қоғамдастықтарының танытып отырған бастамалары растайды, олар да мал шаруашылығының осы салаларында асыл тұқымдық істі қайта реттеуді ұсынып отыр.

Осы қағидат бойынша биылдан бастап 1 басқа 1500 теңге есебімен қой шаруашылықтарында аналық қой басын ұстау субсидияланатын болады. Сондай-ақ, төл сатып алуды субсидиялау тетігі жеңілдетілді, егер бұрын субсидиялар көлемі малдың тірі салмағы бойынша есептелсе, қазір мал басы бойынша субсидияланады, бұл әкімшілік етуді жеңілдетеді.

Мал шаруашылығын субсидиялау көлемі ағымдағы жылы 2008 жылмен салыстырғанда 6,5 есеге, 2,2 млрд, теңгеден 14 млрд. теңгеге дейін артты. Бұл ретте, «Агробизнес – 2020» бағдарламасында 2020 жылға қарай 47 млрд. теңгеге дейін мемлекеттік қолдау көзделген.

11. түрлер бөлінісіндегі асыл тұқымды мал басының саны

12. мемлекеттік қолдау түрлері

13.

Субсидиялаудың жаңа түрлері – жылдар бойынша

14.

2008-2020 ж. субсидиялар көлемі өсімінің қарқыны

Үшінші .

Жемшөп саласының дамымағандығы

Жемшөп саласының дамымағандығы.

Кеңестік кезеңнен кейінгі мал шаруашылығы саласындағы құлдырау жемшөпке деген сұраныстың төмендеуіне және тиісінше олардың өндіріс көлемінің 4,5 есеге қысқаруына әкелді. Мұнда әңгіме жалпы жеткілікті азықтың   мөлшерінде емес, шырынды және құнарлы азықтардың жеткіліксіздігінде болып отыр.

Жалпы мал шаруашылығының дамуымен бірге жүретін жемшөпке деген сұраныс өз-өзінен жемшөп өндірісінің өсуіне екпін береді. Қазіргі таңда осы өсуді ынталандыру бойынша қосымша шаралар қабылдануда.

Бірінші кезекте бұл жайылымдық мал шаруашылығын дамыту, ол арзан және бәсекеге қабілетті өнім өндіруге мүмкіндік береді.

Республиканың жайылымдық әлеуетін толық пайдалану үшін салалық бағдарлама шеңберінде жайылымдарды суландыру көзделеді. 2014-2020 жылдар кезеңінде шамамен 4000 жуық шахталы және құбырлы құдықты салу және қалпына келтіру болжанып отыр. Бұл шығындарды өтеу үшін 2014 жылдан бастап құдықтарды салу бойынша шығындардың 80%-ына дейін өтеу жолымен инвестициялық субсидиялар тетігі енгізіледі.

Су ресурстарын басқару өкілеттігі берілген Қоршаған ортаны қорғау министрлігі су шаруашылығын дамыту жөніндегі бағдарламаны әзірлеу бойынша басталған жұмыстарды жалғастыруда, ол бағдарлама ауыл шаруашылығының, оның ішінде, мал шаруашылығының мұқтаждықтары үшін гидротехникалық құрылыстарды салуға және қайта жаңартуға мемлекеттік инвестицияларды көздейді.

Жемшөп өндірісін дамытуды ынталандырудың тағы бір тетігі алқаптарды әртараптандыру болып табылады. Мұнда да позитивті алға жылжу бар. 2013 жылы жемшөптік дақылдар 3,1 млн. гектарға егілді, бұл 2012 жылдың деңгейінен 10%-ға артық (сүрлемдік дақылдар – 88,7 мың гектар, біржылдық шөптер – 490,5 мың гектар, көп жылдық шөптер өткен жылдардың егістіктерін ескере отырып, 2,5 млн. гектар алқапқа орналасатын болады). Анықтама ретінде: 2009 жылмен (2,5 млн. гектар) салыстырғанда өсім 24 %.

Болашақта тыңайған және құнарсыз жерлерді игеру жолымен түбірімен жақсартылған жерлерге егілген дақылдарды есепке алғанда, жемшөптік дақылдардың егістік алқабын 8,8 млн. гектарға дейін жеткізу жоспарланып отыр. Бұл үшін жергілікті атқарушы органдармен алқаптарды әртараптандыру бойынша меморандумдарға қол қойылды.

Ағымдағы жылдан бастап басымды дақылдардың 1 гектарына арналған субсидиялау бағдарламасы шеңберінде шалғындық және жайылымдық  алқаптарды түбірімен жақсарту үшін егілген жемшөптік дақылдарға субсидия төлеу мүмкіндігі енгізіледі (қолданыстағы механизмде – тек пішендік алқаптарды шалғындау үшін).

Жемшөпке бағының қымбаттауы жағдайында мал шаруашылықтары мал мен құс санын қысқартуға мәжбүр болатынын түсіне отырып, біз 1-2 жылға дейін астық запасын сақтайтын сыйымдылығы бар астық сақтау қоймаларын салуды субсидиялауды жоспарлап отырмыз, бұл мал мен құс өсірушілерге күзде астық жиналып болған соң, яғни баға арзан кезде астық сатып алуға мүмкіндік береді.

Бұл мәселенің жүйелі шешімі заңнамада көзделгендей ауық-ауық қайталынып отыратын құрғақшылық жағдайына арналған жемдік астық қорын құру мүмкіндігін пайдалану болып табылады. Қазіргі таңда Ауыл шаруашылығы министрлігі жемдік астық қорын құруға қаражат бөлу туралы ұсыныс енгізуде және осы мәселені депутаттар қолдайды деп үміттенеміз.

Ең бастысы «Агробизнес – 2020» бағдарламасы шеңберіндегі мемлекеттік қолдаудың барлық жаңа құралдарын (инвестициялық субсидиялар, кредиттік тәуекелдерді сақтандыруды субсидиялау және тағы басқалар) бөлу кезінде жемшөп өндірісі және жемшөпті қайта өңдеу басты басымдылықта болады.

15. жайылымдардың ағымдағы жағдай  пастбищ

16. схема:

АШМ – субсидиялар, Қоршағанорта мині – мемсинвестициялар

17. 2009-2013 ж. өсу серпіні

Төртінші.

Әлсіз ветеринариялық қамтамасыз

Мал шаруашылығының дамуы ветеринариямен тығыз байланысты және оның жай-күйіне тәуелді.

Енді ветеринарияның негізгі проблемалары:

1) Ветеринария саласындағы заңнамалық базаның жетілдірілмегендігі (ветеринариялық құжаттарды беру кезіндегі әкімшілік кедергілер (ветеринариялық анықтамаларды беруді тек ауылдық округтің ветеринар дәрігері жүзеге асырған және ауданның тиісті аумағында жарамды болған), ветеринариялық құжат бланкісінің құнын банкте төлеу қажеттілігі, бұл әбігерге салады және қосымша шығындарды тудырады, ветеринария заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылықтың төмендігі).

2) ветеринария жүйесінің институционалдық жетілдірілмегендігі (ұтымсыз кадрлық бөлініс, ветеринар мамандардың басым көпшілігі практикалық қызметке қарағанда «кеңселік» жұмыспен көп айналысады, кадрлармен қамтамасыз етілмеу және ветеринар мамандар біліктілігінің жеткіліксіздігі);

3) Ветеринариялық іс-шараларды жүргізудің төмен сапасы (өнімнің қадағалануын қамтамасыз ететін және эпизоотиялық қадағалауды жүзеге асыратын ақпараттық жүйелер жоқ, Ветеринариялық ұйымдар лайықты түрде барлық қажетті жабдықтармен жарақталмаған, ветеринариялық препараттардың, ерекшелік, сезімталдық, қайталану және жаңартылу көрсеткіштері бойынша сынақ нәтижелерін диагностикумдардың сапасын бақылайтын жүйе жоқ).

4) Жануарларды бірдейлендіруді жүргізу рәсімдерінің жетіспеушілігі (орталықсыздандырылған сатып алу, құлақ сырғаларын жоғалту пайызының жоғары болуы, жануарлардың иелеріне сырғалардың құнын қайтармау, интернет желісімен қамтамасыз етілмеген ауылдық елді мекендердің бірдейлендіру жөніндегі электрондық дерекқорға қол жеткізе алмайтындығы)

5) Халықаралық ұйымдармен әлсіз ықпалдасуы.

Ветеринария саласындағы бар проблеманы шешу үшін мынадай іс-шаралар жүргізілді және жүргізіліп жатыр:

– ХЭБ мақұлдаған ветеринариялық қызметті дамытудың ұзақ мерзімді стратегиясы әзірленді;

– ветеринариялық жүйе республикалық және жергілікті деңгейлерде  институционалдық нығаюда;

– ветеринариялық ұйымдарды кезең-кезеңмен материалдық-техникалық жарақтандыру жүргізіліп жатыр (өтімділігі жоғары арнайы автомашиналар, жануарларды ұстап тұруға арналған жіктер, қандардың сынамаларын және патматеиалды тасымалдауға арналған салқындатқыш чемодандар), инсенираторлар (өлекселерді өртейтіндер);

– жануарларды бірдейлендіру рәсімдерін жетілдіру бойынша шаралар қабылдануда (бірдейлендіруге арналған атрибуттар мен бұйымдарға қойылатын талаптарды күшейту, мал иелерінің малды бірдейлендірудегі жауапкершілігін арттыру, құлақ сырғаларын және басқа да атрибуттарды сатып алуды орталықтандыру, жануарларды бірдейлендіру жөніндегі дерекқорды және бағдарламаларды порталдық режимге ауыстыру);

– ветеринариялық зертханаларды салу және жаңғырту бойынша жұмыс жалғастырылуда. 48 ветеринариялық зертханалар пайдалануға берілді (11 облыстық және 37 аудандық ветеринариялық зертханалар). Жылдың аяғына дейін 67 аудандық ветеринариялық зертханалардың құрылысын аяқтау жоспарланып отыр.

– ЖАО құрылған мемлекеттік ветеринариялық ұйымдардың ролдерін күшейту, сондай-ақ ЖАО ветеринариялық бөлімшелерін мемлекеттік қызмет мәртебесінде ауылдық округтер деңгейіне төмендету бойынша жұмыстар жүргізілуде, бұл тәжірибе жинайтын ветеринар дәрігерлердің санын арттыруға мүмкіндік береді;

– жануарлардың аса қауіпті аурулары және тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі бойынша елдің эпизоотиялық саулығын қамтамасыз ету мақсатында ХЭБ-тің ұсынымдары және ҒТК ғылыми қорытындыларының негізінде жануарлардың аса қауіпті ауруларына қарсы күрес жүргізу жөніндегі стратегияны әзірлеу басталды. Бірінші кезеңде аусылға және бруцеллезге қарсы күрес жүргізу стратегиясы әзірленді, себебі осы аурулар айтарлықтай қауіпті болып табылады және экономикалық және әлеуметтік залал келтіреді.

Мысалы, 2006-2011 жылдары бруцеллез диагнозы қойылған ірі қара малдың 370 мың басы союға жіберілген болатын, бұл мал шаруашылығына кері әсер етті. Бұл ретте, бруцеллез ауруы анықталған жануарлардың диагнозын растау үшін қайтадан диагностика жүргізілген жоқ.

Мал шаруашылығының бруцеллезден болған осындай айтарлықтай шығынын ескере отырып бірқатар шаралар қабылданды: иммуноферменттік талдаудың орнына зерттеулер үшін бруцеллезді диагностикалаудың арзандау, бірақ сенімді классикалық әдістерін пайдалану енгізілді, иммуноферменттік талдау диагностикасын жасамау бруцеллезге қарсы вакцинациялауды жүргізуге рұқсат беруге мүмкіндік берді, диагнозды міндетті түрде растау енгізілді.

Австриядан әкелінген малға қатысты жағдайға байланысты жеке айтқым келеді. Импортталған малдан зерделенбеген Шмалленберг ауруының табылуына байланысты ағымдағы жылдың ақпан айында карантин кезеңінде ірі қара малдың шамамен 700 басы алынды және жойылды. Мал халықаралық нормаларға толық сәйкес әкелінді, әкелінген малда импорттаушы ел берген қажетті ветеринариялық сертификаттар болды.Қазіргі уақытта «ҚазАгроҚаржы» акционерлік қоғамы сот органдарына талап арыз берді.

18. проблемалар

19. шешу жолдары

Бесінші.

Бос жерлердің жетіспеушілігі

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы бос жерлердің жетіспеушілігі.

Қазіргі кезде көптеген кәсіпкерлер бос жерлерді пайдаланбау проблемасын бастан кешіп отыр. Бұл проблема жүйелі шешімді қажет етеді.

Біріншіден, экономикалық рычаг ретінде жер салығын көтеру қажет. Мұнда ауыл шаруашылығы тауары өндірісінде жұмыс істейтіндерге ортақ салық жүктемесі ұлғаймау үшін салықтардың басқа түрлері бойынша тиісті жеңілдіктер жасалады.

Бұл шара жерді ауыл шаруашылығы өндірісіне пайдаланып отырғандарға еш әсер етпейді, бірақ жерді запаста ұстап отырғандардың қалтасына салмақ түсіреді. Мұндай салақ иелер жерді пайдалануды бастауға немесе мемлекетке қайтаруға мәжбүр болады. Мемлекет өз кезегінде босатылған жерлерді ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге жұмыс істеп тұрған өндірістерін кеңейтуге немесе жаңа өндірісті құруға беретін болады.

Екіншіден, әкімшілік рычаг ретінде жердің ұтымды пайдалануын бақылайтын жүйені тәртіпке келтіру, оның құнарлығын төмендетуге жол бермеу қажет.

20. схема: проблема – шешу жолдары

Алтыншы.

Кадрлардың,консалтингтің тапшылығы және әлсіз ғылыми қамтамасыз ету

Аграрлық кадрлардың жетіспеушілігі саланың дамуын тежейтін фактор болып табылады. Мал шаруашылығында жұмыс істеп жатқан мамандардың орташа жасы зейнеткерлік жасқа жетіп қалған, ал аграрлық жоғары оқу орындарының түлектері ауылға барғылары келмейді және мамандықтары бойынша жұмыс істеп жатқан жоқ.

Ұқсас түрінде консалтинг және ғылыми зерттеулер саласындағы жағдайды сипаттауға болады. Мұнда, бәрінен бұрын қаржыландырудың жетіспеушілігі.

Министрлік жоғарыда баяндалғанға байланысты өткен екі жыл ішінде шетел мамандарын тарта отырып өтеусіз негізде мал шаруашылығындағы басшылар мен мамандардың біліктілігін аттыру жүзеге асырылып келеді. Жыл сайын шамамен 1300 адам оқудан өтеді. Бұл жұмыс ары қарай жалғастырылатын болады.

Әлеуметтік маңызы бар «Дипломмен ауылға» бағдарлама бойынша ауыл шаруашылығы министрлігінің бастамасымен қазіргі таңда ауылдық жерлерге тартуға арналған ынталандыру шаралары ветеринарларға ғана емес, сонымен қатар басқа мамандықтарға да қолданылатын заң жобасын дайындалуда. Бұл агрономдарды, механизаторларды, зоотехниктерді және ауыл шаруашылығын дамыту үшін маңызды басқа да мамандарды тартуға алымды қозғау береді.

«Болашақ» бағдарламасы бойынша студенттер мен мамандарды оқытуға арналған квотаны көбейту бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. Мысалы, 2012 жылдан бастап осы бағдарлама бойынша мамандықтар тізбесіне ауыл шаруашылығы үшін «Агрономия», «Ветеринариялық медицина», «Ветеринариялық санитария», «Топырақтану, агрохимия, өсімдіктерді қорғау», Балық шаруашылығы және өнеркәсіптік балық шаруашылығы» мамандықтары енгізілген.

Мал шаруашылығында ғылыми зерттеулер де жүргізіліп жатыр. 2004-2013 жж. ҚР Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы комитеті мал шаруашылығы саласындағы селекциялық жетістіктерге шамамен 60 патент берді.

Осы селекциялық жетістіктер ғалымдардың көп жылғы еңбектерінің жемісі болып табылады. Сонымен қатар, осы селекциялық жетістіктерді енгізу және коммерциялизациялау мәселелерін шешу өте төмен деңгейде қалып тұр. Осыған байланысты «Агробизнес – 2020» бағдарламасының шеңберінде отандық ғалымдардың селекциялық жетістіктерін енгізудің тиімділігін арттыру бойынша шаралар қабылданатын болады.

Бұдан басқа, ғалымдар көрсететін консалтингтік қызметтердің сапасын көтеру бойынша шаралар қабылданып жатыр.

21. схема: проблема – шешімі

Жетінші.

Қаржыландырудың жетіспеушілігі

 

Саланы қаржыландырудың жетіспеушілігінің негізгі себебі төмен инвестициялық тартымдылық болып табылады, бұл саланы шамамен 2,5 есе толық қаржыландырмауға әкеліп соғады.

Төмен инвестициялық тартымдылық ауыл шаруашылығы жерлерінің және басқа да өндіріс құралдарының төмен кепілдік құны сияқты салдарларға себеп болып табылады.

«Агробизнес – 2020» бағдарламасында салалардың тартымдылығын арттыру үшін мынадай шаралар көзделген:

1)     Мал шаруашылығында басым бағыттар бойынша іске асырылатын инвестициялық субсидиялар. Сүт туар фермалары, құс фабрикалары, шошқа кешендері, отбасылық фермалар сияқты;

2)   Кредит бойынша пайыздық ставкаларды субсидиялау арқылы қаржыға қол жеткізуді кеңейту;

3)   Кепілдік қамтамасыз етудің жоқтығын шешуге арналған қарыздарға кепілдік беру және сақтандыру тетіктерін енгізу.

Осы шаралар салаға қазіргі уақытта қол жетпейтін мемлекеттік емес инвестицияларды, оның ішінде екінші деңгейлі банктер арқылы тартуға мүмкіндік береді.

22. схема: проблема – шешімі

Сегізінші.

Өнімді өткізу проблемалары

Өнімдерді өткізумен байланысты проблемалар.

Отандық өнімдердің бәсекеге қабілетсіздігінің айқын мысалдарының бірі Қазақстандағы құс еті импорты болып табылады.

Көбінесе демпингті бағалар бойынша сапасы төмен өнімдер әкелінеді. Мұндай өнім еліміздің техникалық регламентіне сәйкес келмейді, бірақ біздің сөрелерде тып-тыныш қана жатыр.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің бастамасы бойынша ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті Санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетімен бірлесіп сауда нүктелеріне жеткізіліп отырған импорттық құс етінің сапасына және оның регламенттерге сәйкестігіне рейдтер жүргізді. Рейдтерден алынған нәтиже өте жақсы болды: отандық құс фабрикалары өнімдерінің сатылу 30%-ға дейін өскендігін айта кету керек.

Қазіргі уақытта Кеден одағы шеңберінде отандық мал шаруашылығын қорғау мақсатында еттің жекелеген түрлері бойынша тариф баждары енгізілді, бұл отандық мал шаруашылығы мен құс шаруашылығының дамуына серпін береді. Бірыңғай кедендік тарифтерде еттің кейбір түрлеріне тарифтік бажды қолдану қарастырылған.

Отандық нарықты сапасыз шетел өнімдерінен қорғау мақсатында жалпы тұтыну көлемінде отандық өнімнің үлесін көтерумен қатар, мал шаруашылығы өнімдерін әкелу квоталарын төмендету, сондай-ақ квотадан тыс әкелінетін өнімдерге баждарды көбейту қажет.

23. схема: проблема – шешімі

«Агроюизес-2020» бағдарламасын іске асыру бойынша шебер-жоспарлар әзірлеу туралы «Агробизнес-2020» бағдарламасының негізгі мақсаты АӨК субъектілерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін жағдайлар жасау болып табылады. Бағдарламаның іс-шараларын іске асыру мақсатында Министрлік шебер-жоспарларын әзірледі, оның ішінде мал шаруашылығын дамыту бойынша.

Шебер-жоспарларды іске асыру тетігі көрсеткіштерді жылдар бойынша айқын бөлу. Мал шаруашылығының әр саласы үшін өте аз өзіндік құнына қол жеткізу үшін оңтайлы шешімдерге ие үлгілік жобалар әзірленді. Осы тетік ірі қара мал етінің экспорттық әлеуетін дамыту жөніндегі жобаны іске асырған кезде пайдаланылған болатын және де өзінің тиімділігін дәлелдеді.

24. схема: программа – шебер-жоспарлар
Норма шығармашылық Сонымен бірге, бағдарламада белгіленген жоспарларды заңнамалық реттеу мәселелерінде депутаттық корпустың қолдауынсыз іске асыру мүмкін еместігін айта кету керек. Қазіргі уақытта Парламент:

1)  инвестициялық субсидияларды төлеу мүмкіндігін;

2)  қайта өңдеу кәсіпорындарының ауыл шаруашылығы өнімдерін кепілдендірілген сатып алу бағасы бойынша сатып алуға байланысты шығындарды субсидиялау мүмкіндігін;

3)  қаржылық институттар алдында ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің қарыздарын кепілдендіру және сақтандыру жүйесін енгізуді;

4)  жерді агрохимиялық зерттеуді енгізуді;

5)  ветеринариялық қызмет құрылымдарын жергілікті деңгейде өзгертуді;

6)  ветеринариялық заңнаманы бұзушылық жауапкершілігін қатаңдатуды;

7)  ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру мәселелерін жетілдіруді қарастыратын заң жобасын қарастырып жатыр.

Барлық осы мәселелер Агробизнес-2020 бағдарламасын іске асыру жөнінде Елбасының берген тапсырмасын орындау үшін өте маңызды болып табылады. Осыған байланысты осы заң жобасын жеделдетіп қарауға қолдау көрсетулеріңізді сұраймыз.

25. заң жобасының мәні
Күтілетін нәтижелер «Агробизнес – 2020» бағдарламасын және шебер – жоспарларды кешенді іске асыру мынадай нәтижелерге қол жеткізуге бағдарланған:

етті мал шаруашылығында:

Сиыр етін 650 мың теңгеге өндіру жоспарланып отыр. Яғни, сиыр етін жылына 23 кг-дан 30 кг-ға дейін (жылына 570 мың тонна) тұтынуды арттырғанның өзінде, оның экспорты жылына 100 мың тоннаны құрайды.

сүтті мал шаруашылығында:

Негізгі мақсат импортты алмастыру болып табылады. Осыған байланысты ішкі өндірістің көлемін ірі және отбасылық сүт тауар фермаларын салу есебінен 1,0 млн. тоннаға арттыру көзделіп отыр, бұл сүт өнімдері импортының деңгейін 17% дейін төмендетуге мүмкіндік береді (ФАО ұсынымдары).

қой шаруашылығында:

Шаралар ішкі тұтынуды 100 % қамтамасыз етуге және 45 мың тонна қозы етін және жылына 100 мың қаракөл терісін экспорттауға бағдарланған.

етті және жұмыртқа бағытындағы құс шаруашылығында:

Құс еті өндірісін жылына 150 мың тоннаға ұлғайту және оның импортын
17% мөлшерінде ұстап тұру (ФАО ұсынымдары) көзделген.

Жұмыртқа импортын 17% деңгейінде (ФАО ұсынымдары) ұстап тұру жоспарланған

жылқы шаруашылығында:

Негізгі міндет ішкі сұранысты 100% қамтамасыз ету болып табылады.

шошқа шаруашылығында 60 мың тонна шошқа етін экспорттау үшін жағдай жасау жоспарланып отыр.

тауарлы балық шаруашылығында өнім өндіру көлемін жылына 15 мың тоннаға дейін ұлғайту көзделген.

Жалпы ауыл шаруашылығын заңнамалық реттеу мәселелерін, оны мемлекеттік қолдау көлемін ұлғайту мәселелерін депутаттардың қолдауы агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау бойынша жоспарланған іс-шараларды толық орындауға мүмкіндік береді деп ойлаймын.

26 2020 күтілетін нәтижелер

Назар салып тыңдағандарыңызға рахмет.

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus