Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Баяндамалар ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің үш аграрлық ЖОО студенттерінің алдындағы ашық дәрісте оқитын баяндамасы

ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің үш аграрлық ЖОО студенттерінің алдындағы ашық дәрісте оқитын баяндамасы

 

Мәтін

КІРІСПЕ БӨЛІМ, ҚҰТТЫҚТАУ СӨЗ Құрметті студенттер мен оқытушылар!

Сіздермен бүгін кездескеніме қуаныштымын және ұйымдастырушыларға Ауыл шаруашылығы министрлігінің атынан осы аудиторияда сөз сөйлеу мүмкіндігін жасағаны үшін алғыс білдіруге рұқсат етіңіздер.

Бүгін мен отандық агроөнеркәсіптік кешен алдындағы негізгі мәселелерді және оның даму перспективаларын баяндап, сіздермен агроөнеркәсіптік кешенді дамыту үшін қабылданған және қабылдануы қажет шешімдерді талқылағым келеді.

ҚАЗАҚСТАННЫҢ АӨК-нің НЕГІЗГІ КӨРСЕТКІШТЕРІ Біздің республика жоспарлы экономика кезеңінің өзінде дамыған аграрлық ел, үлкен мемлекеттің ірі астық қоймасы болды.

Біздің тәуелсіздігіміздің 20 жылдан астам уақыты ішінде Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешені қалай болса да өнім өндіруге бағдарланған шаруашылық жүргізу жүйесінен нарықтық экономика жағдайындағы аса тиімді өндіріске дейінгі үлкен жолдан өтті.

Бүгінгі күні Қазақстан азық-түлікке деген өз қажеттілігін 80 пайызға қамтамасыз етеді.

Өткен жылдың қорытындысы бойынша еңбек өнімділігі 4 мыңға АҚШ долларына жуықтады ( нақты көрсеткіш – 3,9 мың АҚШ долл.).

КӨРСЕТКІШТЕРДІ САЛЫСТЫРУ ЖӘНЕ НАҚТЫЛАУ Ағымдағы жылы 20,7 млн. тонна көлемінде астық жиналды, бұл сыртқы нарыққа 9 млн. тоннаға жуық астық жөнелтуге мүмкіндік береді.

Өндірілетін бидайдың дәні жоғары сапасымен ерекшеленеді. Жалпы қазақстандық астық әлемнің 70-тен астам елдеріне жеткізіледі.

Жалпы ауыл шаруашылығы өнімінің шығарылымы оң өсім үрдісіне ие.

Осылайша, соңғы 12 жылда жалпы өнім көлемі 4 есеге дерлік ұлғайды және 2012 жылы 2 трлн. теңгеге жуық көрсеткішті құрады.

Өсімдік шаруашылығы өнімінің өндірісі аталған кезеңде 3 есеге (325,7 млрд. теңгеден 981,2 млрд. теңгеге дейін), мал шаруашылығы өнімінің өндірісі 5 есеге дерлік (с 207,9 млрд. теңгеден 1,0 трлн. теңгеге дейін) ұлғайды.

Бұл ретте, 2012 жылы мал шаруашылығының үлесі өсімдік шаруашылығының үлесінен асып түсті және 50,6%-ды құрады.

Бұл қатынасқа әрине өсімдік шаруашылығының өндіріс көлемін төмендететін құрғақшылық өз үлесін қосты, алайда құрғақшылық бұрын да болғанын айта кету керек. Осылайша, жалпы өсімдік шаруашылығы және мал шаруашылығы секторларындағы ауыл шаруашылығы өнімдерінің өндірісінде теңесу орын алғанын байқауға болады.

2012 жылы ауыл шаруашылығы өнімдері экспортының көлемі 3 млрд. АҚШ долларынан асты, бұл 2011 жылдың деңгейінен 66%-ға жоғары. Бұл ретте, астық эквивалентіндегі ұнды есепке алғанда астық экспорты 11,1 млн. тоннаны (астық – 7,9 млн. тонна, астық эквивалентіндегі ұн – 3,2 млн. тонна) құрады, бұл тәуелсіз Қазақстанның нарықтық экономика жағдайындағы ауыл шаруашылығының дамуында рекордтық көрсеткіш болып табылады.

Жалпы өнімнің одан әрі өсуіне жағдай жасайтын өсімдік шаруашылығы мен мал шаруашылығындағы мынадай оң үдерістерді атап өту маңызды.

Сонымен, бидай егілетін алаңдардың ғылыми негізделген нормасы 50% мөлшерінде болған кезде 2009 жылы бидай егілген егістік алаңдар 69%-ды (14,8 млн. гектар) құрады және 2012 жылы 64%-ға дейін қысқарды (13,5 млн.гектар). 2013 жылы бидай егілген егістік алаңдар 61%-ды (13,1 млн. гектар) құрады.

2009-2012 жылдар аралығындағы кезеңде республика бойынша агроқұрылымдардағы малдың үлесі орташа есеппен 18-ден 28%-ға дейін өсті, тиісінше жеке қосалқы шаруашылықтардағы мал басы
82-ден 72%-ға дейін қысқарды.

Бұл ретте, шаруа және фермерлік шаруашылықтардағы мал басының саны 2012 жылы 20,1%-ға, 2013 жылдың қаңтар-маусым айларында 22,8%-ға өскен.

2009-2012 жылдар аралығындағы кезеңде агроқұрылымдардағы ІҚМ-нің жалпы санындағы аналық малдың үлесі 37,2%-дан 43,9%-ға дейін өскенін атап өту қажет.

Бұл Мемлекет Басшысының тапсырмасы бойынша іске асырылып жатқан ірі қара мал етінің экспорттық әлеуетін дамыту бойынша жобаның тікелей нәтижесі.

Кешенді жоспарда өңірлер бөлінісінде малды бордақылаудың инфрақұрылымын құру, ірі қара малдың аналық басын сатып алып,  фермерлік қожалықтар желісін құру және жоғары өнімді асыл тұқымды мал басын әкеле отырып, репродуктор шаруашылықтар құру бойынша нысаналы көрсеткіштер көзделген.

2011-2012 жылдары фермерлер үшін 115,0 мың бас аналық мал басы сатып алынды, ал жоспар 82,0 мың бас болатын (40%-ға артық орындалған). Қазір жоспарлы көрсеткіштермен және осы бағдарлама бойынша бөлінген сомалармен салыстырғанда мал сатып алуға сұраныстың артқаны байқалады.

2013 жылы фермерлік шаруашылықтардың кемінде 42 мың бас ІҚМ сатып алуы жоспарланған қазан айының соңындағы жағдай бойынша 46,6 мың ІҚМ аналық басы және 2,6 мың асыл тұқымды бұқа сатып алынған, дың бұл жоспардың 111% және 185%-ын құрайды.

ІҚМ етін өндірудің экспорттық әлеуетін дамыту жөніндегі бағдарламаның басқа да бағыттары белсенді іске асырылуда. Мысалы, жобада қолда бар асыл тұқымды мал басын ұлғайту шараларымен қатар 2015 жылға дейін елге 72 000 бас асыл тұқымды ірі қара мал импорттау көзделген.

2 жыл ішінде 30 000 астам асыл тұқымды мал импортталды (жоспар: 2011 жылы – 10 мың бас, 2012 – 12 мың бас). Етті бағыттағы ірі қара мал әкелу жөніндегі жоспар 2011 жылы 35%-ға, 2012 жылы 38%-ға артығымен орындалды. Ағымдағы жылы 14 мың бас ІҚМ әкелу жоспарланып, қазанның соңындағы жағдай бойынша 6,1 мың бас ІҚМ әкелінді. Бұдан басқа, ҚазАгро қазірдің өзінде 18,4 мың бас мал әкелуге өтінімдерді мақұлдады. Мынаған назар аударуларыңызды сұраймын, малды кәсіпкерлердің өзі әкелуде, малды таңдауды, оның бағысын және тасымалдау шарттарын АШМ немесе ҚазАгро емес, бизнес айқындайды.

Мал бордақылау алаңдары салынуда. Соңғы 2 жылда агроқұрылымдар жалпы қуаттылығы 35,2 мың бордақылау орны болатын мал бордақылау алаңдарын салды және қолданысқа енгізді. Ағымдағы жылы 30,4 мың бордақылау орны бар бордақылау алаңдарының желісін салу жоспарланып, 28.10.2013 ж. жағдай бойынша 1,0 мың бордақылау орнына өтінімдер мақұлданған. Сондай-ақ, бастамашылардың өз қаражаты есебінен 22,9 мың бордақылау орны бар мал бордақылау алаңдарының желісін салу жоспарлаып, бүгінгі күні 11,3 мың бордақылау орны қолданысқа енгізілді.

Осылайша, бизнес аталған бағдарламаның қажеттілігін көрсетуде.

Бұл жеке аулада мал өсірумен айналысқан адамдарға фермерлерге айналуға мүмкіндік береді және сіздер даму қарқындарының жоғары екенін және олардың ұлғайып отырғанын көріп отырсыздар.

Отандық агроөнеркәсіптік кешенінің экономикалық көрінісі осындай.

Алайда, біз ұл үрдістердің қарқынын жеткіліксіз деп санаймыз, ал оны тежеуші фактор ауыл шаруашылығына салынатын инвестициялар көлемінің салыстырмалы түрде төмендігі болып отыр.

Жаһандық сын-қатерлер

 

Өздеріңізге белгілі, жер халқының саны 7 миллиардқа жетті және 2050 жылға қарай тоғыз миллиард адамға жетеді, ал жүзжылдықтың соңында бұл көрсеткіш 10,1 миллиардты құрайды.

Біріккен ұйымдар ұйымының болжамы бойынша 2050 жылға қарай адамзаттың азық-түлікке қажеттілігі 2 еседен астамға өседі.

«Бұл қажеттілікті қалай қанағаттандыруға болады?» – бұл жақын дәуірдің басты мәселесі.

БҰҰ-ның Бүкіләлемдік азық-түлік ұйымы (ФАО) әлеуетті ғаламдық аштық аймағын анықтады.

Ол Қазақстанға жақын орналасқан кейбір елдерді де қамтиды.

Сондықтан да Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешенінің әрі қарай даму перспективасы анық, ал азық-түлікті қазір де, келешекте де ең тұрақты «әлем валюталарының» бірі деп санауға болады. Ол әрқашан да құнды болады.

БІЗДІҢ МҮМКІНДІКТЕР

 

Қазақстан аумағы бойынша жер жүзінде 9 орын алатынын сіздер білесіздер және ол 2,7 млн. шаршы километрден астамды.

Қазіргі уақытта Қазақстанда ауыл шаруашылығына арналған жерлердің жалпы алқабы 90 млн. гектарды құрайды, оның ішінде
25 млн. гектар жер жыртылатын алқабқа және 61 млн. гектар жайылымға жатады.

Ресей және Белоруссиямен бірге құрылған Кедендік одақ
170 млн. халқы бар, үш елдің ЖІӨ жиынтығы 1,8 трлн. АҚШ долларынын құрайтын тауарлар нарығында сауда-саттық жасауға мүмкіндік береді, ал алдағы ДСҰ-ға кіру экспортқа бағдарланған ауыл шаруашылығы өндірісін дамытуға кең мүмкіндіктер ашады.

Қазақстандағы бизнес-климат Doing Business Дүниежүзілік банкінің рейтингісіндегі орнымен сипатталады және оның бағалауы бойынша Қазақстан бүкіл әлемнің 183 экономикасының арасында
46-шы орынды алады. 2011 жылмен салыстырғанда еліміз аталған рейтингте өз позициясын жақсартқанын атап өткен жөн, онда біз елу сегізінші орында едік.

Үлкен аумақ, табиғи-климаттық жағдайдың барлық түрі мен топырақтық аймақтың бар болуы, қолайлы бизнес-климат және ашық ауқымды нарықтар Қазақстанды агроөнеркәсіптік кешенді дамыту үшін бірегей ел етеді.

Сондықтан біздің қол жеткізген жетістіктермен тоқтап қалуға құқығымыз жоқ және өзіміздің мықты жағымызды дамытып, қолда бар мүмкіндікті барынша іске асыруға тиіспіз.

 «АГРОБИЗНЕС-2020» БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ БАҒЫТЫ Алайда саланың дамуына бірқатар тежеуіш факторлар кедергі болуда: негізгілерінің бірі ауыл шаруашылығына инвестициялар көлемінің салыстырмалы түрде төмен болуы.

Осылайша, 2012 жылы ауыл шаруашылығының негізгі капиталына инвестициялар көлемі 22%-ға (133,9 млрд. теңге) өсті.

Ауыл шаруашылығына тартылған инвестицияның өсімі экономиканың басқа салаларымен салыстырғанда ең жоғарғы болып табылады.

Сонымен бірге, абсолюттік сандар мен инвестициялар көлемінің жалпы өнімге ара қатынасы басқа салалармен салыстырғанда ауыл шаруашылығы саласының артта қалғандығын айғақтайды.

Инвестициялар ағылымы көлемінің шамалы болуы:

– саланың төмен техникалық жабдықталуында (ауыл шаруашылығы техникасы паркінің 80%-ы тозған);

– егін шаруашылығын қарқындатудың төмен деңгейінде (жыл сайын 2,6 млн. тоннадан кем емес тыңайтқыштар енгізу талап етіледі, алайда шындығында қажеттіліктен 7-8 %-ы енгізіледі);

– ауыл шаруашылығы жануарларының генетикалық әлеуетінің төмен деңгейінде (жалпы табындағы асыл тұқымды ІҚМ басының үлесі 8% құрады, алмал шаруашылығы дамыған елдерде бұл көрсеткіш 40-50%-ға жуық);

– ауыл шаруашылығы жануарларының төмен өнімділігінде (сою үшн сатылатын малдың орташа тірі салмағы қазіргі уақытта 310 кг құрайды, ал әлемде стандарт – 500-520 кг салмақты құрайды. Республика бойынша бір сиырға сүт сауымы бойынша орташа көрсеткіш жылына 2200 литрді құрайды, шет елдерінде бұл көрсеткіш жылына 6-8 мың литрге тең).

Міне осы үшін жаңа «Агробизнес-2020» бағдарламасын әзірлеу және қабылдау бастамашылық етілген болатын, ол инвестициялық субсидиялар, қарыздарды сақтандыру және кепілдендіру, кредиттер және лизинг бойынша сыйақы ставкаларын субсидиялау, ЕДБ-ны қорландыру түріндегі мемлекеттік қолдаудың жаңа құралдарын көздейді, сондай-ақ, өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру тетігін жетілдіру және мал шаруашылығындағы сақтандандыруды енгізу бойынша шаралар қабылдануда.

Сондай-ақ мемлекеттік қолдаудың қолданыстағы тетіктері жетілдірілуде.

Субсидиялау тетіктерін табысты жетілдірудің мысалы мыналар болып табылады:

Өсімдік шаруашылығында:

тамшылатып суару жүйесін қолдана отырып, ауыл шаруашылығы дақылдарын өсірген кезде базалық субсидиялаудан жоғары норма бойынша субсидиялау нормативтерін саралау;

тамшылатып суару жүйесін қолданумен шарттасқан бақтар мен жүзімдіктер отырғызуға кеткен шығындарды субсидиялау;

жай суару тәсілін қолданғанда төленетін механикалық көтермесіз 20%-ға және механикалық көтермемен 40%-ға қарағанда тамшылатып суаруды қолданған  кезде судың 1 текше метрін жеткізу тарифінің 80%-ын субсидиялау;

Нәтижесінде тамшылатып суаруды пайдалану алаңы 2012 жылы 31,9 мың гектарға жетті, бұл 2007 жылғы (713 гектар) деңгеймен салыстырғанда 45 есеге жуық жоғары.

Мал шаруашылығында:

Шырынды және ірі азықтардың құнын арзандату үшін бір басқа 4500 теңге есепппен аналық малдың 1 басына субсидия төлеу шаруа және фермерлік шаруашылықтарға жетіспейтін азығын сатып алуға мүмкіндік берді, өйткені барлық шаруашылықтар қажетті азықтардың барлық түрін өндіре алмайды;

Бұл шаралар 2011-2012 жылдарда аналық мал басының төмендеуін айтарлықтай қысқартты, бұл елде малдың жалпы санының өсу қарқынын сақтауға мүмкіндік береді.

2012 жылдан бастап тұқымдық жаңғыртуға тартылған әрбір етті және сүтті бағыттағы асыл тұқымды аналық мал басы мен тауарлық аналық мал басы үшін 14 000 теңге көлемінде селекциялық және асылдандыру жұмысын жүргізуге субсидиялар бөлінуде.

2013 жылдан бастап бұл тетік қой шаруашылығында енгізілді: 1 аналық қой басына субсидия көлемі 1500 теңгені құрайды.

ҚАРЖЫЛЫҚ САУЫҚТЫРУ АӨК мемлекеттік қолдаудың жаңа тетіктері туралы қысқаша.

АӨК субъектілерінің төлем қабілеттілігін жақсарту, кредиттік жүктемесін төмендету және банкротқа ұшырау тәуекелін азайту мақсатында АӨК субъектілерінің берешектерін қайта құрылымдау, қайта қаржыландыру, сондай-ақ, қаржыландыру жолымен оларды қаржылық сауықтыру көзделеді.

Бағдарламада АӨК субъектілерін қаржылық сауықтыру үшін қаржы нарығынан «ҚазАгро» Холдингімен 300 млрд. теңгеге дейін тарту көзделген. Бүгінгі күннің өзінде «ҚазАгро» Холдингі 1 млрд. АҚШ доллары сомасында Еуробондтар тартты. Тағы 1 млрд. АҚШ долларын тарту жоспарда бар.

ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ СУБСИДИЯЛАР Инвестициялық жобалардың капитал сыйымдылығын және өзін-өзі ақтау мерзімдерін төмендету үшін АӨК салаларының басым бағыттарында жаңа өндірістік қуаттылықтар салуға не қолданыстағыларын кеңейтуге бағытталған инвестициялық салымдар кезінде шығыстарды (құрылыс-монтаждау жұмыстары, жабдықтар, ауыл шаруашылығы және арнайы техникалар сатып алу) ішінара өтеу түріндегі мемлекеттік қолдау енгізілетін болады.
ҚАРЫЗДАРДЫ САҚТАНДЫРУ ЖӘНЕ ОЛАРҒА КЕПІЛ БЕРУ Қазіргі уақытта шамамен 30% шағын және орта АӨК субъектілерінде тиісті жоғары өтімді кепілдіктің болмауына және нашар қаржылық жай-күйіне байланысты қаржыландыруға қолжетімдік жоқ.

Осыған байланысты, АӨК субъектілері үшін кредиттік ресурстардың қолжетімдігін қамтамасыз ету және АӨК-ні белсенді қаржыландыру процесіне қаржы институттарын тарту мақсатында қаржы институттары алдындағы АӨК субъектілерінің қарыздарына кепілдік беру мен сақтандыру жүйесі енгізілетін болады.

ШЕБЕР-ЖОСПАРЛАР «Агробизнес-2020» бағдарламасын іске асыру шеңберінде ауыл шаруашылығының әрбір кіші саласы үшін көрсеткіштері жылдар бойынша бөлінген және облыстар бөлінісінде 15 шебер-жоспар әзірленді.

  1. Сүт шаруашылығын дамыту;
  2. Қой шаруашылығын дамыту;
  3. Жылқы шаруашылығын дамыту;
  4. Құс шаруашылығын дамыту;
  5. Тауарлы балық шаруашылығын дамыту;
  6. Етті мал шаруашылығын дамыту;
  7. Шошқа өсіру шаруашылығын дамыту;
  8. Жемшөп өндірісін дамыту;
  9. Астық нарығын тұрақтандыру;

10. Көкөніс шаруашылығы, бау-бақша шаруашылығы және жүзім шаруашылығын дамыту

11. Сортсынау және тұқым шаруашылығын дамыту;

12. Жерді оңтайлы пайдалану;

13. Фитосанитарияны дамыту;

14. Қазақстан Республикасында халықаралық стандарттарға сәйкес ветеринарлық жүйені жаңғырту;

15. Ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеуді дамыту.

 

Шебер-жоспарларды іске асыру тетігі көрсеткіштерді жылдар бойынша және облыстар бөлінісінде нақты бөлуді көздейді. Бұл тетік ІҚМ етінің экспорттық әлеуетін дамыту бойынша жобаны іске асыру кезінде пайдаланылды және өзінің тиімділігін көрсетті. Шебер-жоспарларда ең төмен өзіндік құнға қол жеткізу үшін оңтайлы шешімге ие үлгілік жобалар есептеулер негізіне алынды.

ӨҢІРЛЕРДІ МАМАНДАНДЫРУ СХЕМАСЫ

 

Ағымдағы жылы біз ғылыми ұйымдарды тарта отырып, табиғи-климаттық жағдайларды, ішкі және сыртқы өткізу нарығын негізге ала отырып, ауыл шаруашылығы өнімнің нақты түрлерін өндіруге Өңірлерді мамандандыру картасын әзірлеуге кірістік.

Республикамызда өңірлердің табиғи және климаттық жағдайларының, инфрақұрылымның дамуы деңгейінің, сондай-ақ шаруашылықтардың материалдық-техникалық жабдықталуының арасында айқын көрінетін айырмашылық бар екені барлықтарыңызға белгілі, бұл республика деңгейінде де, жеке алынған облыс деңгейінде де ауыл шаруашылығы өнімі өндірісінің өзіндік құнының әр түрлі болуына алып келеді.

Мұндай айырмашылықтарды елемеу тиімсіз өндірістерді қолдауға, нәтижесінде бәсекеге қабілетсіз өнім өндірісіне әкеліп соқтырады.

Өңірлерді мамандандыру картасы бізге ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру үшін мемлекеттік қолдаудың өңірлік көлемдеріне негізделген бюджеттік лимиттер белгілеу арқылы агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік саясатты саралы және неғұрлым тиімді жүргізуге мүмкіндік беретін болады. Осы Картаны әзірлеуді ағымдағы жылдың желтоқсан айында аяқтауды жоспарлап отырмыз.

СПЕЦИФИКА ОТРАСЛИ

Біздің саланың ерекшелігі сол, жұмыс орны мен тұратын жері – ауыл болып табылады. Кем дегенде, аудан орталығынан қалаға дейін жақсы жолдар керек. Білім беру, денсаулық сақтау, бос уақытты өткізу мекемелері, спортпен шұғылдану үшін инфрақұрылым қажет.

Ауылдағы осы проблемаларды шешуде денсаулықты сақтау, білім және ғылым министрліктері, спорт және дене шынықтыру істері агенттігі, облыс, аудан және ауыл әкімдіктері қатысады. Осылардың күш салу арқасында бүгінгі таңда ауылда инфрақұрылым дамып келе жатыр: мектептер, ауруханалар, бала-бақшалар, жолдар және басқалары салынып жатыр.

Бұдан басқа, өз тарапыпнан Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С. Ахметовтің тапсырмасына сәйкес «Агробизнес-2020» бағдарламасын іске асыру шеңберінде АӨК-мен сабақтас салаларды дамыту бойынша стратегиялық бағдарламалық құжаттарға түзетулер енгізу бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. Атап айтқанда, сауданы, жеңіл өнеркәсіпті, техникалық реттеуді, ауыл шаруашылығы машинасын жасауды, фармацевтикалық және химиялық өнеркәсіпті және т.б. дамыту бойынша.

ПРОЕКТ «С ДИПЛОМОМ – В СЕЛО!»

Жас мамандарды ауылдық жерлерге орнықтыру үшін Ауыл шаруашылығы министрлігі бастаған «Дипломмен ауылға!» атты бірегей жоба 5-ші жыл іске асырылуда, қазіргі уақытта осы жобаны Өңірлік даму министрлігі іске асырып жатыр.

2009 жылдан бастап республиканың ауылдық елді мекендеріне 28 237 маман тартылды.

Бұдан басқа, 2012 жылдан ветеринария саласындағы мамандарды қолдау, сондай-ақ оларға тұрғын үй салу үшін қаражат бөлу мақсатында Министрлік «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (2012 жылғы 12 қаңтарда), оның ішінде мемлекеттік қолдау шараларын қолданатын мамандар тізбесіне енгізу бөлігіне толықтырулар енгізді.

Жобаның шеңберінде ауылға келген мамандарға бір маманға 70 есе көлемінде айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әлеуметтік қолдау шаралары көрсетіледі (113,3 мың теңге) және тұрғын үй алу үшін жылдық 0,01%-бен жеңілдетілген несие түрінде 15 жылға  айлық есептік көрсеткіш көлемі 1500 еседен аспайтын (2 млн.427мың теңге) қолдау көрсетіледі.

Жалпы аталған жобаны іске асыру ауылдағы кадрлық әлеуетін тиімді жоғарлатып қана қоймай, ауылдық жерлерде нарық еңбегін дамытуға ықпал етті, келешегі бар ауылдарда тұруға жастардың қызығушылығын жоғарлатты, сөйтіп ауылдың әлеуметтік саласындағы кадрлық жетіспеушілік проблемасы шешілді.

Қорытынды соз

Бұдан басқа, жас мамандарды тарту мақсатында Ауыл шаруашылығы министрлігінің Министрлік басшыларының ауыл шаруашылығы саласында білімі бар жоғарғы оқу орындарының түлектерімен кездесуін ұйымдастыруда тәжірибесі бар екенін айта кеткім келеді. Аталған кездесулер барысында олар жұмыс бағытымен, Министрлікке жүктелген міндеттермен және функциялармен, Министрліктің құрылымымен, ведомстваларымен және оның аумақтық бөлімшелерімен, қоғамдық өмірмен, мемлекеттік қызметке қабылдану талаптарымен танысады.  

2012 жылы мемлекеттік қызмет туралы қолданыстағы заңнамаға сәйкес тиісті конкурстық рәсімдерден өткеннен кейін, мемлекеттік қызметке жоғарғы оқу орындарының 10 түлегі қабылданды.

Урбанизацияланудың, өнеркәсіп саласының немесе нано-технологияның қарқынды дамуына қарамастан ауыл шаруашылығы адам қызметтінің басты түрі болған және болып қала береді. Сондықтан, ауыл шаруашылы мамандығын таңдаған жас маман өзіне қоғамда 100 пайыздық маңыздылық пен сұранысқа ие болуға кепілдік алады! Алайда жаңа ғасырдың мамандары агрономдарға, ветеринарларға, зоотехниктерге тек агроном, зоотехник, ветеринар болып қана ескіше жұмыс істемей, заман талабына сай заманауи агротехнологияларды білулері, оларды қолдана білулері, маркетинг, экономикалық талдау, өзіндік құнын есептеу, салық салудың негіздері сияқты нарық тетіктері мен құралдарын жақсы білулері керек.

АӨК-ні жаңғырту және инновациялық даму үлгісіне көшу – бұл саланы дамытудың стратегиялық міндеттері. Оларды шешу жастардың белесінді қатысуынсыз, сіздердің энергияларыңызсыз белсенді өмірлік ұстанымдарыңызсыз мүмкін емес.

Бейінді мамандықтардан басқа аграрлық секторға дұрыс және тиімді бизнесті жүргізу үшін жоғарғы білікті экономисттер, заңгерлер, менеджерлер қажет.

Елімізге талантты, жаңашыл және креативті жастар қажет. Осы залда, тіпті ауылдық мектептердің парталарында отырған Сіздерден басқа кімге ауыл шаруашылығын дамыту міндетін шешу керек.

Сіздердің инновациялық идеяларыңыз және жобаларыңыз, Сіздердің жеке қатысуларыңыз ауылды дамыту процесін тездетеді. Тек қана алға!

Сіздер дайындаған және дәл қазір туындаған сіздердің  сұрақтарыңызға қуана жауап беремін.

  Назарларыңызға рахмет!

Баяндама слайдтары

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus