Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Баяндамалар «Егін жинаудың қорытындысы және астық нарығындағы жағдай туралы» мәселе бойынша селекторлық режимде өтетін ҚР Үкіметінің мәжілісінде ҚР Ауыл шаруашылығы министрі А.С. Мамытбековтың баяндамасы (12.11.13 ж.)

«Егін жинаудың қорытындысы және астық нарығындағы жағдай туралы» мәселе бойынша селекторлық режимде өтетін ҚР Үкіметінің мәжілісінде ҚР Ауыл шаруашылығы министрі А.С. Мамытбековтың баяндамасы (12.11.13 ж.)

Ағымдағы жылы егін жинау жұмыстары ауа райының қиын жағдайларында өтті. Шілденің екінші жартысынан бастап жауған мол жауын-шашын дәнді дақылдардың пісіп жетілуінің созылуына, егістікте белдеуліктің және қосымша өскіндердің пайда болуына, арамшөптің көбеюіне әкеліп соқтырды. Егін жинау кезеңіндегі көпжылғы орта көрсеткіштен 28-30% артатын жиі жауын-шашынға байланысты қазіргі уақытқа дейін Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарында егін жинау жұмыстары аяқталған жоқ, астық тазалау мен кептіру жұмыстарының көлемі ұлғайды.
Облыс әкімдіктерінің ауыл шаруашылығы басқармаларының жедел деректері бойынша бүгінгі таңда республика бойынша дәнді дақылдардың жиналатын алқабының 15,6 млн. гектары немесе 99,3% бастырылып, гектарына 13,3 центнер өнімділікпен бастапқы салмақпен 20,8 млн. тонна астық жиналды. Жүгерімен қоса (1,3 мың га) 114,6 мың га дәнді дақылдар алқабын жинау қалды.
Майлы дақылдар алқабының 73%, қант қызылшасының – 83%, көкөніс-бақша дақылдары мен картоптың – 97% жиналды. Мақтаны жинау ақталды.
Айта кететін жәйт, дәнді дақылдардың түсімділігі соңғы онжылдықтағы орташа деңгейден 11%-ға (гектарынан 0,7 центнерге), майлы дақылдардың – 41%-ға (гектарынан 2,6 центнерге), көкөніс дақылдарының – 11%-ға (гектарынан 23 центнерге), картоптың – 17%-ға (гектарынан 26,1 центнерге) жоғары.
Оңтүстік өңірде күріш бойынша – гектарынан 50 центнер, мақта бойынша – гектарынан 27 центнер, ал дәнді дақылдар бойынша – Шығыс Қазақстан мен Қарағанды облыстарында рекордтық түсімділікке қол жеткізілді.
Егін жинау жұмыстарын ұйымдасқан түрде өткізу үшін Үкімет пен Ауыл шаруашылығы министрлігі тарапынан тиісті шаралар қабылданды. Көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын қаржыландыруға «КазАгро» Холдингі бюджеттік несие қаражатынан ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге 53,2 млрд. теңге бөлді.
Бұдан бетер, саланы қолдауға 39 млрд. теңге шамасында субсидия бөлінді.
Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді жанар-жағар май материалдарымен және өзге де материалдық техникалық ресурстармен қамтамасыз ету мәселелері шешілді. Күзгі дала жұмыстарына бір литріне шамамен 91 теңгеге тұрақты баға бойынша 410 мың тонна дизель отыны бөлінді, бұл нарық бағасынан 10% төмен.
Бұдан басқа, астықты кептіруді ұйымдастыру үшін қосымша 41,8 мың тонна дизель отыны бөлінді.
Егін жинау алдында техниканың дайындығы жалпы санының 96% құрады.
Дәнді дақылдардың пісіп жетілуін тездету мақсатында 809 мың га алқапта жанаспа әсерлі және құрамында глифосат бар гербицидтермен егістіктерді десикациялау жүргізілді.
Ауыл шаруашылығы дақылдарының зиянкестерімен және ауруларымен күрес жөніндегі қорғау шаралары дер кезінде жүргізілді. Химиялық тәсілмен өңдеу 5,8 млн. гектардан астам алқапта жүргізілді, оның ішінде үйірлі шегірткеге қарсы – 3,7 млн. га, сұр астық көбелегіне қарсы – 0,7 млн. га, ауруларға қарсы – 1,1 млн. га алқапта.
Алайда, ылғал жеткілікті болғанына қарамастын биылғы ауа райының жағдайды күрделі болған жылда бірқатар жүйелі қиындықтар байқалды.
Бұл техниканың жетіспеушілігі, олардың тозуы және нормалы мерзімнен артық пайдаланылуы. Тракторлар мен комбайндардың жаңартылу деңгейі республика бойынша орта есеппен тиісінше 1,2% және 2,3% құрайды, ал Ақмола, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар облыстарында бұл көрсеткіш бұданда төмен.
Республика бойынша трактолар мен егін сепкіштердің 92%, комбайндардың 73% – 2003 жылға дейін шығарылғандар.
Осының салдарынан маусымдық дала жұмыстарын, атап айтқанда егін себу және жинау, дер уақытында және сапалы жүргізу сақталмайды, бұл өз кезегінде түсімділіке және өнімдерді өндіру көлеміне әсерін тигізеді.
Және осындай егін себу және жинау «үзілістермен» жүргізілетін күрделі жылдарда машина трактор паркінің жетіспеушілігі және жоғарғы тозуы егін жинаудың созылуына, осының салдарынан жоарғы жоғалтуларғы әкеледі.
Биылғы жылдан бастап техникалық қайта жарақтандыру мақсатында ауыл шаруашылғы техникасының лизингін субсидиялау бойынша бағдарлама басталды, алайда ол АШТӨ нашар ақпараттандырылуының және басқада себептердің салдарынан тек 17% ғана игерілді.
2014 жылдан 2016 жылға дейін Кеден одағының аясында Қазақстан үшін жылына 300 комбайн жеткізуге импорттық квота енгізілді. Бұл ретте жартыжылдықтың қорытындысы бойынша квотаның 70% астамын алған жағдайда оны көбейтуге мүмкіндік беріледі.
Осыған байланысты жергілікті атқарушы органдар көрсетілген квотаны алу мақсатында комбайндарды жеткізушілер, лизингілік компаниялар, қаржы иниституттары мен аграрлықтар арасында тығыз ынтымақтастықты қамтамасыз етуі қажет. Жалпы алғанда машина трактор паркін жоғарғы өнімділікті және қуатты жаңа техникамен жаңарту жөніндегі жұмыстарды күшейту керек, бұл ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің ауа райының жағдайына кіріптарлығын болдырмауға мүмкіндік береді. Кәзір, дәнді дақылдарды жинауды кім аяқтамаған? Олар техникасы жоқтар, немесе олар өте тозған, немесе кәсіпкерлігі төмен қожа. Егін себу техникасының жетіспеушілігі себу мерзімінің созылуына, бұл өз кезегінде егін жинау науқанының кешігуіне әкеледі, және бұл егін жинау техникасының жетіспеушілігінен қиындайды.
Алайда жұмыс тек техниканы көбейтуге ғана бағытталмауы керек, сонымен бірге дақылдарды әртараптандыруды қамтамасыз ету қажет. Себудің және егіннің пісіп жетілу мерзімдерінің әртүрлі болынан бұл агрегаттардың жұмысының «мерзімін» созуға, «шұғыл» кезеңдерде жүктемелікті төмендетуге мүмкіндік береді.
Осымен бірге барлық жерлерде, Қарағанды облысынан басқа, бұрынғысынша бидайды субсидиялауды жалғастыруда. Нәтижесінде, оның алқабы Ауылшармині мен облыс әкімдіктерінің арасында жасалған меморандумдардың көрсеткіштерінен Ақтөбе облысында 9%, Шығыс Қазақстан облысында – 8%, Қостанай облысында – 6% артық.
Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарында жыл сайын өз өндірістерінің есебінен тұқымға деген қажеттіліктің қамтамасыз етілмеуіне қарамастан, биылда сондай болуда, бұрынғыдағыдай егіс құрылымдарында дәнді дақылдардың үлес салмағы жоғары болып қалуды (76% және 66%).
Облыс әкімдіктеріне субсидиялауға деген көзқарасты өзгертуге және бидай өндіу шығындарын субсидиялауды алып тастау есебінен майлы, мал азықтық, жемдік астық дақылдары сияқты рентабелді және нарықта сұранысқа ие дақылдарға субсидияны көбейтуге тапсырма беруді ұсынамыз.
Жер-жерлерде алдыңғы технологияларды, топырақтың құнарлылығын арттыру бойынша жұмыстар нашар ұйымдастырылуда. Ағымдағы жылы Қостанай облысында нөлдік технологияны қолдану дәнді дақылдар егісінің тек 23%, Ақмола облысында – 12%, Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарында – бар жоғы 8% жүргізілді.
2012 жылы Солтүстік Қазақстан облысында минералды тыңайтқыштар қажетті көлемнің тек қана 3% қолданылған, Шығыс Қазақстан облысында – 2% Павлодар облысында – 1% қолданылған.
Алдағы мал қыстату науқанына дайындық, күзгі дала жұмыстарын жүргізу жөніндегі жұмыстар жалғасуда. 18,6 млн. тонна шөп дайындалды, бұл жоспардың 119% құрайды, 690,0 мың тонна пішендеме (148%), 878,0 мың тонна сүрлем (136%), 3,3 млн. тонна сабан (87%) дайындалды.
Күздік дәнді дақылдар 396,0 мың га алқапта немесе жоспардың 76% себілді, жоспарланғаннан алқаптың 66% сүдігер жыртылды, 3,4 млн. тонна (98%) сабан егістерден шығарылды.
2014 жылдың өнімі үшін 2,1 млн. тоннадан астам дәнді дақылдар тұқымы құйылды, бұл қажеттіліктің 99%. Көлемі 19,2 мың тонна болатын тұқымның тапшылығы (Ақтөбе (10,1 мың тонна) және Батыс Қазақстан (9,1 мың тонна) облыстарында күтілуде.
Облыс әкімдіктеріне тұқымды себу кондициясына жеткізу, сақталуын қамтамасыз ету, тұқым тапшылығы бар ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерін қамтамасыз ету үшін тұқымның артығын сатып алуды субсидиялауға жергілікті бюджеттен қаражат қарастыру қажет.
Астық нарығындағы жағдай жайында. Әлемдік нарықтың талдауы астық бағасының жағдайы жалпы алғанда тұрақты екенін көрсетеді.
Ағымдағы маусымда қазақстан астығы экспорты көлемінің өсуі байқалады. 1 шілдеден бастап астыққа шақандағы ұнды қоса алғанда экспортқа 2,8 млн. тонна астық экспортталды, ал егер 1 қырүйектен бастап тиелгендерді талдасақ олар 1,8 млн. тоннаны құрап, өткен маркетинг маусымының тақылеттес мерзімімен салыстырғанда 27% өскен. Экспорттағы ұнның үлесі 33% құрайды.
Алайда, жанадан ашылған «ҚазТемірТранс» АҚ балансына астық тасымалдайтын вагондардың паркін беруге байланысты астықты тасымалдау құнының 30% жалпы өсуі, сондай-ақ ұн тасымалдауғы жабық вагондардың жетіспеушілігі экспортты тежейтін факторлар болуда.
1 қазандағы жағдайы бойынша республикада 12,9 млн. тонна астық бар, оның ішінде азық-түліктік – 11,1 млн. тонна, жем азықтық – 1,1 млн. тонна, тұқымдық – 0,7 млн. тонна, Азық-түлік келісім шарт корпорациясында – 2,1 млн. тонна.
Астық қабылдау кәсіпорындардың жүктемелігі 37% құрайды, оның ішінде солтүстік аймақтарғы ӘҚК – 38%. Жаңа егіннің астығын сақтауда қиындықтар болмауы тиіс. Осымен бірге жергілікті атқарушы органдарға сақтау қуаттылықтарының тапшылығы бар ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге өндірілген өнімнің сандық-сапалық сақталуын қамтамасыз етуге, оның ішінде сақтаудың баламалы әдістерін қолдану, тікелей ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерде астық сақтау қоймаларын салуды ұйымдастыру арқылы көмек көрсету қажет.
2013 жылғы өнімінен мемлекеттік ресурстарына астықты сатып алу 188,6 мың тонна көлемінде жүзеге асырылады (тек мемлекеттік азық-түлік қорын жаңарту мақсатында ғана). Сатып алу бағасы ҚҚС төлеушілерге 1 тоннасына 28000 теңге.
Ішкі нарықтағы астықтың бағасы аймақтардағы ішкі нарықты реттеу және 1 сұрыпты ұн және нан бағасын тұрақтандыру үшін Азық-түлік корпорациясының астығын жеткізу бойынша 2013 жылдың 1 тамызына дейін қолданылған Меморандумдармен көзделген деңгейде болуын ескере отырып, әкімдіктерге әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациялар арқылы наубайханаларды ұнмен қамтамасыз ету үшін ұн тарту кәсіпорындармен астықты еркін нарықтан сатып алуын ұйымдастыруын ұсынамыз.

Слайдтар

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus