Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Баяндамалар Ауыл шаруашылығы министрі А. Мамытбековтың баяндамасы: «Жерді мелиорациялаудың проблемалары және оларды шешу жолдары»

Ауыл шаруашылығы министрі А. Мамытбековтың баяндамасы: «Жерді мелиорациялаудың проблемалары және оларды шешу жолдары»

Мәтін

Слайдтар

 

Құрметті Қабиболла Қабенұлы,

Құрметті ел қалаулылары,құрметті мәжіліске қатысушылар!

 

Тәуекелі жоғары егіншілік аумағында орналасқан Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы үшін кепілді өнім алу – әрқашан өзекті мәселе.

Біздің еліміздің көптеген аймақтарында  жыл бойына табиғи жауын-шашынның түсуі және маусым ара бөлінуі көптеген дақылдардың суға деген сұранысын қамтамасыз етпейтінін ескере отырып, суарусыз тұрақты өнім алу – проблемалы.

Көп жағдайда,оғансуармалы жерлерде ғана қол жеткізуге болады. Суармалы жерлер саланың қолайсызауа-райы жағдайына тәуелділігін төмендетуге мүмкіндік береді, тұрақты ауыл шаруашылығы өндірісін қамтамасыз етеді. Бұл – өсімдіктің бірқалыпты дамуының негізгі маңызды жағдайларының бірі, топырақтың ылғалдылығын толық реттеу мүмкіндігімен түсіндіріледі.

Қазақстанда қазіргі жағдайда суарудың заманауи әдістерін пайдалану және агротехнологияны сақтау арқылы жоғары өнім алу мысалдары бар. Мысалға, кейбір шаруашылықтарда сүрлемдік жүгерінің өнімділігі 400 ц/га жеткізілген (жаңбырлатып суару жүйесімен). Атап өту керек, еліміз бойынша осы дақылдың орташа өнімділігі – 113,7 ц/га  құрайды, ал тәлімжердегі  гектардың өнімділігі 40 центнер.

Осылайша, біздің құрғақшылық егіншілік жағдайымызда суармалы жерлерді қалпына келтіру және дамыту – өте маңызды. Мұны суармалы егіншілік беретін сол өнімділік мысалдарымен көрсетуге болады.

Егер, мысалы тәлімжерде әрбір гектардан орташа 40-50 мың. теңгенің өнімі өндірілсе, суармалы жерлерде жеке дақылдардан заманауи суару технологиялары арқылы 1 гектардан 500-600 мың. теңгенің өнімін алуға болады.

Сондықтан, біздің елімізде 1990 жылдың басында болған, 2,1 млн. га суармалы жерлерді толық дәрежеде және тиімді пайдаланатын болсақ, тек қана суару арқылы 1 млрд. теңгенің өнімін алуға болады. Егер, 2008-2012 жылдар аралығында орташа есеппен өсімдік шаруашылығы саласында жыл сайын 950 млрд. теңгенің өнімі өндірілсе, онда суармалы жерлер – Қазақстан ауыл шаруашылығының «алтын қоры» болып табылады.

Сондықтан суармалы жерлердің мелиоративтік жай-күйі – бүгінгі таңда күн тәртібіндегі бірден-бір маңызды мәселе.

 

 

 

 

 

Слайд 1

(Бастапқы беті)

Мемлекет Басшысының Жарлығына сәйкес Қоршаған ортаны қорғау министрлігіне Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінен жерді гидромелиорациялау мақсатында су пайдаланушыларға немесе олардың бірлестіктеріне дейін су жеткізу және бұру функциялар мен өкілеттіктері берілді.

Ауыл шаруашылығы мелиорациясын дамыту, атап айтқанда, суармалы жерлер және суүнемдегіш технологияларды дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру, мелиорация саласын мемлекеттік қолдау шараларын әзірлеу, суармалы жерлерді пайдаланудың мониторингі, сонымен қатар, норматившығарушылықмәселесі,бұрынғынша Ауыл шаруашылығы министрлігінің құзырында қалды.

Осыған байланысты, суармалы жерлерді дамыту бойынша тұжырымдамалық көзқарастарымды ұсынғым келеді.

Слайд 2

 Өкілеттіктердің ара жігін ажырату

Қазақстандағы су ресурстарының көлемі 100,5 км3 құрайды, оның 56% (56,6 км3) – республика аумағында қалыптасады, ал қалған 44% (43,9 км3) – іргелес аумақтардан келеді.

Бұл ретте, жалпы су көлемінің 42%-ы немесе 42,6 км3– пайдалануға жарамды.(Анықтама: Қалған 42,4 км3 іргелес аумақтарға ағып кетеді және 15,5 км3 жерге сіңеді және ауаға буланады).

Жыл сайын жылдың сулылығын, су обьектілерінің экологиялық және санитарлық-эпидемиологиялық жағдайын ескере отырып, су тұтынудың лимиті калыптастырылады.

2012 жылы экономиканың салалары бойынша су тұтыну лимиті – 26,7 км3 құрады, оның нақты 18,4 км3 (69%) – пайдаланылды.

Слайд 3

Қазақстан Республикасының су ресурстары

Ауыл шаруашылығы – негізгі су тұтынушы болып табылады, ол – жыл сайын көрсетілген су ресурстары көлемінің 60%-дан астамын немесе 10,2 км3 тұтынады.

Үдемелі кезеңдегі су ресурстарының өсіп келе жатқан тапшылығы жағдайында суармалы жерлерді ұтымды және тиімді пайдалану мәселесіне- су саясатында басымдылық берілуі тиіс.

Слайд 4

Экономика салалары бойынша су тұтыну

Суармалы жерлерді сумен қамтамасыз ету жүйелерінің жұмыс атқару жүйесі төмендегідей нұсқада көрініс табады:

су көздерінен магистралдық канал арқылы су – шаруашылықаралық каналдарға жеткізіледі. Қазіргі кезеңде, бұл каналдар «Қазсушар» РМК, сол сияқты коммуналдық, сонымен қатар жеке меншік құзырына жатады. Өз кезегінде, тиісті пайдалануды қамтамасыз ету үшін оларды «Қазсушар» РМК-на топтау тенденциясы бар;

шаруашылықаралық каналдар суармалы суды нақты ауылшаруашылығы тауар өндірушілеріне, яғни егіс алқаптарына жеткізуді қамтамасыз етеді. Көп жағдайларда, бұл каналдар коммуналдық меншікте және жеке меншікте болады;

ішкішаруашылық жүйелері және суару жүйелері өсімдіктерді суаруға қажетті судың егіс алқаптарында біркелкі таралуын қамтамасыз етеді.  Бұл жүйелер – өз ретінде АШТӨ құзырына жатады.

Сонымен бірге, жоғарыда көрсетілген барлық су қамтамасыз ету жүйелерінің анағұрлым бөлігі – қараусыз жағдайда.

Слайд 5

Ауыл шаруашылығын сумен қамтамасыз ету жүйелерінің жұмыс істеу сызбасы

 

90-шы жылдардың басында суармалы жерлер нақты 2,1 млн. га көлемді  немесе егістіктің 6,7 пайызын құрайды және өсімдік шаруашылығы саласының жалпы өнімінің 30 пайыздан астамын өндіруді қамтамасыз етті.

Слайд 6

Суарламы жерлерден өндірілген өнімдербойынша деректер

Қазіргі таңда статистикалық мәліметтерге сүйенсек, республикадағы суармалы жерлердің көлемі – 1,5 млн. гектарға жуықтықұрайды, бұл жалпы өсімдік шаруашылығы өнімінің тек 5,9 пайызын қамтамасыз етеді, яғни суармалы жерлердің алаңы – 2,1 млн. гектардан 1,4 млн. гектарға дейін қысқарып қана қоймай, олардың өнімділігі де төмендеген.

Кейбір облыстарда суармалы жерлердің көлемі күрт қысқарған. Мысалы, Ақмола облысында – 95 пайызға, Костанайоблысында – 80 пайызға, Шығыс Қазақстаноблысында – 60 пайызға, Алматы облысында -11 пайызға, Жамбыл облысында – 32,7 пайызға, Қызылорда облысында – 23,7 пайызға және Оңтүстік Қазақстан облысында – 16,8 пайызға қысқарған.

Слайд 7

Үнемі суарылатын алаңдар

Слайд 8

Облыстар бойынша суландыру

Слайд 9

Пайдаланылмайтын суармалы жерлер және оның себептері

Суармалы жерді пайдаланудың маңызды көрсеткіші – суармалы судың өнімділігі, яғни әрбір берілген судың текше метріненалынған өнімнің шығымдылығы болып табылады.

Шет мемлекеттерде 1 текше метр судың өнімділігі – 2,5-6,0 кг құраса, бізде ол 0,8 кг-нан аспайды.

Яғни, гидромелиоративтік жүйелердің техникалық жағдайының нашарлауы және тозу процесстері, сондай-ақ, жаңа суару технологияларыненгізу деңгейінің төмендігі қалған суармалы жерлердің өнімділігіне әсерін тигізді.

Осыған орай, суармалы жерлердегі ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігі бойынша Қазақстан фермерлері, шетелдіктерден 2-4 рет аз.

Слайд 10

Өнім бірлігіне арналған суармалы судың өнімділігі мен шығыны

 

Мысалы, Қазақстанда суармалы жерлердегі қант қызылшасының өнімділігі
20 т/га құраса, АҚШ-да – 47 т/га. Израилде мақтаның өнімділігі – біздің отандық өнімнен 2,6 есе (ҚР-1,8 т/га, Израилде – 4,8 т/га), көкөніс дақылдары бойынша – 4 есеге жуық (ҚР-21,3 т/га, Израилде – 80 т/га) жоғары.

Дегенмен, Қазақстанда да тиісті инженерлік қамтамасыз етілген және замануи технологияларды енгізу жағдайында көрсетілген елдерден төмен емес өнім алуға мүмкіндік бар.

Мысалы, ОҚО Арыс ауданы «Жаңа Ақдала» агрофирмасында су үнемдеу және қазіргі заманғы технологияларды қолдану – қызанақтың жоғары өнімін – 70 т/га алуға мүмкіндік берді, ОҚО Түркістан ауданындағы «Хлопкопром» ЖШС-гі гектарына 60 центнер мақта өнімін алды.

Яғни, АШТӨ-де су үнемдеу технологияларын пайдалану, гидромелиоративтік жүйелерді кешенді қайта жаңартуды жүргізу және басқа да агротехнологияларды пайдалану есебінен а/ш өнімдерінің өнімділігін айтарлықтай арттыруға мүмкіндік бар.

Слайд 11

Басқа елдермен салыстырғандағы суармалы жерлердегі ауыл шаруашылығы дақылдарының орташа өнімділігі

 

Суармалы жерлер көлемінің қысқаруының және өнімділігінің төмендеуінің себептері мыналар:

Су шаруашылығы бойынша:

Бірінші: Өтпелі кезеңде (90 жылдары) ірі шаруашылықтарды ұсақ шаруа қожалықтарына бөлу нәтижесінде барлық бұрынғы шаруашылықішілік гидромелиоративтік инфрақұрылымдар иесіз және тиісті техникалық күтіп-баптаусыз қалды.

Мұның бәрі – суару және дренаж жүйелерінің қарқынды түрде тозуына және жерлердің экологиялық-мелиоративтік жай-күйінің нашарлауына әкелді.

Нәтижесінде, 700 мың гектар суармалы жер пайдалану айналымынан шығып қалды.

Айта кету керек, суару және дренаждық жүйелердің 50%-дан астам тозуы – елдің оңтүстік облыстарында (Алматы, Жамбыл, Қызылорда және ОҚО) байқалады, ал Павлодар, Батыс Қазақстан және Атырау облыстарында – бұл көрсеткіш 100 %-ға жеткен.

Тасымалдау кезіндегі судың көп шығыны және ПӘК төмендігі – каналдардың қанағаттанарлықсыз техникалық жай-күйінің тікелей нәтижесі болып табылады.

Сумен қамтамасыз ету жүйесінің пайдалы әсер коэффициенті 0,45-0,5-тен аспайтындығын жүргізілген мониторингі көрсетіп отыр. Бүгінгі таңда су жүйелері арқылы ағатын судың 50-55 пайызы ғана егістікке барады (Жамбыл облысындағы3,95 млрд. м3барлық жер беті су ресурстарынан 154,2 мың гектарға 1,35 млрд. текше метрден артық су жұмсалған).

 

Тік кәрізді ұңғымалардың жағдайы және пайдаланылуы – өткір мәселе болып отыр, оның 98 пайызы – қалпына келтіруді қажет етеді. Кәріздік жүйелермен қамтамасыз етілмеу салдарынан тұздалған жер асты суларын көтеру кезінде суармалы жерлер батпақтанады және қайта тұзданады.

Екінші. Қазіргі таңда мемлекет және жеке инвестициялар деңгейі  де жеткіліксіз.

Жыл сайынғы мемлекеттік бюджеттен су шаруашылығы жүйелерін ағымдағы жөндеу және қалпына келтіруге бөлінетін қаржы тек оларды пайдаланудың ең төменгі талаптарының деңгейінде ұстауға мүмкіндік береді, бірақ мелиоративтік проблемаларды толық көлемде шешпейді.

Негізінен қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады. Жергілікті бюджеттердің шектеулі мүмкіншіліктеріне байланысты, қаржыландыру бұл мақсаттарға жүзеге асырылмайды (кейбір облыстарды қоспағанда, әсіресе Оңтүстік Қазақстан облысы).

Жеке сектор, сирек жағдайларды қоспағанда, іс жүзінде инвестиция салмайды.

Слайд 12

Суармалы жерлердің гидромелиоративтік жай-күйінің нашарлау және өнімділіктің төмендеу себептері

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Слайд 13

Суару және су бұру арналарының техникалық жай-күйі

 

Үшінші. Тарифтердің төменгі деңгейіне байланысты ауылшаруашылығы тауар өндірушілерінің суды үнемдеуге ынтасының жоқтығы.

Мысалы, оңтүстік облыстарда 1 текше метр су – ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін арзанға түсіп отыр:

  • ОҚО – 0,5 теңге/текше,
  • Жамбыл облысында – 0,2 теңге/текше,
  • Қызылорда облысында – 0,2 теңге/текше,

Егер өнімнің өзіндік құнындағы судың үлес құнын айтатын болсақ, бұл өте аз:

  • ОҚО – мысалы мақта өсіруде – 1,3% (есеп: 1 гектардағы өнімнің өзіндік құны 130 000 теңгеге тең, бұл ретте суару нормасы 3500 м3/га құрайды. Судың құны 3500*0,5теңге=1750 теңгеге тең. Сонда өнімнің өзіндік құнындағы судың үлесі 1750теңге/130000 теңге*100=1,3%),

Слайд 14

Су құнын талдау

  • Қызылорда облысында – мысалы күріш өсіруде – 4,4% (есеп: 1 гектарға өнімнің өзіндік құны – 160 000 теңге тең, бұл ретте нақты суару нормасы – 35000 м3/га құрайды. Судың құны – 35000*0,2теңге=7000 теңгеге тең. Сонда, өнімнің өзіндік құнындағы су құнының үлесі 7000 теңге/160 000 теңге*100=4,4%),

Тарифтердің төмен болуы – оған тек су шаруашылығы ғимараттарын ұстауға ағымдағы шығындар қаралғандығын және оны күрделі жөндеуден өткізу және қайта құруға қаржы қаралмағандығын атап өткен жөн.

Бұл ретте, тарифтердің төмен болуына байланысты, сонымен қатар өнімнің өзіндік құнының ішіндегі су құнының үлес салмағы мардымсыз, оған қарамай мемлекет тарапынан су беру жөніндегі қызметтердің құны субсидиялануда.

Су құнының төмендігі – ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді үнемдеу технологияларын енгізуге, сондай-ақ суармалы жүйелерді жоғалтып алмас үшін оларды қайта жаңғырту жүргізуге ынталандырмайды. Көлемі 90 пайыздан астам егістік алқаптарындағы қарапайым технологиялар су эрозиясының, басқа да негативті процестердің дамуына және топырақтың сортаңдануына әкеліп соғады. Төменгі тарифтер жаңа инвестициялардың кіруіне мүмкіндік бермейді. 

Павлодар облысындағы мысал, мүлдем қарама қайшы болып отыр. Мұнда АШТӨ үшін судың 1 шаршы метрінің құны – 16 теңгені құрайды. Сондықтан, бұл жерде суды үнемдеуге ұқыпты қарайды. Мысалы, 2012 жылдың ішінде облыста 27400 гектар алаңға заманауи суару жүйесі (тамшылатып, жаңбырлатып) енгізілді.

Сонымен, су шығынын үнемдеуді қамтамасыз етуді және  шаруашылықаралық ирригациялық жүйелерге инвестицияларды тартудың жалғыз тетігі – барабар нарық тарифтерін орнату болып табылады.

 

Төртінші.

Мемлекет тарапынан суармалы жерлердің жағдайын бақылау жүйесінің жоқтығы – мелиоративтік жұмыстардың орындалмауына алып келеді. (егіс алқаптарын ағымдағы және күрделі тегістеу, жерлерді шаю, топырақты терең қопсыту).

Бұл проблема Қазақстан Республикасы Парламентінде заңнамалық қамтамасыз етілуі пысықталып жатқан,  жерді ұтымды пайдалануды қамтамасыз ету бойынша шараларымен бірге шешілуі тиіс.

 

Бұл – суармалы жерлерді қалпына келтіру бойынша белсенді шаралар қабылдаудың қажеттілігін растайды.

Осы жерлерді қалпына келтіруге және айналымға тартуға тұжырымдық әдісті айқындау үшін, алдымен осы салаға қандай инвестициялардың қажет екенін көрейік.

1 гектар жаңа суармалы жерлерді игеруге шамамен 1,46 млн. теңге керек, тиісінше айналымнан шыққан ауданы 700 мың. гектар суармалы жерлерді қалпына келтіру үшін шамамен 1,0 трлн. теңге қаржы қажет.

Пайдаланылып жатқан жерлерде гидромелиоративтік жүйелерді кешенді қайта жаңарту үшін шамамен 924 млрд. теңге қаржы керек. (анықтамалық: 660,0 мың. теңге *1,4 млн. га)

Тиісінше ауданы 2,1 млн. га (1990-шы жылдардағы деңгей) суармалы жерді толыққанды ауыл шаруашылығы айналымына енгізу үшін, шамамен 1,9 трлн. теңге қажет. Яғни, жылына 20 млрд. теңге бөле отырып, біз су шаруашылығы құрылыстары мен ирригациялық жүйелерді шамамен 100 жыл жөндейтін боламыз. Осы құрылыстардың тозуын және істен шығуын есепке ала отырып, осындай әдіспен орта мерзімді перспективада қолда бар суармалы егіншіліктің көлемін сақтай алмау қауіпі бар.

         Ол жерлерді қалпына келтірудің және айналымға енгізудің тұжырымдамалық әдістемесін анықтау үшін су шаруашылығы жүйелерін жаңарту және жөндеу – едәуір  күрделі қаржыны қажет ететін іс-шаралар екенін түсінуіміз керек.

Алдын ала есептерге қарағанда, айналымнан шыққан 0,7 млн. га көлеміндегі жерлерді қалпына келтіруге және пайдаланудағы 1,4 млн. га суармалы жерлердің гидромелиоративтік жүйелерін жаңарту және жөндеуге 2013 жылдың бағасымен               1,5 трлн. теңге қажет.

Яғни, мемлекеттік бюджеттен ағымдағы көлемде қаржы бөлу арқылы біздер су шаруашылығы құрылыстарын және су жүйелерін 50-70 жыл шамасындай уақытта жөндейміз. Құрылыстардың тозуы мен істен шығуын ескеретін болсақ, мұндай қатынаспен орта мерзімді келешекте қолдағы бар суармалы жерлер көлемін сақтай алмау қаупі бар.

Дегенмен, бюджеттің шектеулі мүмкіншілігіне байланысты, бұл жұмыстарды мемлекет есебінен қаржыландыруға ешқандай мүмкіндік жоқ.

Сондықтан шаруашылықаралық мелиоративтік жүйелерді қалпына келтіру іс-шараларын қаржыландыруға басқа көздерін тарту оның ішінде, заем тарту қажеттігі белгілі болып отыр.

Егер қаржыны қайтаруға  кепілдік болмаған жағдайда, инвестиция тарту мүмкін емес. шаруашылықаралық жүйелерді дамытуды ынталандыруға тек адекватты тариф саясатын қамтамасыз етуге болады. Жұмсақ шартпен ұзақмерзімді қаржыландыру ұсына алатын Дүниежүзілік Банк, АБР, JBIC және басқа да институттардың қаржыларын тартумен мемлекеттік қарыз алу арқылы бұл шығындарды тариф арқылы қаржыны қайтару жүзеге асырылады. Яғни, қазіргі таңдағы түсім мөлшері шектелген мемлекеттік бюджеттің мүмкіншілігі кеңейеді. 

Сонымен бірге, мұндай қаржыландыру жүйесі – жеке инвесторларды тартуға мүмкіндік береді.

Бұл жұмыстарды қайта құру және жөндеу бойынша ұйғарылған қаржыландыру схемасы көрсетілген.

Егер мемлекет тарифтің нарық деңгейіне кепілдік берсе, ықтимал инвестор бұл шығындарды қаржыландыру үшін инвестицияны жүзеге асырады.

Инвестор бұл жұмыстарды толық аяқтағаннан кейін, ауылшаруашылығы тауар өндірушілерге шығынсыз су беруге кепілдік береді.

Ауылшаруашылығы тауар өндірушілер су беруге кепілдігін ескере отырып, өнімнің рентабелді түрлерінің өндірісіне инвестиция құя алады.

Бұл ретте, тарифтің жоғарғы деңгейі ауылшаруашылығы тауар өндірушілерін суарудың прогрессивті әдістерін ендіруге ынталандырады. Сонымен қатар, тариф құнына дренаж және су бұруды қосу, топырақтың мелиоративтік жағдайының нашарлауын жібермейді.

Қолданыстағы заңнамалық база бұл салаға инвестиция тартуға мүмкіндік беретіндігін атап өткен жөн. Бұл – «Концессия туралы» ҚР Заңы, сонымен бірге, «Жобалық қаржыландыру және секьюритизация туралы» ҚР Заңы.

Кейбір жағдайларда, судың тарифі  ауылшаруашылығы тауар өндірушілеріне ауырлық болған жағдайда, мемлекет су беру жөніндегі қызметтердің құнын субсидиялауы мүмкін.

 

 

 

 

Слайд 15

Шығындардың есебі

 

Слайд 16

Ұсынылатын механизм

 

Егер шаруашылықішілік жүйелерді мелиоративтік техникамен және заманауи жүйелермен қамтамасыз ету туралы айтатын болсақ, онда бұл жерде Агробизнес-2020 бағдарламасында қазіргі уақытта суармалы жерлердің 10%-на ғана енгізілген су үнемдеу технологияларын енгізуді ынталандырудың бірқатар тетіктері қарастырылған.

2014 жылдан бастап «Агробизнес 2020» бағдарламасының шеңберінде ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің тапшылатып және жаңбырлатып суаруға арналған жабдықты сатып алу шығынының бір бөлігін өтеуді болжайтын инвестициялық субсидиялауды мемлекеттік қолдау шарасы қарастырылады. (Анықтамалық: Инвестициялық субсидиялаудың шығыны Бағдарламаны іске асырудың 7 жыл ішінде (2014-2020жж) 196 млрд. теңгені құрайды).

Осы шара жаңа технологияларды қолдану алаңын 10%-ға, яғни шамамен             230 мың гектарға (2020 жылға тамшылатып суаруды – 90 мың га және жаңбырлатуды – 140 мың га) ұлғайтуға мүмкіндік береді.

Осы жерде ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерінің заманауи технологияларды енгізуге тікелей пайдасы бар. Егер, агротехнологияның дәстүрлі тәсілін қолданған жағдайда, түсімділік: мақта – 20 ц/га, күріш – 25ц/га құрайды, ал су үнемдеу технологиясын заманауи агротехнологиялармен бірге кешенде енгізген жағдайда: мақта – 60 ц/га, күріш – 50 ц/га құрайды. Яғни, өнімділік және таза пайда 2-3 есе артады.

Заманауи технологиялармен суарған, сондай-ақ суды ұтымды пайдаланған (яғни шығын жоқ) кездегі түсімділіктің өсуін есептей отырып, бірнеше жылда шығындардың орны толады деуге болады.

Мысалы мақтаны алып қарайық: бір гектарға 750 000 теңге қаржыны салған кезде, (ең қымбат еуропалық және Израильдік технология бойынша) шаруа бірінші жылы 4 тоннадан артық түсім алады немесе пайда 300 мың теңгеден артық. Сонымен, шығыстардың орны – пайдалану шығындарын ескере отырып, 3-4 жыл ішінде толады (арзандау Қытай және Түрік аналогтарын ендірген жағдайда, шығындар 1 жылда өтеуге болады).

Бұдан басқа, су шаруашылығы жұмыстарының тиімділігін арттыру – оның ішінде мелиоративтік техниканың қол жетімділігін қамтамасыз ету мақсатында бағдарлама шеңберінде лизинг бойынша пайыздық ставкаларды субсидиялау қарастырылған.

 

Слайд 17

 

Агробизнес-2020 бағдарламасы бойынша шаралар

Бұл жерде, су тұтыну көлемі екі кезеңде де төмендейтінін назарға алу керек: егіске дейін қайта жаңартылған жүйелерде аз шығынмен жеткізген кезде, сондай-ақ суарудың су үнемдеу жүйесін пайдалануды есепке ала отырып, суару кезінде. Алдын ала есептеу кезінде, су тұтыну – 3-4 есеге төмендейді, яғни тарифті ұлғайту – шаруаның суға жұмсаған шығысын тікелей пропорционалды ұлғайтуға әкеліп соқпайды.

Жалпы суды тұтынуды төмендету – экологияға қолайлы әсер етеді, сондай-ақ суғаруға ауыл шаруашылығы жерлерінің қосымша алаңдарын тартуға мүмкіндік береді.

 

Мелиорация жүйесін дамыту мәселелерін пысықтаған кезде – біз шетелдердің тәжірибесін зерделедік. Әлемдік тәжірибеде, мелиоративтік жұмысты мемлекеттік қаржыландырудың әртүрлі әдістері бар.

Қытайда су обьектілерінің көлеміне байланысты қаржыландырудың тиімді жүйесі пайдаланылады: қаражаттың 30 % – мемлекет бөледі, 30-40% – аймақ және 30% – су тұтынушы шаруа бөледі. Яғни, Қытайда, асылында, бізде ішкі су жүйелерін қалпына келтіру, мелиоративтік техника сатып алу және суару жүйелерін ендіруге қарастырылып жатқан, мемлекет инвестициялық субсидия бөледі.

Японияда фермерлерді қаржыландырудың көзі құрылыс аяқталғаннан кейін төлеу мерзімі екі жылға шегерілген 3,5-5,5 %-бен 15 жылға берілетін ұзақ мерзімді несиелер болып табылады. Пайдалану шығындарын фермерлер көтереді. Яғни, мемлекет осы жұмыстарды ақысыз қаржыландырмайды, себебі осы шығыстар осындай дамыған ел үшін шамадан тыс шығын болып саналады.

Сонымен, көзделген тәсілдер – нарықты болып табылады және әлемдік тәжірибемен расталып отырғанын атап өтуге болады.

Слайд 18

мелиоративтік жұмыстарды инвестициялаудың әлемдік тәжірибесі

 

Жоғарыда аталғаннан басқа, су пайдаланушыларды кооперативке және қауымдастыққа бірлестіру есебінен ортақ пайдаланудың мелиоративтік объектілерін басқару және пайдалану мәселелерінде су тұтынушылардың өздерінің ролін белсендіру қажет.

Бүгінгі таңда республикада шамамен 457 су тұтынушылардың селолық тұтыну кооперативі (бұдан әрі – ССТК) тіркелген, олар 715 мың гектар жерге қызмет көрсетеді немесе республиканың суармалы қорынан 33%-нан артық.

Алайда, ССТК қажетті кадрлармен және мелиоративтік техникалармен жарақталмаған, әлсіз мемлекеттік қолдау, нормативтік құқықтық базасы толық жұмыс істемейді. Сондықтан да бұрынғы ішкішаруашылық жүйесі деңгейінде суармалы және дренаж желілерін механикалық тазалау және жөндеу, гидротехникалық құрылыстарды қалпына келтіру бойынша жұмыстар орындалмай отыр.

Суару суын үнемдеуді ынталандыру ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерін қазіргі таңдағы су шығындарын жібермеу үшін бірігуге итермелейді. Мемлекет бұл үшін тек тиісті заңнамалық база қажет:

–      Кооператив мүшелерінің оның басшыларына сенімсіздігін жою үшін кооператив қызметінің айқындығын қамтамасыз ету; Бұл жерде, аудит бойынша қызмет құнын субсидиялау жорамалданады;

–      Кооператив басқару органдарымен шешім қабылдаудың айқын механизмдерін құру;

–       Су пайдаланушылар кооперативтерін құру кезінде бюрократиялық кедергілерді азайту.

Слайд 19

Кооперативтер

 

 

Баяндамамды түйіндей келе, болжанатын тәсілдер осы саладағы кәсіпкерлік ортаның жауапкершілігін артыруға, суды үнемдеп және ұтымды пайдалануға шақыратынын айта кеткім келеді.

Бұл ретте, мемлекет ауыл шаруашылығы мақсаттары үшін суды тиімді пайдаланатын жүйелер құру керек, бұл – өнімді барынша өндіруге мүмкіндік береді.

Айналымнан шығып қалған суармалы жерлерді іске қосу, сонымен қатар заманауи су ресурстарын пайдалану технологияларын ендіру келесі оң нәтижелерді береді:

  • Су шаруашылығы жүйелерін тиісті жағдайға келтіру;
  • Ауыл шаруашылығы айналымынан шығып қалған жерлерді қалпына келтіру;
  • 2,1 млн.гектарға дейінгі суармалы жерді сумен қамтамасыз ету. Бұл жөнінде Кеңес одағы кезеңінде су шығыны көп суару технологияларына шектеу болғандығын атап өткен жөн. Перспективада заманауи суару технологияларын ендіруге байланысты суару алқаптарын айтарлықтай арттыруға болады;
  • ауылшаруашылығы дақылдарының өнімін 2-4 есе арттыру;
  • суару кезінде су шығынын 3-4 есе азайту;
  • өсімдік өнімінің өндірісін көлемін іс жүзінде 2 есе арттыру;
  •  өсімдіктің жалпы өнімінде суармалы егістіктің үлесін 50 пайызға жеткізу.

Қазіргі таңда мұндай көзқарастар Ауыл шаруашылығы министрлігінде Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің «Қазақстан Республикасының 2014-2040 жылға арналған су ресурстарын басқару» Мемлекеттік бағдарламасында пысықталуда және Үкіметпен мақұлданатынына үміттенеміз. 

Тұтас алғанда, депутаттық корпус тарапынан қолдау болған кезде, ұсынылып отырған шаралар – суармалы егіншілікті дамытуда мемлекет пен жеке сектордың күшін біріктіруге мүмкіндік береді деп ойлаймыз.

Назар аударғандарыңызға, рақмет.

Слайд 20

Күтілетін нәтижелер

Мұқабасы

 

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus