Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет АӨК туралы басылымдар Қырылған киіктердің жалпы саны 85 мыңға жетті – АШМ вице-минестрі

Қырылған киіктердің жалпы саны 85 мыңға жетті – АШМ вице-минестрі

235bff
Қостанай облысында киіктер неге қырылып жатқанын анықтау үшін Білім және ғылым министрлігі биологиялық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу институтының жанынан арнайы комиссия құрылды. Бұл туралы бүгін Ауыл шаруашылығы министрлігінде өткен шұғыл брифинг барысында осы ведомствоның вице-министрі Ерлан Нысанбаев мәлім етті, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.
«Арнайы комиссия бүгін Қостанай өңіріне кетті. Алдымыздағы аптада біраз жұмыс атқарып, қорытындысын тағы жариялайтын боламыз»,-деді Е.Нысанбаев.

Вице-министр бұған дейін де киіктер қырылған ауыр кезеңдер болғанын еске салды.

«1984 жылы Орал өңірінде 250 мың бас қырылған. 1988 жылы тағы осы Қостанайдың жазығында пастереллез ауруынан 400-ден астам киікті жоғалттық. Өздеріңіз білесіздер, 2010 жылы 11 920 бас киік қырылды, 2011 жылы Қостанайда 441 бас, келесі жылы Қостанайда 900 бастай киік қырылған. 2011 жылдан бері осы ауру бәсеңдеп, бір де бір киік өлмеген еді…»,-деді вице-министр.
Кенжекей ТОҚТАМҰРАТ

Источник: http://bnews.kz/kk/news/post/266855/

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus